Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Тәрбие жұмыстарын жоспарлауға ата-аналардың қатысуы



бет61/141
Дата24.09.2023
өлшемі480,73 Kb.
#110096
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

Тәрбие жұмыстарын жоспарлауға ата-аналардың қатысуы

Мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмысын жобалауда, жоспарлауда және оларды құруда ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс атқару негізгі орын алады. Қоғамның сұранысына сәйкес «оқушы - мұғалім - ата-ана» өзара бірлестікте, сабақтастықта, жүйелі түрде жұмыс жоспарын құру арқылы іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы тәрбиенің алдына қойылған мақсат, міндеттері, негізгі қағидалары орындалады. Мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлауда мектептік ата - аналар комитеті, сыныптағы ата - аналар комитетінің идеялары басшылыққа алынады. Қазіргі таңда мектептерде тәрбие жұмысын жетілдіруде ата-аналардың ықпалын ерекше атауға болады. Себебі, тәрбие жұмысын жобалауда, жоспарлауда ата-ана өз балаларының білімді, білікті, шығармашыл, интеллектуалды тұлға болып қалыптасуын бірінші шарттардың қатарына қояды.


Мектеп басшылары, мұғалімдері мен сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, психолог т.б. оқушылармен және оның ата-аналармен педагогикалық дәріс, ғылыми-практикалық конференция, ата-аналар жиналысын, треннинг, диспут т.б. жұмыстардың түрлерін бірлесе жүргізеді.
Педагогикалық дәрістің мақсаты– ата-аналардың назарын бүгінгі отбасы мәселелеріне аудару. Мұндай дәрістер ата-аналарға тәрбие теориясынан жүйелі білім береді.
Балалармен жаппай педагогикалық оқуды 1-2 сыныптардан бастаған жөн, оның себебі мектептегі оқу қызметімен қаруландырудың негіздері осы кезеңде басталады. Оны мектеп директоры, оқу және тәрбие ісін меңгерушілер, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылар жүргізеді. Мектептегі параллель сыныптарды біріктіріп өткізуге болады.
Көптеген мектептерде Педагогикалық білім университеттері ата – аналармен күрделі жұмыс формаларын ұйымдастырады. Тәрбие теориясынан дәрістер оқылып, семинар сабақтар жүргізіледі. Осы жұмыстың кейде өз деңгейінде жүргізілмейтін кемшілігі болады.
Ата-аналарды мектеп өмірінің түрлі қырын түсіну үшін бала тәрбиесі жөніндегі жылдық қорытынды конференцияларға қатыстыру ұйымдастырылады. Онда отбасында шешімін таппай келе жатқан мәселелер қаралады. Ең маңызды тақырыптың бірі – отбасында баланы еңбекке тәрбиелеу, т.б.
Мектеп есігінің ашық күндері тоқсанның соңына қарай өткізіледі. Оған мектеп арнайы салтанатты түрде дайындалады. Оны өткізу бағдарламасы:
Акты залында ата-аналарға арналған концерт 30 минут шамасында, І-XІ сынып оқушыларының белсенді мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі. Мектептегі ең жақсы сынып және үздік оқитын жеке оқушылардың аттары аталады.
Әр сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесуі. Оқушылар ата-аналарға қандай жетістіктерге жеткені туралы айтып, өздері жасаған сувенирлерін тапсырады.
Түрлі тақырыпқа арналған, оқушылар қолымен жасалған көрмені аралап, ондағы оқушылардың қолымен жасалған дүниелерді көреді.
Спорттық жарыс ұйымдастырылып, ата-аналардың марапаттау сыйлықтары тапсырылады.
Ата-аналар оқушылармен көркемсуретті фильмдер көреді.
Мектепте ата-аналарға арналып өткізілетін конференция тақырыптары әр түрлі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет