Байланысты: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.
С.Иманбаеваның тәрбиелік жүйесі. Тәрбие жүйесін іске асыруда сыныптан тыс уақытта ”Болашақ” оқушылар ұйымының үлгі ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен республика мектептеріне үлгі ретінде ұсынылды. Оқушының шығармашылық іс-әрекетін, жеке басылық қасиетін, саяси көзқарастарын қалыптастыруда мектеп оқушыларын жастайынан қоғамдық істерге бейім, өнер мен спортты, білімді , өнегелі өсиетті, бизнесті сүйетін жан-жақты жетілген, іскер, саналы азамат тәрбиелеуді көздейтін ерікті ұйым ретінде республика мектептерінің оқу тәрбие үдерісіне енгізілді. Ұйым оқушылардың талап, тілектерін, білім және білік дағдыларын, қабілеті мен іскерліктерін дамытып бағыттау жолында “Асыл мұра”, “Iзденіс”, “Достық”, “Ұшқын”, “Домбыра-дастан”, “Ерлік”, “Бизнес”, “Сымбат”, “Өсиет”, “Iзгілік” шығармашылық бағыттары құрылады. Сонымен қатар, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты «Болашақ маршы» (сөзі: И. Сапарбай-дікі, әні: Ж. Еңсеповтікі), «Балдырғандар жыры» (сөзі: С. Қалиевтікі, әні: Ж. Еңсеповтікі), «Ұландар жыры» (сөзі: Е. Елубаевтікі, әні: Ж.Еңсеповтікі), «Мұрагерлер жыры» (сөзі: Р.Сәтімбекеовтікі, әні: Ж. Еңсеповтікі).