Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің ата-анамен байланыс орнатудағы басты қадамы ата-ананың беделін көтеретін іс-шараларды белгілеу. Ешқашан сынып жетекшісі ата-анаға сын ескертпе жасап, өзін онан жоғары ұстауына жол бермеуі керек. Сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы түсіністік байланыс қана біріне-бірінің арасындағы сенімін, құрметін арттырып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Ең бастысы сынып жетекшісі мен ата-ананың түсіністік қарым-қатынасы оқушыны жауапкершілікке, қойылған талапты орындауға, азаматтық борышын өтеуге дайындайды.
Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндігіне сенім арту, педагогикалық мәдениетін көтеруге және тәрбие ісіне белсенді араласуына қолдау көрсету. Ата-ана психологиялық тұрғыдан бала тәрбиелеу талаптарына үнемі дайын болуын есте ұстауы қажет.
Үшінші ереже.Отбасының ішкі өміріне араласпау. Сынып жетекшісі ресми адам болғандықтан, отбасының ішкі дүниесінен хабардар болуы мүмкін. Кәсіби білікті сынып жетекшісі үнемі от басында пайда болған мәселені шешуге көмекке келуі тиіс. Оның мейірімділігі мен жақсылығы жүректен шығуы тиіс.
Төртінші ереже. Отбасында баланың жағымды жақтарын бала тәрбиесіне негіз етіп, оны жетістікке қол жеткізуге тәрбиелеу. Баланың мінез-құлқын тәрбиелеу өте күрделі болғанымен де, кездесетін қайшылықтарды шеше білу және педагогикалық ситуациялардың шешімін дұрыс таба білу өте маңызды.
Мұғалімнің отбасымен байланыс орнатуы ең маңызды мәселе. Осыған орай, мұғалім отбасы мүшелерімен танысқаны жөн. Ерекше назар аударатын мәселенің бірі - ата-аналалардың үнемі жұмыста болуы. Сондықтан мұғалімнің кез келген уақытта ескертусіз ата-ананың үйіне келуі, түрлі ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Сол себепті мұғалімді ата-ана өз уақытының ыңғайына қарай отбасына шақыруы тиіс. Мұғалім отбасына келетін уақытын алдын ала белгілеп, оқушының жетістігі мен кемшілігін педагогикалық тұрғыдан дұрыс көрсетіп, психологиялық жағынан шебер жеткізе білуі тиіс. Отбасы тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттерді пайдаланудың маңызы зор. Дегенмен де ата-ана сынып жетекшісінің айтқан пікірін өз баласының жағымды қырларын және бала тәрбиесінде жіберілген кемшіліктерін мұқият қабылдайды. Пікірлесу барысында кейбір отбасылардың жағымды тәжірибесінен хабардар болады.
Ата-аналармен байланыс орнатудың тағы бір түрі, оларға – педагогикалық тапсырма жүктеу. Мектеп үйірмелерін жүргізу, мекен – жай аумағында клубтар ұйымдастыру, спорттық секция жүргізу, техникалық үйірмеге қатысу, түрлі көмек көрсету, т.б. жұмыстарға да араласа алады.
Мектептің материалдық базасын нығайтуға, шаруашылық жұмыстарын жүргізуге көмектесу, кабинеттерді жабдықтауға, мектептің айналасын көгалдандыруға, т.б. істерге көмектеседі. Әр ата-ананың мектепке қандай көмек көрсете алатынын сауалнама арқылы анықтауға болады.
Осы бағдарламаны жүргізу үшін сынып жетекшісі ата-аналармен түрлі сабақ формаларын: әңгіме, дәріс, іскерлік ойындар өткізеді. Мектепте педагогтар арасынан өз бастамаларымен арнайы топ құрып, бұл жұмысты қызықты етіп өткізуге болады. Алдыңғы қатарлы тәжірибені талдау барысында, оны жетілдіріп, барлық педагогтардың ортақ тәжірибесіне айналдырған абзал.
Отбасында ата-аналар мен бала арасындағы қайшылықтарды болдырмау мақсатында мектеп пен отбасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты арттыру көзделеді. Ата-аналармен педагогикалық сабақ жүргізу барысында олармен ынтымақтастықты арттыру үшін сауалнама жүргізіп, алдағы жұмыстардың бағытын анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |