Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Өзіндік жұмысқа арналған әдебиеттер



бет114/216
Дата06.03.2022
өлшемі481,63 Kb.
#27156
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   216
Байланысты:
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.

Өзіндік жұмысқа арналған әдебиеттер


  1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы. “Дарын”, 2004. -350 б.

  1. Макаренко А.С. Избранные педагогические сочинения. В. 2т. - М.,1977.

  2. Новикова Л.И. Педагогика детского коллектива. - М.,1978.

  3. Сухомлинский В.А. Избранные педагогические сочине-ния. Т.3. – М., 1981.

  4. Синица И.Е. Педагогикалық әдеп және ұстаздық ше-берлік. – Алматы. “Мектеп”, 1987.


9.4. Оқушылар ұжымын нығайту

Жоспар:

Балалар ұжымын зерттеу әдістері. Мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен іс-әрекет - қарым-қатынас құралы ретінде.



Негізгі түсініктер: диагностика, ұжымдық іс-әрекет, қарым-қатынас құралы.

Балалар ұжымын зерттеу әдістері. Диагностика (грек сөзі – диа –айқын және гнозис - білім) зерттелініп отырған обьекті немесе үрдіс туралы алдын ала ақпарат алудың жалпы әдісі. Мысалы, әлемдік тәжірибеден адамның тұлғалық дамуын анықтау үшін арнайы жасалған тестер (өлшемдер) қолданылады. Ол дамудың жалпы және арнаулы сапаларын өлшейді. Ұсынылған тапсырмаларды адамның қалай орындауына байланысты жан-жақты дамудың нақты өлшемдеріне орай қол жеткен деңгей туралы қорытынды жасалады. Сонан кейін алынған мәліметтер тұлғаның жалпы дамуының жас ерекшелік мүмкіндіктерімен салыстырылады. Мысалы, оқушының дене күшіне сенімділігін арттыру үшін әдетте денсаулығы жайын кешенді түрде тексеру, антропометрикалық әлеуметтік және психикалық мәліметтерді жинау пайдаланылады. Алайда, ол арнаулы жабдықталған клиникалар мен лабороториялардың, арнайы даярланған қызметкерлерінің болуын талап етеді.

Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілері үшін басты мақсат - оқушылар ұжымын зерттеу, олардың ақыл-ой қызметін, мінез-құлықтың өзгеру себептерін, талаптану деңгейін, белсенділігін, тұлғааралық қатынастарын, әлеуметтік мінез-құлқының және басқа да маңызды сапаларының дамуын білу болып табылады. Бұл жағдайда тұлғаның қажетті сапаларын зерттеп білудің барынша кең тараған түрі - тестімен жұмыс жүргізу. Тәрбие ісі қарама-қайшы және ұзақ үрдіс екені белгілі.



Тәрбиелік үрдіс нәтижелері деп тұлғаның немесе ұжымның қол жеткен тәрбиелік деңгейін айтамыз. Оның жоспарланған іске сәйкес болуы немесе одан ерекшеленуі мүмкін.

Ұжымның тәрбиелік деңгейін анықтауға диагностика көмектеседі. Диагностикалық зерттеудің мәліметтері тәрбиеленушілердің бастапқы сипаттамаларымен салыстырылады, бастапқы және ақтық нәтижелер арасындағы айырмашылық тәрбие үрдісінің тиімділігін айқындайды.

Тәрбиелілік қалай айқындалады? Тәрбиенің қол жеткізетін нәтижелерін айқындау үшін тәрбиелік өлшемі пайдаланылады. Тәрбиелілік өлшем - ұжымның немесе тұлғаның түрлі сапаларының қалыптасу деңгейінің теориялық тұрғыдан жасалған көрсеткіштері. Әдетте олар, атаулар шкаласы ретінде реттелінеді. Егер тәрбиелік сапаның қалыптасу дәрежесіне шартты сандық баға алынатын болса, онда оқу ісінде қол жеткізген табыстар тестін жүргізу кезінде жасалатындай, тәрбиелілік деңгейін сандармен көрсету арқылы салыстыру есебін жүргізуге болады.

Осы күнге дейін педагогикада тұлғаның немесе ұжымның барлық сапасын қамтитын тәрбиелік өлшемін жасау тың мәселе ретінде қалып отыр.

Тәрбиеліліктің көптеген өлшемдерінің ішінен екі топты, мазмұндық және бағалау деп бөліп алуға болады. Біріншісі-зерттелінетін сапаның көрсеткіштерін бөліп алумен, екіншісі - (диагностка жасалатын) анықталатын сапаның қарқынды тепе-тең көрінісін жазып алу мүмкіндігімен байланысты.

Соңғы нәтижелердің диагностикасы – тұлғаның немесе ұжымның тәрбиелілік деңгейі үшін тағы да жалпы өлшемдерді, жекелеген қасиеттерді, белгілерді және сапаларды айқындаумен байланысты аралық нәтижелерді талдау үшін жекелік өлшемдер бар.

Біріншісі-мақсатты айқындауға арналып жазылған талаптарды, екіншісі – тәрбиелік үрдістің нақты міндеттерін көрсетеді. Бағыттылығы, әдісі және өлшемді қолдану орны жөнінен тәрбиелілік шартты тұрде екі топқа бөлінеді:

- тәрбие нәтижелерінің сыртқы пішінінде - пікірлесуде, бағалауда, мінез-құлықтарда, тұлғаның әрекеттерінде көрінумен байланысты;



  • тәрбиешінің көзінен тыс құбылыстармен – дәлелдермен, сенімдермен, жоспарлармен, бағалармен байланысты болады.

Оқушылардың тәрбиелілік дәрежесін табу, олардың білімі мен мінез-құлқының біздің демократиялық құқылық қоғамда қабылданған негізгі өлшемдерге сәйкес келетінін, не келмейтінін айқындау болып табылады.

Оқушылардың тәрбиелілігінің басты өлшемі – олардың іс-әрекеттері. Оқушылардың тәрбиелілігі күн сайын және сағат сайын тексеріліп отыруы тиіс. Тәрбиеленушінің кез-келген қылығы, оның мінез-құлқы, үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынасы, оның тәрбиелілік деңгейін сипаттайды.

Оқушының тәрбиелілік деңгейін дұрыс бағалау - оның өмірінің түрлі жағдайларындағы әлеуметтік қарым-қатынастарындағы мінез-құлқына әділ баға беру болып табылады.

Педагог оқушыларды зерттеуге кіріскенде нені зерттейтінін, не нәрсеге көңіл бөлу керектігін өзі айқын біліп алуы керек. Оқушының тұлғалық қыры неғұрлым кең және жан-жақты зерттелетін болса, соғұрлым оған дұрыс жол табуды қамтамасыз ету жеңіл болады.

Оқушыларды зерттеудің үлгі бағдарламасы:

- Оқушы туралы жалпы мәлімет, аты-жөні, туған жылы, айы, күні;

- Жалпы даму деңгейі (жоғары, орта, төмен)

- Әлеуметтік- адамгершілік келбеті, еріктілік, еркіндік негізінде атқаратын жеке-топтық жұмысы

- Жеке басының негізгі белгілері

Тәрбиелілік деңгейді бағалауға пайдаланылатын диагностиканың кейбір тәжірибелік әдістерінің мазмұнын ашып көрейік (тәрбиеленушілердің мінез-құлық қалыптары жөніндегі пікірлері, түсініктері, баға беруі, өзін қызықтыратын басқа да мәселелердің көрінісін бағалаудың өлшемдері мен ережелері туралы түсініктері зерттелінеді).

Тәжірибеде бәрінен гөрі “Адамға адамгершілік неге керек?” және т.б. сұрақтар пайдалынылады. Оларға берілген жауаптар түрлі сапаларды тәрбиешіге және тәрбиеленушінің өз қасиеттерін жақсы талдауға және оларды санада сақтауға көмектеседі.

Бағаланған пікірді айқындау үшін оқушыларға “Менің замандасым маған несімен өнегелі?” “Қайырымдылық және оны мен қалай түсінемін?” т.б. тақырыптарға шығарма жаздыртуды кеңінен қолдануға болады. Бұндай жұмыстар оқушылардың көзқарасын, күмәндәрін, толқуын және ой-пікірлерін көрсетуімен құнды. Басқа әдістердің де, соның ішінде оқушының ішкі көзқарасын анықтауға көмектесетін социометриялық әдістердің диагностикалық мәні зор. Диагностикалық әдістердің кешені ғана оқушылардың бойында қажетті тұлғалық сапаларының қалыптасуы туралы түсінікті дұрыс құруға мүмкіндік береді.

Оқушылардың тәрбиелілігінің негізіне Л.С.Выготскийдің баланың жас ерекшелігі мен жеке бас қасиеттерінің дамуы туралы негізгі ұстанымын басшылыққа алуға болады. Бұл ұстаным бойынша, оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтауда баланың әр жас кезеңіндегі орталық психологиялық жаңа құрылымының, яғни өзіндік санасының қалыптасуын ескеруді керек етеді. Оқушылардың өзара қарым-қатынасы олардың тәрбиелік деңгейін анықтауда басты рөл атқарады деп түйіндейді.

Оқушының тәрбиелік деңгейі жас ерекшелігіне, меңгерілген білім, білік, іскерлік дағдыларына лайықты әлеуметтік және әдептілік-адамгершілік қарым-қатынастағы жеке басының мінез-құлық көрінісімен анықталады. Олай болса, тәрбиелік өлшемнің көрсеткіші әр сыныпта өзгеріп отыратындықтан, педагогикалық тұрғыдан субьективтік баға беріледі. Бұрынғы мектеп тәжірибесінде оқушының тәрбиелік деңгейі оқушылардың ережесімен сәйкес келетін, сол арқылы оқушыларға мінездеме берілетін. Оқушының тәрбиелік деңгейін бір көрсеткіш арқылы анықтау мүмкін емес.

Мысалы, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін зерттеу барысында оның жеке басының жетістіктерін анықтау кезінде мына жағдайларды ескеру қажет.

Оқушының адамгершілік жағынан тәрбиелілігі–адамгершілік жайлы білімімен (адамгершілікті адам болу түсінігі), оған деген қатынасымен, өз мінез-құлығымен анықталады.

Оқушының мәдени қалпы білімі, қарым-қатынасы және іс-әрекетінің өзара біртұтастығымен сипатталады. Ол ұжымшылдық, жауапкершілік, өзін-өзі сынаушылық, т.б. сапалардан көрінеді. Осындай сапалар оқушы бойындағы адамгершілік тәрбиенің өлшемі болып табылады.

Жеке бастың бойындағы адамгершілік сапасының кез келген қырының деңгейін анықтау үшін, оның түсінігін (білімін), адамгершілік қатынасын, ол қатынастың күші мен тұрақтылығын нақты іс-әрекет үстінде зерттеу керек. Соған сәйкес төмендегідей дүниелерді бөліп қарастыруға тура келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет