Семинар тақырыбы:Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік жүйесі.
Мазмұны. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік жүйесіне талдау. Оқушылардың тәрбиелік деңгейлерін анықтаудың жолдарына мысалдар келтіре отырып зерделеу. Оқушының тәрбиелік деңгейлері. Тәрбиелік деңгейді айқындаудың әдістері: сауалнама, тест, әңгімелесу, пікірлесу, эссе жазғызу, т.б. пайдалана отырып тұлғаның сапалық көрсеткіштерін айқындау.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Тәрбие сағатын ұйымдастырудың әдістемесін қалай түсінесің?
Білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тұжырымдамасы неше рет қабылданды?
Оқушылардың тәрбиелік деңгейін қалай айқындаймыз?
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формалары?
Түрлі отбасымен қандай жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады?