Әдебиеттер:
1.
Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты (АОММ), 880 қор, 1 тізім, 2 іс.
2.
АОММ, 880 қор, 1 тізім, 1 іс.
3.
Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. 2-том. –
Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013. – 616 б.
4.
АОММ, 880 қор, 1 тізім, 11 іс, 2 байлам.
5.
АОММ, 880 қор, 1 тізім, 4 іс.
6.
АОММ, 880 қор, 1 тізім, 10 іс.
7.
АОММ, 880 қор, 1 тізім, 8 іс.
8.
АОММ, 880 қор, 1 тізім, 9 іс.
Хабаршы
№1- 2015ж.
325
Ахмет А., Азилов К.
Первый ректор Куспан Темиргалиев
История одного из лучших вузов в западном Казахстане – Атырауского
государственного университета имени Х.Досмухамедова берет свое начало с 50-х годов
минувшего столетия. Огромный вклад в становление Гурьевского педагогического института,
нынешнего АГУ, внес его первый директор К.Е. Темиргалиев. Им была огромная работа по
улучшению материально-технической базы института, подбору кадров, улучшению учебно-
воспитательной работы с подрастающим поколением, о чем свидетельствуют архивные
материалы
Ключевые слова: К.Е. Темиргалиев, директор, институт, университет, кафедра, кадр,
научный работы.
Ahmet A, Azilov K.
For the first principal KuspanTemirgali
History of Atyrau state University H. Dosmukhamedov that is a hotbed of knowledge in
western Kazakhstan has its origins in the 50y of the XIX century special contribution to the creation
of a higher education institution has made the first director of the state Pedagogical Institute
Gurievsky K. E. Temirgaliev. In the first years of the establishment of the Institute personnel issues of
improving education, works strengthening the material – technical base thoroughly dealt with
historical data.
Keywords: K.E.Temirgaliev, director, institute, university, department, establishment,
scientigic works.
Хабаршы
№1- 2015ж.
326
Ғ
ЫЛЫМИ
НАУЧНАЯ
ACADEMIC
Ө
МІР ЖИЗНЬ LIFE
Новые грантовые проекты ученых Западно-
Казахстанского государственного университета
им. М.Утемисова
1 августа 2014 года Комитет науки Министерства образования и науки
Республики Казахстан объявил о проведении конкурса на грантовое
финансирование научных исследований на 2015-2017 гг. Конкурс проводится по
следующим приоритетным направлениям развития науки:
1.
«Рациональное использование природных ресурсов, переработка
сырья и продукции»;
2.
«Энергетика и машиностроение»;
3.
«Информационные и телекоммуникационные технологии»;
4.
«Науки о жизни»;
5.
«Интеллектуальный потенциал страны».
4 февраля 2015 года были объявлены результаты конкурса. В
соответствии с решениями Национальных научных советов от 23 января 2015
года и приказа Председателя Комитета науки от 2 февраля 2015 года следующие
5 проектов ученых Западно-Казахстанского государственного университета им.
М.Утемисова были одобрены:
1.
«Разработка прототипов биологических и химических сенсоров
на основе алмазных пленок методом CVD нити накаливания» (научный
руководитель: кандидат педагогических наук, доцент Г.К. Жусупкалиева);
2.
«Участие Казахстана в интеграционных процессах в рамках
ЕАЭС: риск, возможности, сценарий» (научный руководитель: доктор
экономических наук, профессор Л.И. Мергалиева);
3.
«Правотворческая политика и технология: проблемы теории и
практики (на примере материалов Республики Казахстан и Российской
Федерации)» (научный руководитель: кандидат юридических наук Л.Т.
Назаркулова);
4.
«Разработка
стратегии
формирования,
развития
и
функционирования промышленных кластеров в Западно-Казахстанской и
Актюбинской областях» (научный руководитель: кандидат географических наук
Российской Федерации Э.Ж. Имашев);
5.
«Акмеологические детерминанты развития личности будущего
педагога в образовательном пространстве вуза» (научный руководитель:
кандидат педагогических наук Республики Узбекистан Б.Б. Мунайдарова).
Научный проект Г.К. Жусупкалиева была одобрена по приоритету
«Рациональное использование природных ресурсов, переработка сырья и
продукции». Научные проекты Л.И. Мергалиевой, Л.Т. Назаркуловой, Э.Ж.
Имашева и Б.Б. Мунайдаровой соответствуют приоритету «Интеллектуальный
потенциал страны».
Офис коммерциализации
Хабаршы
№1- 2015ж.
327
«Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу
жолдары: кеше және бүгін» атты ғылыми-тәжірибелік
конференциясы туралы
Ағымдағы жылдың наурыз айының 3-де М.Өтемісов атындағы БҚМУ
мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің
ұйымдастыруымен «Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары: кеше
және бүгін» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға БҚО
бойынша мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
департаментінің бастығының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Сүйінбаев
Нұрлан Болатұлы, Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық
профилактикасы басқармасының басшысы – Жұбаныш Аманқос Сағынұлы,
Департаменттің
сыбайлас
жемқорлыққа
қарсы
сауаттандыру
және
жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы – Масимова Венера
Нұрахметқызы және универститеттің оқытушылар құрамы мен студенттері
қатыстырылды. Аталған ғылыми-тәжірибелік конференцияда жемқорлыққа
төзбеушілік жағдайларын қалыптастыру, онымен күресудегі мемлекеттік
сратегияның жүзеге асырылуы, сыбайлас жемқорлыққа жастардың көзқарасы
тақырыбында баяндамалар тыңдалды. Конференцияның соңында аталған
мемлекеттік орган мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университеті, БҚМУ «Ақиқат пікір және талас орталығы» жастар қоғамдық
бірлестігі, Батыс Қазақстан облысының «Жас ғалымдар кеңесі», «Перспектива
социум» жастар қоғамдық бірлестігі» арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
бірлескен іс-қимыл жөніндегі келісімге қол қойылды.
Хабаршы
№1- 2015ж.
328
БІЗДІҢ НАШИ
OUR
МЕРЕЙТОЙ ЮБИЛЯРЫ JUBILEES
Меруерт Жолдықайырова
Меруерт Жолдықайырқызы Жолдықайырова - Махамбет Өтемісов
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жарты ғасырдан астам
уақыт қызмет етіп келе жатқан ұстаз, КСРО Жоғары және арнаулы білім беру
министрлігінің грамотасының, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық
қызметкері» белгісінің, «Еңбек ардагері медалінің», білім және педагогика
ғылымы саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы медалінің иесі, Ұлы Жеңістің
55 жылдығына байланысты және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан
үлесі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталған ардагер-анамыз.
Ол 1924 жылы наурыз айында Жымпиты (қазіргі Сырым) ауданы, Елтай
ауылдық кеңесіндегі қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Меруерт
апайымыз сегіз жасында, 1932 жылдың желтоқсан айында анасы Айшадан, 1933
жылы қаңтар айында әкесі Жолдықайырдан айырылып, әкесінің қарындасы
Қанымжан мен жездесі Сапардың қолында тәрбиеленген.
1932 жылы Жосалы совхозының Маркс (Қоңыр) ауылындағы 7 жылдық
мектепке барып, 1939 жылы Жымпиты орта мектебінде оқуды жағастырып, 1942
жылы бітіреді. Жымпиты орта мектебін тәмамдаған соң, қоғамдық жұмыстарға
белсене қатынасып, 1941 жылы қыркүйектен бастап Жымпиты орта мектебінде
аға пионер вожатый, бастауыш комсомол комитетінің хатшысы болады.
1942 жылы шілде айында совхоздарда саяси бөлім (политотдел) құру
туралы КСРО-ның қаулысы шығып, 10-сыныпты бітірген бойда Тасқұдық
совхозындағы парткомның комсомол жұмысы жөніндегі орынбасары етіп
тағайындалады. Көп уақыт өтпей Қызыл Армияға шақырылады, бірақ оны
армиядан алып қалып, ауылда мұғалім жетіспегендіктен Оралға институтқа оқуға
жібереді.
1942 жылғы қазан айынан бастап А.С.Пушкин атындағы педагогикалық
институттың филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиет бөлімінде оқып,
оны 1946 жылы бітіреді. Тасқа біткен қынадай қайсар, теңдікке көнсе де кемдікке
көнбей, бардың емес, ардың құлы болып, оқи жүре әуелі I курста қаладағы №4
мектепте аға пионер вожатый, одан кейін 1943 жылдың мамыр айынан облыстық
Хабаршы
№1- 2015ж.
329
радио комитетінің әуелі қазақ тілінде жүретін хабардың дикторы, одан кейін
редакторлық қызмет атқарған.
Институтта жақсы оқып, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін
студент кезінде студенттердің ғылыми конференцияларында алған
тақырыптарының болашақта керектігін және тиімді екендігін байқағаннан
кейін оны институтта қазақ тілі мен әдебиет кафедрасына оқытушылыққа
қалдырады. 1965 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің
қазақ тілі кафедрасына ізденуші болып тіркеліп, оның «Жай сөйлем түрлерін
оқыту әдістемесі» атты ғылыми-зерттеу еңбегінің тақырыбы бекітілді. Ғылыми
жетекші болып доцент И.Е.Маманов бекітілді. Алайда отбасылық жағдайға
байланысты ғылыми жұмысы аяқталмай қалған. Ғылымнан ала алмаған үлесін
қала, институт, факультет шеңберіндегі қоғамдық жұмыстан алуға тырысты.
1959-1963 жылдарда Орал қалалық кеңесіне депутат болып сайланды.
1963-1969 жылдар аралығында Орал қалалық партия комитетінің Пленум
мүшесі болды. Қалалық партия жанындағы «Қалалық бақылау комитетінің»
Президиум мүшесі болды.
1970-1980 жылдары А.С. Пушкин атындағы педагогикалық институттың
бақылау комитетінің төрайымы болды.
1975-1978 жылдары филология факультетінің партия ұйымының
хатшысы қызметін атқарды.
1976-1982 жылдары институттың партия комитетінің бюро мүшесі
болды.
Өмірде өзінің өнегелі өмірімен, жұртқа жасаған жақсылығымен, адал
еңбегімен өзгелерге үлгі, ғибрат боларлық абзал адамдар болады. Олар бірінші
кезекке байлық пен мансапты емес, адамгершілікті қояды. Сондықтан да үлкен
абырой-беделге ие болады. Осындай абзал адамдардың бірі – ұстаз Меруерт
Жолдықайырқызы.
«Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.
Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да еңбекқор егіншісін де,
кеншісін де ұстаз өсіреді» дегеннен-ақ көп нәрсені аңғаруға болады. Білім
ордасының басты тұлғасы, жүрегі – ұстаз. Біздің Меруерт апайымыз да осындай
жан. Меруерт Жолдықайырқызының оқытушылық қызметі туралы сөз айтпай
кету ұлағатты ұстазға жасалған қиянат болар еді. Олай дейтініміз сонау
студенттік кезден баста алған ғалым аңсаған мұраттар мен қым-қуат тыныс-
тіршілік, ең алдымен, ұстаздықпен біте қайнасып келеді.
Алғашқы рет облыста радионы қазақша сөйлете отырып, ана тіліміздің
өрісін тарылтпай, беделін асқақтатқан педагог. Басқа әріптестерімен бірге
Меруерт Жолдықайырқызы ана тіліміздің, туған әдебиетіміздің болашағы үшін
аянбай күресті, яғни қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің білікті мамандарын
даярлауды өмірінің мақсаты етіп қойды. Ол жүздеген жастардың бойына білім
нәрін егіп, үлкен өмірге аттандырды. Ұлағатты ұстаз шәкірттерге білім берумен
қатар қоғамдық, ғылыми және тәрбие жұмысына саналы ғұмырын арнаған.
Алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырған сандаған студентке
әдістемелік кеңес беріп, мұғалімдік қызметтің қыр-сырын үйреткен ұстаздың
«Әкем - университет, шешем - кафедра» деген сөзінің астары да осында болса
керек.
Меруерт Жолдықайырқызының әдіскер ұстаздығы өз алдына бір бөлек
әңгіме. Әдіскер маман өз саласы бойынша ғылыми конференцияларда ғылыми
хабарламалар әзірлеп, қалалық, аймақтық семинарларда тілді, әдебиетті оқыту
мәселесі төңірегінде ой толғап отырған. Әзиз жанның қаламынан туған «Жамбыл
Хабаршы
№1- 2015ж.
330
шығармаларындағы патриотизм», «Абай шығармаларындағы реализм», «Абай -
сатирик», «Махамбет –реалист ақын», «Методика правописания слов-терминов
в 5 классе казахской школы» т.б. мақала-зерттеулерінен ғалымның әдістеме
үлгісіндегі биік талғамын, терең білімін танимыз. Сондай-ақ әдіскер-ұстаз 1951-
1952 оқу жылынан бастап 3,4-курс студенттерін облысымыздың аудандары мен
еліміздің әр аймағына педагогикалық сараманға апарып, ұстаздықтың қыр-
сырын терең тануға көмектесті.
