Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Тәрбие әдістерінің жіктелуі



бет54/216
Дата06.03.2022
өлшемі481,63 Kb.
#27156
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   216
Байланысты:
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.

Тәрбие әдістерінің жіктелуі


Сендіру – тәрбиенің ең маңызды әдісі. Н.К.Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісін олардың адамгершілік жолында даму ісімен және қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасу ісімен тығыз байланыста қарастарады. Н.К.Крупская: «Балалармен құрғақ сөйлескеннен гөрі, олардың істеп отырған ісіне сенім арттыру керек», - дейді. Сендіру әдісінің тәрбиедегі орнын, оның педагогикалық процестегі көп қырлылығы мен әсерлілігін Н.И.Болдырев бастаған педагогтар зерттеп, тереңдетті. Н.И.Болдырев «Сендіру -баланың сана-сезіміне, еркіне, оның бойындағы жағымды мінез-құлықты қалыптастыруда күшті әсер ететін ең тиімді тәрбие әдісі»,- деп көрсетеді.

Бұл әдістің психологиялық негізі-баланың іске асырғысы келетін іс-әрекетінің оның ой-санасында ерекше орын алуында жатыр. Сендіру арқылы тәрбиеші мен оның жолдастары тәрбие жұмысын кешенді түрде жүргізеді. Жеке тұлғаның эстетикалық және физиологиялық жағынан адамгершілік-имандылық тұрғысынан тәрбиелеп, қалыптастырудың қажеттілігін ашып көрсетіп, олардың өз мінез-құлқын осы заман талабына сәйкес жетілдіруге сенімін арттырады. Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде: оқу ісін жекелеген ұжымдық түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларда, саяси хабарлар мен айтыстарда кеңінен қолданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет