18.2. Педагогикалық-диагностикалық эксперимент құрылымы мен шарттары
Педагогикалық - диагностикалық эксперимент құрылымына бастапқы зерттеу, анықтаушы, қалыптастырушы, бақылау, салыстыру, қорытындылау, бекіту қамтылады. Диагностикалаудың әдістемесіне, әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып, бақылау әдісі, сауалнама әдісі, әңгіме, әңгімелесу, интервью, тест, контекст талдау, т.б. әдістер негізінде эксперименттік жұмыстар жүргізу көзделеді.
Педагогикалық - диагностикалық зерттеуде ең маңызды әдістердің бірі контект талдау әдісі, зерттеуге алынған объекті-ден жазбаша шығарма, хат, эссе жазу арқылы оқушының іс-әрекетіне мазмұнды талдау жасалады. Жиі жүргізілген контект-талдау әдісінде оқушыға жекелей тұлғалық сипаттама бере аламыз.
Мәліметтерді алу және жинақтауға байланысты аз уақыт ішінде тест жүргізу арқылы тұлғаның қабілеті мен көңіл - күйін айқындауда тест әдісінің көптеген бағыттарын пайдалануға болады: тұлғаға бағытталған, жобалау, интеллектіні айқындау, сыни тұрғыда ойлау, критериалдық - бағытталған, т.б.
И.М.Борытко тұлғаның тәрбиелігі мен білімділігіне диагностика жүргізуде төмендегі шарттарды ескеру керектігін ұсынады:
- сапалық және сандық сипаттама жасау (жасы, әлеуметтік жағдайы, мекен жайы, оқуы, медициналық - биологиялық жағдайлары);
- зертелушінің сапалық және сандық сипаттамасын бағалау критерийлерін құрастыру;
- айқындалған критерийлер зерттеу барысында қаншалықты кездесетінін айқындау;
- сипаттамадағы анықталған мүмкін болған себептерді жіктеу;
- зерттеу барысында айқындалған кемшіліктерді жоюдың жолдарын көрсету;
- зерттеу барысында айқындалған жағымды тәжірибені насихаттаудың қажеттілігін негіздеу.
Достарыңызбен бөлісу: |