Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет72/216
Дата06.03.2022
өлшемі481,63 Kb.
#27156
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   216
Мектептегі тәрбиені ұйымдастыруда директордың оқу істері және ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасарларының атқаратын міндеттері:

    • білім стандарттары, бағдарламалар және төл оқулықтар мазмұнындағы тәрбие мәселелерге арналған тақырыпты кеңінен қамту, пән бойынша қосымша бағдарламаларды дайындатып, мектептің ғылыми кеңесінде бекітуге жағдай жасау;

    • гуманитарлық және жаратылыстану циклдағы пәндерді өзара кіріктіру барысында іс–шаралар жүргізу;

    • сабақ және сабақтан тыс уақытта іске асатын тәрбиеге байланысты ғылыми семинарлар ұйымдастыру, өз бетінше білімін көтеруге жағдай жасау;

    • мектепте тәрбие іс-шараларына байланысты ғылыми-практикалық конференциялар, семинар, кездесулер, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерді мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу;

Мектепте тәрбиені ұйымдастыруда директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының міндеттері:

    • мектептегі тәрбиеге байланысты бағдарламаны жасау, бекіту және оны ұйымдастырудың шараларын жасау;

    • тәрбиені ұйымдастыруға байланысты әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

    • қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың жұмысын жетілдіруге кеңес беру және қоғамда қалыптасқан қоғамдық ұйымдармен байланыс жасауға мүмкіндік туғызу;

    • оқушылардың өзін–өзі басқаруды ұйымдастыруы;

    • тәрбие беру барысында мектеп пен мектептен тыс мекемелер жұмысын үйлестіру.

Сынып жетекшісінің сыныптағы тәрбиені ұйымдастырудағы атқаратын міндеттері:

– сыныптағы тәрбие беру жұмысын ұйымдастыруға басшылық жасау;

– сыныпта тәрбие беру мәселесіне байланысты бағдарлама жасау және оны бекіту;


    • тәрбие беруге байланысты пән мұғалімдерінің, ата–ана және мектеп басқару, қоғамдық ұйымдар, мектептен тыс мекемелермен байланысты үйлестіру;

    • оқушылардың тәрбиелігіне байланысты білімдік және тәрбиелік өсу деңгейлерін айқындау;

    • оқушылардың тәрбиелілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты тарихи орындар, музейлерге баруды ұйымдастыру және соғыс ардагерлеріне, қарт адамдарға қамқорлық жасауға басшылық ету;

    • пән мұғалімдерімен бірлесе отырып оқушылардың шығармашылық дамуларына мүмкіндік жасау (конференциялар, семинарлар өткізу, патриоттық мәселелерге байланысты баспасөз беттеріне мақалалар жазуға көмектесу, т.б.).

Пән мұғалімінің пән сабақтарында тәрбиені ұйымдастыруы:

    • пән бойынша тұлғаның құндылықтарын қалыптастыруға байланысты материалдарды іріктеу, оқу үрдісіне пайдалану;

    • жас және жеке бас ерекшеліктеріне байланысты ықпал ету;

    • тақырыпқа сәйкес диспуттық, сыни тұрғыдағы сабақтарды өткізу арқылы олардың шығармашылық дамуына ықпал ету;

    • пән сабақтарындағы тәрбиеге арналған материалды жүйелі түрде өткізу арқылы отанын сүйетін, отанын мақтаныш тұтатын тұлғаны қалыптастыру.

Мектептегі тәрбие ортасында жеке тұлғаның құндылықтарын қалыптастыруда тәрбие заңдылықтары мен ұстанымдары мазмұнға байланысты әртүрлі әдіс-тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы іске асырылады. Оқушылардың бойындағы құндылықты қалыптастырудың сәтті болуы оның әдіс-тәсілдеріне байланысты болады. Яғни, әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай білудің маңызы зор.

Оқушыларға тәрбие беруде Н.И.Болдырев ұсынған тәрбие әдістерін – тәрбиелік іс-әрекеттің әр түрлі тәсілдерінің жиынтығы ретінде қарастырдық. Пайдаланған тәрбие тәсілі – әдістерді белгілі бір жағдайларда нақты пайдалануды қамтамасыз ететініне тоқтала келе, әдісті іске асыруда тәсілді нақты, айқын пайдалану көзделеді. Тәсілдерді дұрыс айқындау арқылы тұлға-ның құндылығын оның санасына, сезіміне, іс-әрекетіне, алға қойған мақсаттың орындалуына бағыттай отырып, тәжірибелік жұмыстар барысында іске асыру көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет