Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Мектептегі тәрбие ұжымының құрылымы



бет107/216
Дата06.03.2022
өлшемі481,63 Kb.
#27156
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   216
Байланысты:
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.

Мектептегі тәрбие ұжымының құрылымы. Мектепте тәрбие жұмысын тиімді жүргізу үшін балалар ұжымының құрамын білу керек. Тәжірибе көрсеткендей жалпы мектептік ұжым 400-500 оқушыны қамтиды. Жалпы мектеп ұжымы әр оқушыға жеке тәрбиелік ықпал жасамайды. Тәрбиелік ықпал алғашқы ұжымда іс-әрекеттік және тұлғааралық қатынасқа түсу арқылы іске асады.

Оқушылардың мектептегі ұжымдық өмірін ұйымдастыру барысында алғашқы ұжымның алуан түрін қамтып, олардың кейбіреулерін тұрақты, ал кейбіреулерін уақытша қолдану керек.



Алғашқы ұжым атқаратын іс-әрекетіне қарай үш топқа бөлінеді: әр түрлі іс-әрекетке негізделе ұйымдастырылған ұжым, оның құрамында оқуға негізделген ұжым да бар (сынып, жасақ, т.б.); басты іс-әрекет негізінде құрылған ұжымдар (үйірме, сек-ция, клубтар, т.б.); ойын және мекен-жайында басқа да іс-әрекет негізінде ұйымдасқан ұжымдар. Жас ерекшеліктеріне қарай ұжымдар жас шамасы бір мөлшердегі және әр түрлі жастағы балалар ұжымы болып бөлінеді. Мектеп ұжымның тиімді тәрбие жұмысын жүргізуі үшін алғашқы ұжым түрлерін өзара үйлестіре отырып, тәрбиелік міндеттерді шешуді көздеу қажет.

Балалар ұжымы нәтижелі қызмет атқару үшін оны басқарып, үйлестіретін орган болуы тиіс. Ұжымның басты органы болып тәрбиеленушілер жиналысы саналады. Шұғыл тапсырмаларды орындау үшін оқушылар арасынан белсенді топ және староста белгіленеді. Мектептегі іс-шараларды орындау үшін уақытша ұжымдық орган құрылады (кеңестер, штабтар). Олар алғашқы ұжымның тапсырмаларын жоспарлап, жүзеге асыруын басқарып, бақылауы үшін тағайындалған және сайланған ұжым мүшелерінен тұрады



Ұжымдағы белсенділер тобы–ұжымды нығайту орталығы. А.С.Макаренко ұжымның тұтастығын іске асыратын орталық - белсенділер тобы деп көрсетеді. Белсенділер тобына ұжымның тапсырмасын орындаушылар мен орган мүшелері кіреді. Белсенділер тобына жолдастарының құрметіне бөленген оқушылар қамтылуы тиіс. Мұғалім белсенді топ мүшелігіне қоғамдық тәртіп бұзушы балалардың кіруіне жол бермеуі тиіс.

Белсенді топ педагогикалық жұмыстың мынадай түрлерін жүргізеді: ұжым мүшелеріне олардың міндеттері мен құқықтары туралы түсінік береді; күнделікті ұжымдық жұмыстың стратегиясын анықтауға көмектеседі; өзара тәжірибе алмасады; орындалған тапсырманы бақылап, баға береді. Белсенді топтың жұмысын мейілінше пайдалану арқылы ұжым мүшелерінің үйлесімді қарым-қатынасын, қалыптасқан дәстүрін сақтап, нығайтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет