Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 30.01 Kb.

бет34/40
Дата22.12.2016
өлшемі30.01 Kb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40

 
Әдебиеттер: 
1.
 
Оралбай Н., Құрманәлиев К., Балтабаева Ж. Қазақ тілінің сөзжасамы. –
Алматы: Інжу-Маржан баспаханасы, 2014. – 290 б. 
2.
 
Балақаев М., Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алма-
Ата: Ғылым, 1989. – 365 б. 
3.
 
Уикипедия ашық энциклопедиясы. – Интернет ресурс. 
4.
 
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы.  –  Алматы: Арыс, 2002. – 330 б. 
5.
 
Қазақ грамматикасы.  Сын есім сөзжасамы, – Астана, 2002. – 345 б. 
6.
 
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология.  – Алматы, 1974. – 256 б. 
 
Бугыбаева Ж.Б. 
Структуры словообразования и топонимообразования 
В статье говорится о том, что все названия, имена собственные, названия местностей в 
нашем  языке  образуется  по  законам  словообразования.  Однако,  хоть  и  структуры 
топонимообразования  образуется  основываясь    на  структуры  словообразования, 
анализирована  необходимость  наличия,  и  своих  требований  у  топонимообразующей 
структуры.  
Ключевые  слова:  словообразования,    структура  словообразования,  структура 
топонимообразования,  способы  словообразования,  суффиксы  словобразования,  суффикы 
топонимообразования. 
 
 
 
 
 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
289 
Bugybayeva Zh.В. 
Word Formation and Toponym Formation structures 
The  article  states  that  all  names,  proper  names,  place  names  in  our  language  is  formed 
according to the laws of word formation. However,  toponym forming structure  formed based on the 
structure of word formation, there analyzed their own toponym forming structure. 
Keywords:  word  formation,    word  formation  structure,  toponym  formation,  toponym 
formation  structure,  methods  of  word  formation,  word  formation  suffixes,  toponym  formation 
suffixes.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
290 
ТАРИХ           ИСТОРИЯ            HISTORY 
 
 
ӘОЖ: 82-131(574) 
Мұсаев А.М.  филология ғылымдарының докторы,  
профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік 
университеті  
(Ақтөбе қ., Қазақстан) 
E-mail: zholzhanova_g@mail.ru 
 
БҰҚАРБАЙ ЕСТЕКБАЙҰЛЫ ЖӘНЕ ҰЛТ АЗАТТЫҒЫ 
ҚОЗҒАЛЫСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Аннотация. Мақалада Бұқарбай батырдың ерліктері сөз болады.  
Кілт  сөздер:  Көтеріліс,  Табын,  Кенесары  Қасымұлы,  Ақмола,  Жоламан  Тіленшіұлы, 
Торғай, Ырғыз, Нысанбай жырау, Майтөбе, Қарабөгет.  
 
Қазақ халқының азаттығы жолындағы күресте Кіші жүздегі Жетірудың бір 
тармағы  Табындар  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт  азаттық  қозғалысына 
белсене  қатысты.  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  көтеріліс  19  ғасырдың  30-40 
жылдарындағы  қазақ  халқының  отаршылдық  езгіге  қарсы  ұлт  азаттық 
қозғалысының  құрамдас  бір  бөлігі және  шарықтау  шегі болып  табылады. 1837-
1847 жылдары болған бұл қозғалыс қазақ жұртының рухын асқақтатып, жігерін 
тасытты.  Ресей  отаршыларына,  Орта  Азиялық  хандықтарға  қазақ  халқының 
бойындағы  еркіндікке,  дербестікке  ұмтылған  рухани  күштің  аса  қуаттылығын 
тағы  да  дәлелдеп  берді.  Бұл  қозғалыстың  өзіне  дейінгі  және  өзінен  кейінгі 
көтерілістермен  қозғалыстардан  айрықша  ерекшелендіретін  бірнеше  айқын 
белгілері көзге ұрып тұрды. Біріншіден, қозғалыстың қазақтың үш жүзін қамтуы, 
екіншіден,  көтеріліске  осы  үш  жүздегі  ру  тайпаларының  көпшілігінің  белсенді 
қатысуы  және  үшіншіден,  күрес  барысында  қазақ  мемлекеттік  шаңырағының 
қайта  көтеріліп  тәуелсіздік  туының  қайта  желбіреуі  көрініс  берді.  Осы  кезде 
табындар  да  бұқаралық  қозғалыстан  тыс  қала  алмады.  Қозғалыс  үнемі  патша 
үкіметінің  тарапынан  басылып  жаншылып  қуғындалып  отырғандықтан  бір 
жерден  екінші  аймаққа  көшіп  отырды.  Сондай  соғыс  жүргізудің  әскери 
тәсілдерінің  бірінде  1841  жылы  қозғалыс  табындардың  шоғырлана  орналасқан 
аумағына  ойысты.  Сондықтан  да  осы  жылы  табындар  қозғалысқа  белсене 
араласып  Кенесарыны  жақтаушы  ауылдардың  қатарына  қосылды.  Кенесары 
әскерінің  құрамында  үш  жүздің  анағұрлым  ықпалды  бұқара  халыққа  танымал 
батырлары  Шұбыртпалы  руынан  Ағыбай,  Сүйіндіктен  Жанайдар,  Иман 
Дулатұлы,  табын руынан  Жоламан Тіленшіұлы,  Дулаттан  Бұғыбай,  Қыпшақтан 
Басығара  тағы  сол  сияқтылар  болды.  Батырлардың  әлеуметтік  құрамы  біртекті 
болмады. Олардың біреулері ақсүйек ұрпақтарынан болса, енді біреулері батыр, 
би тәрізді қара халықтан шыққандар еді.  
Көтерілістің  алғашқы  кезеңінде  Кенесары  патша  әкімшілігіне  Ақтау, 
Ақмола  бекіністерін  жою  туралы  биік  талаптар  қойып  ашық  қарулы  күреске 
бармайды. Және де орта жүздің халқын өз маңына топтастыруды жалғастырады, 
сондай-ақ 
өзін 
қолдамаған 
би 
сұлтандардың 
ауылына 
шабуылдар 
ұйымдастырады. Көтерілістің алғашқы кезеңіндегі ірі оқиғаға көтерілісшілердің 
1838  жылғы  Ақмола  бекінісін  талқандауы  жатады.  Ақмола  бекінісін 
көтерілісшілердің  талқандауы  Кенесарының  орта  жүздегі  беделін  өсіреді,  оған 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
291 
көптеген  ру-тайпалардың  адамдары  күн  санап  қосылумен  болды.  Көтерілістің 
ауқымы кеңейіп, көтерілісшілердің саны өскен сайын Кенесарының да жоспары 
ұлғаяды.  
XIX  ғасырыдң  20-40  жылдары  тек  Орта  жүзде  ғана  емес,  Кіші  жүз 
аумағында  да  патша  өкіметінің  отарлық  саясаты  күшейіп,  жергілікті  тайпалар 
жақсы-жақсы  жерлерінен  айырылады,  оның  үстіне  олар  әртүрлі  салым-
салықтардан  көз  ашпайды.  Мұның  бәрі  Кіші  жүздегі  тұрғындардың  патша 
әкімшілігіне қарсы наразылығын туғызып, көтеріліске ұласады.  
Осы  жылдардағы  Кіші  жүздегі  ірі  көтеріліске  –  Жоламан  Тіленшіұлы 
бастаған  көтеріліс  жатады.  Кенесары  өз  адамдары  арқылы  Кіші  жүздегі 
жағдайдан да толық хабардар болып тұратын. Ол енді Орта жүзбен Кіші жүздегі 
ірілі-ұсақты  барлық  қарсылықтарды  орталықтандыруды  көздейді.  Жоламан 
батырмен  жүргізілген  келіссөздер  оң  нәтиже  беріп,  Кенесары  қарамағындағы 
ауылдарды  1838  жылдың  күзінде  Кіші  жүз  жеріне  қарай  көшіреді.  Торғай  мен 
Ырғыз  өзендерінің  аралығына  Кенесарыны  қолдаған  Орта  жүз  рулары 
қоныстанады.  Торғай  өңірінде  Кенесарыға  құрамында  Табын,  Тама,  Шекті, 
Шөмекей,  Төртқара  руының  қазақтары  бар  Жоламан  Тіленшіұлы  қосылады. 
Батыс-Сібір  генерал-губернаторлығына  өз  талаптарын  орындата  алмаған 
Кенесары,  Ырғыз-Торғай  өңірінде  тұрып,  Орынбордағы  әкімшілікпен 
келіссөздер  жүргізе  бастайды.  Кіші  жүз  аумағында  Кенесары  1845  жылдың 
көктеміне  дейін  болады.  Бұл  жылдар  бейбіт  келіссөздерге,  жазалаушы  орыс 
отрядтары  мен  күрестерге  толы  жылдар  болады.  Көтерілістің  бұл  кезеңінде 
Кенесарыны Кіші жүздің көптеген рулары қолдайды.  
Табын  руынан  шыққан  Бұқарбай  Естекбайұлы  Кенесарының  ең  жақын 
серіктерінің  бірі  болды.  Бұқарбай  батыр  1812  жылы  қазіргі  Қызылорда 
облысының  Жалағаш  ауданына  қарасты  ауылда  қарапайым  шаруа  отбасында 
дүниеге  келген.  Руы  -  табын.  Оның  ішінде  Теке,  одан  Атанша  болып  тарайды. 
Атаншадан  Құдайсүгір  одан  Естекбай,  Естекбайдан  Бұқарбай.  Бұқарбай 
батырдың  ата-бабасының  қонысы  Сырдария  өңірінің  Шортан  көлінің  маңайы 
болып табылады. Өйткені қазіргі уақытта бұл маңда Бұқарбай қыстағы, Бұқарбай 
қорымы, Бұқарбай арығы деген жер атаулары бар.  
Жиырма бес жасынан бастап Кенесарының сарбазы болған Бұқарбай 1847 
жылға  дейін  осы  қозғалыстың  басты  батырларының  бірі  болды.  Ол  алғаш  рет 
1838 жылдың тамызында Ақмола бекінісін алуға қатысқан. Батырдың он жылға 
жуық  азаттық  үшін  арпалыс  жорықтары  жайлы  халыққа  танымал,  ерліктің 
дастанына  айналған  тарихи  «Кенесары-Наурызбай»  жырында  тартымды 
суреттелген.  Бұқарбайдың  елі  үшін  ақ  найзаның  ұшының,  ақ  білектің  күшінің 
арқасында  жан  аямай  күресетінін  білетін  Нысанбай  жырау  батырға  рух  беріп, 
үміт арта былай жырлаған: 
«Мылтықтың оғы от алмас 
Құлақта дәрі тұтанбай. 
Ақ кіреуке, көксауыт 
Таза жүрсе, тот алмай, 
Мылтықтың оғын жібермес 
Шығыршығы жұқармай. 
Жаман жігіт тозады, 
Жауды көрсе қотандай. 
Атақты ердің бірі едің 
Иісің шыққан жұпардай. 
Аянбай бүгін іс көрсет, 
Табыннан қабан Бұқарбай!» 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
292 
Алғашқы тырнақалды шайқастардың бірінде 500 адамды қорыс жазалаушы 
отрядымен болған ұрыста Бұқарбай үлкен ерлік көрсетіп, ат үстінен жаяу әскерге 
әдіс-айлалар  қолданып,  найзагерлік  танытады.  Бұл  ұрысқа  қатысқан  Ағыбай, 
Наурызбай үшеуі шағын үш жүздей ғана сарбазбен орыстарды ойсырата жеңіп, 
көптеген  қару-жарақтарды  қолға  түсіреді.  Осыдан  соң  Бұқарбай  батырға  мың 
басылық атақ берілді.  
Осы  оқиғадан  соң  Кенесары  Ақмола  бекінісін  алуды  көздейді.  Ақмола 
бекінісіндегі  әскербасы  Карбышевтың  гарнизонын  талқандауға  Басығара  батыр 
және  Бұқарбай  бастаған  мыңдық  кезегімен  жақындатылады.  Таң  сәріден 
басталған  шабуылда  әуелі  қазақ  мергендері  ұшындағы  майлы  шүберектерге  от 
қойып атылған жебелермен қамалда өрт шығарды. Бірінші кезекте тура шабуыл 
жасаған  Басығара  оққа  ұшады.  Жаудың  қылышына  төтеп  бере  алмай,  оның 
сарбаздары  шегіне  бастайды.  Басығараның  сүйегін  жау  қолында  қалдырмауды 
талап  еткен  Кенесары  шешуші  шабуылды  күтіп  тұрған  Бұқарбай  жасағын  лап 
қойғызады.  Алқалап  шапқан  жасақтың  оң  қанатында  «Әкең  Бұқарбайлап» 
батырдың өзі келе жатады. Осы шабуылда жас Бұқарбай батыр атының үстінде 
түрегеліп,  бой  көрсетіп,  басқалардан  атан  бойы  алда,  ерекше  көзге  түсіп  келе 
жатқан  екен.  Сөйтіп,  Ақмола  бекінісіне  шабуыл  сәтті  аяқталады.  Тарихтан 
белгілі  аға  сұлтан  Қоңырқұлжа  Құдаймендин  мен  әскербасы  Карбышев  аз  ғана 
отрядымен жан  сауғалап, әрең  дегенде  қашып  құтылады. Осы  бекіністе айтулы 
ерен  ерлігімен  ұрыста  ерекшеленген  Бұқарбай  батыр  жайында  «Кенесары  – 
Саржан» поэмасында былай жырланған: 
«Екі жүздей күренді, 
Жалғыз қырып Бұқарбай. 
Қатарынан бір асқан, 
Айнала шауып екі күн, 
Ақмола үстін шаңдатты, 
Қағындысын қаққандай,  
Босағасын қандатты, 
Елін шауып, ерін өлтіріп 
Шулыған қылып зарлатты. 
Бастығы еді Карбышев, 
Қорыққаннан бас иді...» 
Бұқарбай  батырдың  Ақмола  бекінісін  алудағы  жауынгерлік  қабілетін, 
ерлігін айшықтайтын деректер де бар.  
Бұқарбай батыр Созақ майданына араласты. Созақ қамалы үшін қиян-кескі 
ұрыс  12  күнге  созылды.  Бұқарбайдың  өзі  және  оның  жасағы  бірнеше  рет 
шабуылға  шығып,  жауды  ойсырата  талқандады.  Созақтан  соң  Сауранды  алуда 
Кеңесарының    сарбаздары  көбейіп,  қоқандықтарға    қарсы  қоян-қолтық  ұрыс  
жүргізіп, жеңіске қол жеткізген. 
1847 жылы Майтөбе деген жерде Кенесары қырғыз манаптары жасағымен 
ақырғы шайқасын өткізді. Шайқас қарсаңында қоршауға алынған Кенесары оны 
бұзып  шығудың  жоспарын  төңірегіндегілермен  ақылдасып,  шешеді.  Ақырында 
ақтық күресті жүргізу ұйғарылады. Хан Кененің айналасындағы салдарлары мен 
батырлары,  сарбаздары  үзеңгі  түйістіріп,  бірін-бірі  қолдап,  шайқасқа  түседі. 
Солардың қатарында ерлігімен елге танылған,  жаужүрек батыр Бұқарбай болған. 
Бұл жайында «Кенесары-Наурызбай» жырында: 
«Наурызбайдың сөзіне 
Батырлары шыдамай, 
Хан қасынан ұмтылды 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
293 
Меңдібай, Дулат, Ағыбай, 
Арғыннан шыққан үш жігіт –  
Шәкір, Жәуке, Толыбай. 
Олардан кейін қала ма 
Табыннан қабан Бұқарбай», -  
деп суреттелген. 
Бұқарбай  –  Табын  руына  ұран  болумен  қатар  тарихи  тұлға  дәрежесіне 
көтеріле  алған  батыр.  Өйткені  ол  ел  мүддесі  үшін  күресіп,  соның  барын 
жоғалтпауға,  берекесін  кетірмеуге  ұмтылған.  Жерін  жаудан  қорғауда,  елдің 
елдігін  сақтауда  ерлік    көрсетіп,  ғұмырын  арпалыспен  өткізген.  Батырдың  әр 
кездегі ерліктері мен ел үшін жасаған жақсылықтары халық жадында сақталып, 
күні  бүгінге  дейін  жеткен.  Солардың  кейбіреулері  орыс  зерттеушілерінің 
еңбектерінен көрініс тапқан. 
ХІХ ғасырда өмір сүрген орыс оқымыстысы А.Герн былайша әңгімелейді: 
«1850  жылы  Қоқан  хандығының  билеушілері  қазақ  халқын  Жаңадария  өзені 
бойынан  біржолата  көшіріп,  бостыру  мақсатында  Жаңадария  бойындағы  «Қара 
бөгет»  деген  жерден  суды  байлап  тастап,  төменгі  жаққа  жібермей  қояды. 
Жаңадария  бойындағы  мыңдаған  қолмен  жасалған  егіншілік  жерлер  құлазыған 
шөлге  айналады,  ел  тіршілігі  тығырыққа  тіреледі.  Бірақ  қазақтан  шыққан 
Бұқарбай  батыр  1852  жылы  2000-нан  астам  жергілікті  халықтан  қол  жинап, 
қоқандықтарға қарсы шығады, сөйтіп, Қарабөгетті бұзады. Сол уақыттан бастап 
Сыр суы қайтадан Жаңадария бойымен аққан, одан Қуаңдария нәр алған. Сөйтіп, 
Сыр-Қуаңның арасы қайтадан ел қонысына айналған». 
Бұқарбай  тек  батыр  ғана  болып  қоймаған,  сонымен  бірге,  кедей  шаруа 
батырақтарды    ұйымдастырып,  егін  ектіріп,  мал  бақтырған  шаруашылыққа 
икемді адам болған. 1840 жылдары  ұзындығы 25-30 шаршы метр, тереңдігі 6-7 
метрлік арық қаздырған. Халық оған «Бұқарбайдың ақ арығы» деген атау берген. 
Сол арық қазіргі Сыр өңіріндегі шаруашылықтарының қажетіне жарап отыр. 
Ел  аузындағы  деректерге  қарағанда  Бұқарбайдың  сегіз  баласы  болған. 
Жасы  ұлғайған  сайын  Бұқарбай  батыр ел  ішінің  тыныштығы үшін  бес қаруына 
қоса сөз қаруын – шешендігімен де көп алдында топ жарған. Өткір тілді, тапқыр 
да  ұшқыр  ойлы  батыр    көптеген  дауларға  қатысып,  әділетті  шешім  шығаруға 
септігін тигізген. 
Бұқарбай  Естекбайұлы  1898  жылы  Қараөзек  бойындағы  өз  қыстауында 
қайтыс  болды.  Денесі  қыстауына  үш  шақырымдай  жердегі  биіктеу  төбеге 
жерленген. Кейін бұл жер Бұқарбай қорымы аталған. 
Осылайша Бұқарбай батыр жерінің азаттығы үшін, халқының тәуелсіздігі 
жолында  ерлігімен  ел  есінде  қалған  тұлға  болып  табылады.  Батырдың  ерлігі  – 
ұрпаққа үлгі, есімі тарихта елеулі болып қала берері сөзсіз. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
«Қазақ  ру-тайпаларының  тарихы».  Табын  ІІ  том.  Екінші  кітап.  – 
Алматы: «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы, 2006. – 608 б. 
2.
 
Хан  Кене  (Қазақ  халқының  тәуелсіздігі  үшін  күрескен  хан-батырлар 
туралы тарихи толғамдар мен пьеса, дастандар). – Алматы, 1993. – 41 б. 
3.
 
Бұқарбай – халық батыры // Ақтөбе,  1991, 23 тамыз. 
4.
 
Бердәулетов  К.  Бұқарбай  батыр  (Өмірі  мен  ерлік  жорықтары).  – 
Алматы, 1992. – 28 б.  
5.
 
Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. – Алматы, 
Санат, 1994. 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
294 
6.
 
Бұқарбай батыр. Құрастырған: А.Жанаев. Қызылорда, 2007.  
 
 
Мусаев А.М. 
Букарбай Естекбайулы и проблемы национального освободительного движения 
В статье всесторонне анализируются героические подвиги Букарбай батыра, его добрые 
дела по служению своему народу. 
Ключевые  слова:  восстание,  Табын,  Кенесары  Касымулы,  Акмола,  Жоламан 
Тиленшиулы, Торгай, Иргиз, Нысанбай жырау, Майтобе, Карабогет. 
 
Musaev A.M. 
Bucarban Estekbayuly and problems of the national liberation movement  
In  article  heroic  feats  of  the  batyr,  his  good  deeds  on  service  to  the  people  are 
comprehensively analyzed. 
Keywords:  rebellion,  Tabyn,  Kenesary  Kasumuly,  Akmola,  Zholaman  Tilenshiuly,  Torgai, 
Irgiz, Nisanbay bard, Maitobe, Karabuget. 
 
 
ӘОЖ: 631.11 
 
Ахмет А. – тарих ғылымдарының докторы, доцент,  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті  
Шманов Ж. – Х.Досмұхамедов атындағы 
Атырау мемлекеттік университетінің магистранты  
(Атырау қ., Қазақстан) 
E-mail: arailum2010@mail.ru 
 
«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ШЕБЕР 
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ» (МЕМЛЕКЕТ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ 
С. ҚҰБАШЕВ ТУРАЛЫ) 
 
Аннотация.  Тарихи  тұлғалар  тағдырын  зерттеу,  оны  бүгінгі  көзқарас  тұрғысынан 
пайымдау  оңай  шаруа  емес.  Өйткені  олардың  қоғамдық-саяси  қызметін  саралау  алдымен 
тікелей  мұрағат  құжаттарының  іздестіріліп,  табылуына  және  сол  тарихи  дерек  арқылы 
олардың  қоғамдағы  орнының  объективті  бағалануына  байланысты.  Сондай  тұлғалардың  бірі 
мемлекет және қоғам қайраткері С. Құбашев болатын. Төмендегі мақала ауыл шаруашылығын 
шебер ұйымдастырушысы,алаштың нар азаматы, С.Құбашев хақында болмақ. 
Кілт  сөздер:  С.Құбашев,  ауыл-шаруашылығы,  кадр,  басқарма,  колхоз,  экономика, 
төраға. 
 
Сағидолла Құбашев 1927 жылдың 10 ақпанында Атырау (бұрынғы Гурьев) 
облысы, Индер (бұрынғы Есбол) ауданы, 1-ші (қазіргі Елтай) ауылында дүниеге 
келген.  1944  жылы  Елтай  орта  мектебін  бітіріп,  еңбекке  ерте  араласып,  1945 
жылы  Алматы  малдәрігерлік-зоотехникалық  институтына  оқуға  түсті.  Аталған 
жоғары оқу орнын 1949 жылы ойдағыдай аяқтап, ғалым-зоотехник мамандығын 
алып шықты [1, 2 п.].  
Соғыстан кейінгі қиын уақытта жас маман С. Құбашев 1949 жылы Қазақ 
КСР  Ауылшаруашылығы министрінің  орынбасары  Х.Арыстанбековтің  қолынан 
туған жеріне Гурьев облыстық ауылшаруашылық басқармасының бас зоотехнигі 
болып  тағайындалған  бұйрығын  алды.  1949  жылдың  қараша  айы  мен  1953 
жылдың  қарашасы  аралығында  облыстың  бас  зоотехнигі  бола  жүріп,  Атырау 
өлкесінің ең алыс мал жайылымдарын, шөлейт далаларын тегіс аралап танысып, 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
295 
олардың  тиімділігін  арттыру  жолдарына  өз  пікір-ұсыныстарын  дайындады. 
Маман  ретінде  облыстың  жер-суын,  құдықтарын,  жайылым-шабындықтарын, 
Каспий  теңізінің  жағалауын,  аймағын  ұтымды  пайдалану  және  табиғи 
жайылымдардың  өнімділігін  көтерудің  жаңа  тәсілдерін  шаруашылық  өндірісіне 
енгізді.  Әсіресе,  теңіз  атырабын  мал  қыстатуға  пайдалану  ұсынысы  өңір 
экономикасы үшін құнды пікір болды. ол кейін іске асырылып, өзінің тиімділігін 
көрсетті.  1951  жылы  облыстық  партия  комитетінің  қолдауымен  Сағидолла 
Құбашұлы  облыстық  ауылшаруашылық  басқармасы  бастығының  орынбасары 
лауазымына  тағайындалды.  Бұл  саладағы  жүктелген  жауапкершілік  жүгі  жас 
маманға  жеңіл  болмады.  Облыстың  климатық  жағдайы  өте  ауыр,  қысы  аязды, 
боранды,  жазы  құрғақшылық,  сона-масасы  көп,  күзі  қара  суық,  ысқырған  желі 
төрт түлік малға өте қолайсыз болатын. Соғыстан кейінгі ауыр жылдарда алыс та 
жолсыз,  шалғай  жерлерде  жатқан  төрт  түлік  малды  бағып-қағу  өте  қиын 
жағдайларда  жүргізілді.  Облыстың  ауылшаруашылығы  1950,  1952,  1953 
жылдардағы құрғақшылықтан орасан зор зардап шекті [1, 5 п.].  
Құрғашылықтан  шабындықтарға  шөп  шықпай,  өнімділігі  өте  төменгі 
жағдайда 
болды. 
Бұған 
колхоз-совхоздардың  материалдық-техникалық 
базасының  төмен  дәрежеде  болуы  да  кері  әсерін  тигізді.  Елдің  мүмкіндігінен 
артық  өсірілген  мал  қатал  қысты  көтере  алмай  жаппай  қырғынға  ұшырады. 
Осындай қиын-қыстау кезеңде облыстың, ауданның партия-кеңес органдарының 
басшылары тұрмыста да қиналып жатқан халыққа түсінік жұмыстарын жүргізіп, 
оларды  еңбекке  жұмылдыра  білді.  Олардың  арасында  бел  шешпей,  білек 
сыбанып С.Құбашевта халықтың ортасынан табыла білген жас басшы  еді.  
Тарихтың  әр  кезеңі  өзіне  тән  ерекше  міндеттерді  ұсынатыны,  ал  бұлар 
әлеуметтік және саяси жағдайдың ерекшеліктерінен, елдің тұтыну қажеттері мен 
мүмкіндіктерінен туатыны өзінен-өзі түсінікті.  
Сондықтан  да  СОКП  Орталық  Комитетінің  1953  жылғы  қыркүйек 
Пленумының  шақыруы  бойынша  облыста  бірінші  болып  ауылға  барып  еңбек 
етуге арыз берген бірден-бір жоғары білімді маман Сағидолла Құбашев болды. 
Жастайынан бастан кешкен ауыр бейнет, соғыс жылдарындағы ел қайғысы 
С.Құбашевты  үнемі  жігерлендіріп,  халық  мүддесі  жолында  еңбек  етуге 
тәрбиелегені сөзсіз. Халықтың көңілін таба басқарып, өзіне жүктелген міндет пен 
шаруаны  тиісті  дәрежеде  биіктерге  көтеріп  отыруға  зор  ұйымдастырушылық 
және  біліктілік  пен  білгірлік  аса  қажет.  Ал,  мұндай  қасиет  пен  қабілет-қарым 
адамның бойына өмірден көре, көңілге түйе жүріп, үйрене қалыптасады. Қандай 
басшылық  қызмет  істесе  де  жергілікті  халық  Сағидолла  ағаның  іскерлік 
қабілетіне  тәнті  болды.  Сол  кезеңдерде  халық  шаруашылығын  басқару  қиын 
жағдайларда жүргізілді. Барша халықтың басына түскен аса ауыр қиыншылықтан 
кейін халықшаруашылығын қалпына келтіру, мемлекет пен партия талабына сай 
іс  жүргізу  қиынның  қиыны  еді.  Сондай  ауыртпалықты  қиналмай  көтере  білген 
аптал азаматтардың бірі – Сағидолла  Құбашұлы болатын. 
С.Құбашев  1953-1960  жылдары  аралығында  Гурьев  облысы,  Есбол 
ауданындағы  ірілендірілген  «Передовик»  колхозы  басқармасының  төрағасы 
қызметін  абыройлы  да  жемісті  басқара  отырып,  ауылшаруашылығының  шебер 
ұйымдастырушысы, басшысы, майталман маманы екендігін өзін халыққа таныта 
білген азамат. Бұл кезең жас маманның қиын да қызықты өмір кезеңдерінің бірі 
болды. Ұжымшардың қарапайым да еңбекқор адамдарымен біте қайнасып, арта 
қалған ауыл шаруашылығын көтеруге аянбай еңбек етіп, өмірлік тәжірибе жинау 
мектебі болды.  

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
296 
1950  жылдың  7  шілдесіндегі  КСРО  Министрлер  Кеңесінің  №2427  «Ұсақ 
колхоздарды  ірілендіру»  туралы  қаулысы  негізінде  1951-1952  жылдары 
жергілікті  жағдайды  жеткілікті  зерттеп  жатпай-ақ  кішігірім  колхоздар  асығыс 
ірілендірілді.  Соның  салдарынан  Қазақстандағы  колхоздар  үш  есеге  азайды. 
Колхоздарды  ірілендіру  жұмыстары  облыс  көлемінде  де  жүргізіліп,  Бақсай 
ауданында 18 колхоздан 7, Есбол ауданынан 19 колхоздан 6,  Теңіз ауданындағы 
13  колхоздан  6,  Қызылқоға  ауданынан  30  колхоздан  10,  Новобогат  ауданынан  30 
колхоздан 11, Шевченко ауданынан 6 колхоздан 2 колхозға ірлендірілді [ 2,  160 п.].  
1951 жылы  «Коминтерн»,  «Екпінді құрылыс» және «Папанин»  атындағы 
колхоздар  бірігіп  «Передовик»  колхозы  базасында  ірілендіріліп,  адамдары 
бірігіп, малдары қосылды [3, 81 б.]. «Передовик» колхозы бастауын «Толыбай» 
және  «Тұрмантай»  жолдастығы  негізінде  1930  жылы  серіктестік  болып 
құрылудан алған болатын.  
С.Құбашев  колхоз  басқармасына  төраға  болып  сайланған  тұста,  1953 
жылдың аяғындағы колхоз есебіндегі төрт түлік мал саны 6967 қой, 2384 жылқы, 
642 мүйізді ірі қара, 237 түйе болды. Колхоздың мемлекет алдындағы қарызы сол 
уақыттағы  ақшамен  2,7  миллион  сом  қаражатты  құраса,  колхоз  мүшелерінің 
бережағы 2,5 миллион сом болды. 
Соғыстан  кейінгі  сталиндік  бесжылдықтардың  көрсеткіштері  ауыл 
еңбеккерлерінің  азапты  еңбегінің,  жоқшылығы  мен  аштығының,  өмір  жастары 
дәрежесі  төмендігінің,  әйелдер  мен  балалардың  еңбегін  қанаудың,  халықты 
шаршатып-шалдықтырудың  ең  жоғары  шегіне  жеткізудің  нәтижесі  еді. 
Колхоздар  мен  совхоздар    өзінің  басты  міндетін  –  қоғамды  азық-түлікпен 
қамтамасыз ету міндетін орындай алмады. 
1953  жылдың  қыркүйек  айында  өткен  СОКП  Орталық  Комитетінің 
Пленумы  ауыл  шаруашылығында  қалыптасқан  ауыр  жағдайға  әділ  баға  беріп, 
елдің  жалпы  дамуы  мен  ауылдағы  жағдай арасындағы  тепе-теңдіктің  жоқтығы, 
адамдардың нашар тамақтанатыны атап көрсетілді.  
Партия  сол  жылдары  ауыл  шаруашылығына  ерекше  назар  аударды. 
Өйткені ол бірқатар себептерге байланысты көп жыл бойына артта қалып келген 
сала  болатын.  Жалпы  халықтық  мүдделерімен  ұштастыру  қажеттігі  туралы 
лениндік  қағидаға  сүйене  отырып,  50-жылдардың  ортасының  өзінде-ақ  ауыл 
шаруашылығы  қызметкерлерінің  еңбегі  мен  бұл  еңбек  үшін  берілетін  ақы 
арасындағы  айырмашылықты  сәйкестендіруге  назар  аударылды.  Ақиқатын  да 
бұл  игі  бастаманы  жоққа  шығаруға  болмайды.  Осының  нәтижесінде  село-ауыл 
еңбеккерлерінің әл-ауқаты шұғыл жақсартылды. Ірі колхоздар мен совхоздарды 
мамандандыру,  оларда  өндірісті  өзінің  сипаты  жағынан    индустриялық  негізге 
барынша  жақын  болатындай    етіп  жолға  қою  міндетін  шешуге  де  көп  көңіл 
бөліне  бастады.  Мұны  кеңестік  социалистік  ауыл  шаруашылығын    одан  әрі 
өркендетудің кілті деп айтуға болады. 
Колхоз  төрағасы  С.Құбашев  1938-1951  жылдары  Қазақ  КСР  Үкіметінің 
төрағасы  болған,  ірі  мемлекет  қайраткері,  1955  жылы  Гурьев  облыстық    Кеңес 
атқару  комитетінің  төрағасы  Н.Оңдасыновтың  алдына  көп  жылдар  бойы 
шешілмей  келе  жатқан  су  шаруашылығындағы  мәселелерді,  бірінші,  колхозға 
Астрахань  қаласынан  биікке  су  көтергіш  жүзбелі  станция  агрегат  алу,  екінші, 
Орал облысынан басталатын Бағырлай су каналын Есбол ауданына дейін жеткізу 
жөнінде жоба болғанымен, жұмыстың жүрмей жатқандығын мәселе етіп көтерді 
[4,  326-327  бб.].  1955  жылы  Н.Оңдасыновтың  ұсынысы  бойынша  республика 
алдына  Гурьев  облысының  экономикасы  және  халықтың  мәдениетін,  хал-
тұрмысын  көтеруге  көмек  көрсету  жөнінде  мәселе  қойылды.  Ал  1956  жылдың 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
297 
басында  осы  мәселе  бойынша  Қазақстан  Орталық  партия  комитеті  мен 
Министрлер Кеңесінің қаулысы қабылданды. Қаулы бойынша Гурьев облысына 
көмек  ретінде  150  тонна  пияз  бөлу  және  Астраханнан  2  су  көтергіш  жүзбелі 
станция  бөлу  жоспарға  енгізілген  [1,  9  п.].  Бұдан  шығатын  қорытынды 
облыстағы жағдайдың қаншалықты төмен екендігін аңғаруға болатындығы. 
С.Құбашев колхоздың экономикасын, халықтың тұрмыс әл-ауқатын, ауыл 
мәдениетін көтерумен жоспарлы түрде айналысты.  
Колхоз  төрағасы кеңсе  де отырып  ұжымды басқару  тәсілінен мүлдем ада 
еді. Бұрынғы жұмыс бабы бойынша облыстың бүкіл аудандарын аралаған төраға 
халықтың  мұң-мұқтажын,  облыстың  ауылшаруашылығындағы  жетістіктер  мен 
кемшіліктерін өте жақсы білетін өз ісінің маманы болатын. Сондықтан алғашқы 
жұмыс  күндерін  колхозшылардың  отбасыларын  аралаудан  бастады  [5,  14  п.], 
оның  да  өзіндік  себептері  болатын,  біріншіден,  колхозшылардың  тұрмыс-
тіршілігімен  танысты,  екіншіден,  ауыл  ақсақалдарымен  ашық  пікірлесіп, 
колхоздағы  қордаланған  ең  басты  түйткілді  мәселелерді  білді,  үшіншіден, 
қолдағы  бар  мал  мен  мүлік  санағын  жүргізу  болды.  Бұл  өзінің  алдағы 
атқарылатын  жұмыстың  жоспарын  құруға  елеулі  ықпалын  тигізді.  Басқарма 
төрағасының жұмыс жасау тәртібі ұжымда өзара сыйластық, жұмыс бабындағы 
шұғыл іс-шараларды аса жауапкершілікпен атқаруға, колхозшылардың өздеріне 
деген  сенімділікті  ұялатты.  Соның  нәтижесінде  колхоздың  жаңа  өндірістік 
жоспары  жасақталды.  Төраға  ел  жағдайымен  жан-жақты  танысқан  соң  күн 
тәртібіне төмендігі мәселелерді қойды, бірінші, колхозшыларға тамақ табу және 
еңбек ақы төлеу, екінші, колхоз мүшелерінің борышын шешу, колхоздан кетуді 
тоқтату, үшінші, мал шаруашылығын көтеру, елді ертеңгі күнге сендіру. Аталған 
мәселелерді  жоспарлы  түрде  нақты  шешу  жолдары  қарастырылып,  шешімін 
тапты.  Облыстан  көмек  сұрай  отырып  халықты  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету 
мақсатында  15  тонна  қара  астық  алынды.  Қолдағы  бар  малды  аман  сақтап, 
жоспардан  артық  400  бас  жылқы  өсіру  қолға  алынды.  Осының  есебінен  жыл 
аяғында  колхозшыларға  әрбір  еңбек  күнге  400  грамнан  тірі  салмақпен  ет  беру 
мәселесі қаулы арқылы жалпы жиналыста бекітілді.  
Төраға  мал  шаруашылығын  дамытуды  ғылыммен  ұштастыруды  қолға 
алып,  1955  жылы  колхозда  ғылыммен  өндірісті  ұштастыру  нәтижесінде  жаңа 
технологияны  өндіріске  енгізу  қолға  алынды.    Оның  жарқын  мысалы  қойды 
қолдан  ұрықтандыру  жұмыстары  іске  аса  бастады.  Сонымен  қатар  барлық  жүн 
өнімдері, қаракүл елтерісі,  сүт өнімдері толық сапа деңгейіне жеткізіліп үкіметке 
өткізу  жұмыстары  жоспарлы  түрде  жолға  қойылды.  Ол  үшін  мал  өнімдерінің 
сапасын  анықтау  зертханасы  құрылды.  1957  жылы  қой  мен  түйе  жүндерін 
дайындау цехында жүннің сапасын айыру зертханасы іске қосылды. Барлық жүн 
тазартылып,  сұрыпталып,  сапасы  анықталып,  престеліп    мемлекетке  өткізуге 
жіберілді. Бір ғана факт, 1957 жылы қой жүнінен алынған артық табыс 200 мың 
сом болса, 1958 жылы 400 мың сомды құрады. Әрбір түйеден алынған жүн 7 кг 
асты, ал  түйе  жүнінің  түсім  сомасы 4 есеге  өскен  [1, 100  п.].  Шаруашылықтың 
барлық түлегінің табысы да жоғары болды. 
Бұл  жұмыстардың  басында  төрағаның  зайыбы,  жоғары  білімді  де  білікті 
маман, ғалым-зоотехник Ш.Құбашева (1960 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 
жарлығымен  «Қазақ  КСР-інің еңбегі  сіңген зоотехнигі»  құрметті  атағы берілді) 
және арнаулы білімі бар бөлімше меңгерушілері болды. Колхоздың әлеуметтік-
экономикалық  дамуына  білікті  кадрлар  ролінің  орыны  ерекше  екендігі  белгілі. 
Осыған орай төрағаның бастамасымен орта білімді  барлық бөлімше басшылары 
мамандық  алу  үшін  техникумдар  мен  институттарға  сырттай  оқуға  тартылды. 