Меруерт Жолдықайырқызы Қазақстан, Ресей жоғарғы оқу орындары
оқытушыларының арасында өткізілген дойбы, шахмат ойындарының
спартакиядасының бірнеше дүркін жеңімпазы. Спортшы апайды Волгоград,
Самара, Орынбор қалаларындағы әріптестері әлі де құрмет тұтуда.
Меруерт апай - ұл-қыз тәрбиелеп өсірген ана. Институт бітіргеннен кейін
текті жердің ұлы, Отанымызды қорғаушы азамат Ибат Дәулетқалиұлымен
отбасын құрып, дүниеге төрт қыз, бір ұл әкелді. Талай қиындықты, өмірдің ащы-
тұщысын көп көрген Меруерт Жолдықайырқызы том-том кітап жазып, ғылыми
еңбек бере алмаса да, ғылым қууға қолы жетпеген ұстаз-ананың асыл арманын
бүгінде қыздары Ботагөз, Светлана, Динасы жалғастыруда. Үлкен қызы –
Ботагөз Ибатқызы Сәрсенбаеваның Ресей, Қазақстан ғылымына қосқан үлесі
зор. Ол - психология ғылымының докторы дәрежесін Ресейде қорғап, қазіргі
таңда университетімізде шәкірт тәрбиелеп, ғылымға баулып жүрген ірі ғалым,
профессор, ана жолын қуған ұлағатты ұстаз. Ұлы Сайын педагогикалық
институттың физика-математика факультетінің физика бөлімін бітірген.
Қыздары Светлана мен Дина - дәрігер. Светлана Ибатқызы Орал қаласындағы
танымал емхананың бас дәрігері болса, Дина Сарсенбаева Мәскеудегі беделді
емханада бас дәрігер қызметін атқарып жүр. Еңбегін ғылым жолымен
байланыстырған Дина Ибатқызы – медицина ғылымдарының кандидаты.
Меруерт Жолдықайырқызының сан жылдар бойғы өз уақытын аямай,
өзгенің бақтын аялаған үлкен жүректі ағартушылық-ұстаздық еңбегі орынды
бағаланып, іскерлігі, білімдарлығы, адами қасиеттері ескерусіз қалған жоқ.
1970 жылы КСРО Жоғары және арнаулы білім беру министрлігінің
грамотасымен, 1980 жылы «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері»
белгісімен, 1982 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен,
1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 1992 жылы білім және педагогика
ғылымы саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім
министрлігінің Ы.Алтынсарин медалімен марапатталды. 1999, 2000 жылдары
Білім және ғылым министрлігінің Ұлы жеңістің 55 жылдығына байланысты және
жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлкен үлесі үшін «Құрмет
грамотасымен» марапатталды. 1995 жылы «Ұлы Отан соғысының Жеңісіне - 50
жыл» медалімен марапатталды.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де ұлағатты ұстаз қоғам өмірінен тыс
қалған емес. Ол Батыс Қазақстан облыстық Ұлы Отан соғысы мен еңбек
ардагерлері кеңесінің Пленум мүшесі, 1996-2003 жылдары Батыс Қазақстан
меммлекеттік гуманитарлық университетінің (қазіргі БҚМУ) Ұлы Отан соғысы
мен еңбек ардагерлер кеңесінің төрайымы болды.
Құрметті Меруерт Жолдықайырқызы! Жүйрік уақыттың ұшқыр
қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 90 жасқа алып жетті. Сіз
осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. «Қарттары бар ел –
қазынасы бар ел» – деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің
талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен
бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз. «Көп жасағаннан емес,
Хабаршы
№1- 2015ж.
331
көпті
көргеннен
сұра»
дейді
дана
халқымыз.
Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңіз саулық,
отбасыңызға амандық тілейміз, көрер қуанышыңыз молынан болсын дейміз!
Құрметпен: қазақ филологиясы кафедрасының ұжымы
АРДАГЕР ҰСТАЗ - 70 ЖАСТА.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға"- деген халық нақылы
бүгінгі сөз еткелі отырған кейіпкеріміз, қадірлі ұстазымыз Темірғали
Қайырғалұлына арналады. Өйткені өмірінің бар саналы ғұмырын жоғары оқу
орынының студенттеріне жантану ілімін меңгертіп, кәсіптік тұрғыдан дамытуға
үлес қосып жүрген аяулы ұстаз.
Каиргалиев Темиргали 1945 ж. 15 ақпанында. Батыс Қазақстан облысы
Қазталов ауданында дүниеге келген.
1961 ж. Жаңақала ауданы, Мэштексай қазақ орта мектебін бітірді.
1962-1966 жж. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында оқыды,
кейін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде
үздіксіз қызмет етіп келеді.
1966 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын
тәмәмдаған ардагер ұстаз мыңдаған түлектерді тәрбиелеп, осы салада қызмет
еткеніне 48 жылдан асыпты. Темірғали Қайырғалұлы аталмыш жоғары оқу
орнын бітіргеннен кейін осы университет қабырғасында үздіксіз еңбек етіп,
жоғары білім шаңырағында үнемі қажырлылықпен еңбектеніп жүрген, өз
саласының еңбек торысы атанған, ұстаздық қызметіне адал берген ардагер
ұстаздарымыздың бірі. Темірғали Қайырғалұлы 1980 жылдың ортасынан бастап,
Хабаршы
№1- 2015ж.
332
жалпы педагогика және психология кафедрасында жалпы психология, жас
ерекшелік психологиясы, этнопсихология педагогикалық психология, қарым-
қатынас психологиясы, туристік іс-әрекет психологиясы, психология және тұлға
дамуы пәндерінен дәріс жүргізеді.
Аға оқытушы Темірғали Қаирғалиұлының ұстаздық қызметі оның
өмірімен етене үндесіп кеткен ұстаз деуге болады. Ұстаздың өз мақсатына
табандылығы туралы көптеген жылы пікірлер көптеп кездеседі. Біздің ойымша
ардагер ұстаз шәкірттерді тәрбиелеуді бәрінен жоғары қоятыны тәрізді.
Темірғали Қайырғалиұлы - жемісті ұстаз. ТМД, республика және облыс
көлемінде алпыстан астам ғылыми-тәжірибелік мақалалар мен әдістемелік оқу-
құралдары ғылыми жинақтарда таралды. Темірғали Қайырғалиұлы мектепте
және жоғары оқу орнында психологиялық, этнопсихологиялық мәселелерден
студенттерге білім беруді жетілдіру бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын
жүргізеді.
Ол тек ұстаздық қызметімен ғана емес, қоғамдық жұмыстармен де
оқырман қауымға психология кафедрасының аға оқытушысы, БҚМУ доценті
ретінде көптен бері мәлім деп санаймыз. Ол облыстық және аудандық бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы психологиялық білім және кәсіби бағдар беруді
насихаттаудан жалыққан емес.
Ұстаздың еңбегін ҚР-ның Білім және Ғылым министрлігі бірнеше
Грамота және Құрмет Грамоталарымен жоғары бағалады. Республикалық оқу-
ағарту ісінің үздігінің төсбелгісімен марапатталды. Облыстан, қала және
университеттен алған бірнеше Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттары да оның
тынымсыз еңбегінің дәлелі. Оған "Жаңақала ауданының құрметті азаматы" деген
атақ та берілген болатын. Биыл 70 жасқа толатын ұстаз бала тәрбиесіне, баланың
сапалы білім алуына өз септігін тигізіп жүрген абзал ұстаз. Ол Қазақстан
Республикасының білім реформасын жұзеге асыруға белсенді үлес қосып жүрген
ұстаздардың бірі .Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта
дайырлау институтында көп жылдар бойы дәріскер болды. Студенттерге сапалы
білім беру арқылы сапалы маманды даярлауға ерекше үлес қосу Темірғали
Қайырғалиұлының бүгінгі күндегі жұмысының басты мәселелері.
Құрметті Темірғали Қайырғалиұлы Сізді 70 жасқа толатын
мерейтойынызбен құттықтай отырып, зор денсаулық ұзақ ғұмыр, күш – қуат,
отбасы амандығын тілейміз. Еңселі жас ұрпақты тәрбиелеп өсіруде, қарапайым
болмысымен, жайдары да ашық мінезімен ұштасып жатқан аяулы ұстаздың
бойындағы алапат жігер шәкірттеріне дарысын дейміз!
Жалпы, педагогика, психология және өзін-өзі тану кафедрасының
ұжымы.
Хабаршы
№1- 2015ж.
333
МАЗМҰНЫ СОДЕРЖАНИЕ CONTENTS
Достарыңызбен бөлісу: |