                                                                                                           
 
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
298 
Бұның барлығы сайып келгенде кадрларға ерекше көңіл бөлудің нәтижесінде іске 
асырылған  игі  бастамалар  болғаны  өмірдің  өзі  дәлелдеп  шықты.  Соның 
нәтижесінде  1960  жылы  колхозда  арнаулы,  жоғары  білімді  17  маман  қызмет 
атқарды.  Сонымен  бірге  барлық саулық  отарларының шопаны  ұрықтандырушы 
техник мамандығын игеріп, қой шаруашылығының дамуына өз үлестерін қосты. 
«Передовик»  колхозының  озық    іс-тәжірбиесі  облыс  көлемінде  кеңінен 
насихаттала бастады. Колхозда дайындықтан өткен 256 ұрықтандырушы техник 
облыстың басқа шаруашылықтарында жемісті еңбек етті.  
Елімізде  қой  шаруашылығын  өркендетуге  сіңірген  ерен  еңбегі  үшін  Ұлы 
Отан  соғысына  қатысушы,  колхоздың  шопаны  Мұхамбет  Сарсенғалиев  1958 
жылдың  29  наурыздағы  КСРО  Жоғары  Кеңесінің  Жарлығымен    Социалистік 
Еңбек  Ері  атағына  ие  болса  [3,  65  б.].  Колхоз  басқармасының  төрағасы 
С.Құбашев  пен  аға  шопан  Ш.Бергенов  сол  уақыттағы  ең  жоғарғы  мемлекеттік 
марапат Ленин, аға шопандар И.Сүндетов және С.Даулетқалиев Еңбек Қызыл Ту 
ордендерімен  марапталды.  1959  жылы  колхозшылар  өз  төрағаларына  зор  сенім 
білдіріп  Қазақ  КСР  Жоғары  Кеңесіне  және  облыстық  Кеңестің  депутаттығына 
бірауыздан сайлады.  
1960 жылдың тамызындағы мәлімет бойынша колхоздың жылдық табысы 
7 миллион 500 сом болған. 1953 жылы бөлінбейтін қорға 139 мың сом бөлінсе, 
1959  жылдың  өзінде  2411  мың  сом  бөлінген.  Колхозда  84  тұрғын  үй,  46  қора,  
электростанция,  механикалық  шеберхана  құрылыстары  салынып,  пайдалануға 
берілген. 1953 жылы барлық құрылысқа тек 70 мың сом қаражат жұмсалса, 1959 
жылы  бұл  салаға  1080  сом  жұмсалған.  Құрылыс  саласына  15  есе  артық  сом 
жұмсалғанынын  айғақтайды.  1  миллион  600  мың  сом  қаражатқа  жаңа 
автомашиналар  мен  тракторлар,  басқада   ауылшаруашылық машиналары  сатып 
алынып, автотрактор паркінде 60 жүк машинасы болды. Сол жылы колхозда 25 
мың қой, 1600 бас ірі қара Каспий теңізі жағалауында қыстатылып шыққан. Онда 
6  су  қоймасы,  150  текше  метрлік  көлемдегі  ыдыс  пайдаланылған.  Бұның  бәрі 
сайып  келгенде  төрт  түлік  малдың  өсуіне  жасалған  мүмкіндіктер  еді. 
Колхозшылардың  еңбек  ақысын  уақытында  төлеу  қамтамасыз  етіліп,  1959 
жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір еңбек күнге 13 сом есебінен ақшалай жалақы 
төлене басталды.  
Бұл жетістіктерге жету үшін төрағаның сіңірген еңбегі орасан зор болды. 
«Передовик» колхозы басқармасының төрағасы қызметінде Сағидолла Құбашев 
білімді де білікті, іскер басшы, өз ісінің маманы, ауылшаруашылығының шебер 
ұйымдастырушы  кадр  екендігін  жан-жақты  көрсетіп,  дәлелдей    білді  [5,  34-41 
пп.].  Үкімет  пен  партияның  тапсырмасын  абыроймен  орындай  отырып, 
халықтың  сенімінен  шыққан  қайраткерлік  жолының  бастамасында  осындай 
еңбек жолынан өткен болатын.  
Бүгінгі  күндері  жерлестері  оның  сұрапыл  соғыстан  кейінгі  аса  қиын 
кезеңде  Ленин  орденді  (1967)  «Передовик»  колхозын  құлдыраған  кезеңінен 
республика  көлеміндегі  озық  шаруашылыққа  жеткізе  білген  ұйымдастыру 
шеберлігін әлі күнге дейін аңыз етіп айтады. 

1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал