Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет103/141
Дата24.09.2023
өлшемі480,73 Kb.
#110096
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



  1. Қазақстан Республикасы Н.Ә.Назарбаевтың «Интел-лектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасы. /Айқын. 2008.

  2. Ушаков Д.В. Одаренность, творчество, интуиция //Современныетеории одаренности. /Ред. Д.Б. Богоявленская. - М.: Молодаягвардия.1998.

  3. Холодная М.А. Психология интеллекта: парадоксы исследования. - Томск, Москва: Изд-во Том: Унта, Барс, 1997.

  4. Холодная М.А. Принципы и методы выявления одаренных детей // Одаренность: рабочая концепция /Отв. ред. Д.Б. Богоявленская, В.Д. Шадриков. – Москва-Самара: Издво РПО, 2000. - С. 22-28.

  5. Болашақ маманның интеллектуалды әлеуетін қалыптас-тырудың негіздері. Оқу құралы. Алматы. Абай атындағы ҚазҰ-ПУ. «Ұлағат» баспасы. 2014 ж. -296 б.

  6. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттың интеллектуалды әлеуетін дамыту тұжырымдамасы (Орыс және қазақ тілдерінде). - Алматы. «Ұлағат», 2013. - 36 б.


XIV бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ


Жоспар:


14.1.«Құндылық», «құндылық қатынас», «салауатты өмір салты» ұғымдары.
14.2.Баланың салауатты өмір салтының негізгі бағыттары.
14.3.Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша педагогикалық іс-әрекет.
14.1. «Құндылық», «құндылық қатынас», «салауатты өмір салты» ұғымдары.

Қазақстан Республикасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар, оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын ұлттық факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық дамуын шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда, республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады.


Президент Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында елiмiздiң дамуының жаңа кезеңiндегi мемлекеттiк саясаттың бiр бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесiн дамыту болуы керек деп атап көрсеттi. Медициналық қызметтердiң сапасы кешендi ұғым болып табылады және ол көптеген көлемдi себептерге байланысты. Олардың iшiнде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсiби деңгейiн және оны арттыруға деген уәждемесiнiң болуын, медициналық көмектi ұйымдастыру мен көрсету үдерiстерiн басқарудың қазiргi заманғы технологияларын енгiзудi, медициналық көмекке ақы төлеудiң тиiмдi әдiстерiн енгiзудi бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердiң сапасын басқаруды жетiлдiру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейiн стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.
Президенттiң алғашқы стратегиясы "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына Жолдауында "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, бiлiмi және әл-ауқаты" деген ұзақ мерзiмдi 4 басымдыққа сәйкес: салауатты өмір салты елдің дамуының ерекше саяси, экономикалық және медициналық-әлеуметтiк өлшемi болып табылады. 
Елбасының «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауында – денсаулық республиканың стратегиялық дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып танылады, денсаулық, салауатты өмір салты – бақытты, үбірлі өмірдің міндетті шарты; өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау адамның ішкі табиғи қажеттілігі болуы тиіс деп атап көрсетілген[1;2;3].
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру,
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен қабылданды. Бағдарламада көрсетілген бағыттар мақсаты – еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту алға негізгі мақсат етіп қойылған.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасында денсаулық сақтау саласындағы жағдайды талдай отырып, жалпы саланың күштi жақтары ретiнде денсаулық сақтау саласын дамытудың нақты белгiленген басым бағыттары; денсаулық сақтау саласын мемлекеттiк қаржыландыруды айтарлықтай ұлғайту; ел халқының негiзгi медициналық-демографиялық көрсеткiштерiнiң тұрақтануы мен жақсаруы, оның iшiнде әлеуметтiк мәнi бар аурулар бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуi; денсаулық сақтау объектiлерiнiң қалпына келтiрiлуi және жаңаларының салынуы; емдеу-диагностикалық үдерiске жаңа медициналық технологиялардың енгiзiлуi; ауылдық жерлердiң медициналық ұйымдарында телемедициналық пункттердiң болуы; елдiң барлық өңiрлерiнде филиалдары бар республикалық медициналық ақпараттық-талдау орталығының болуы; халықтың дәрiлiк заттарға қолжетiмдiлiгiнiң жақсаруы алға қойылды және осы тұжырымдаманы іске асыруда іргелі жұмыстар жүргізілді.
Құндылық – Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы. Құндылықтар – қасиеттер бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Жалпыадамзаттық құндылықтар халықтық дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте жақсы жазылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді. Жалпыадамзаттық құндылықтар – түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс.
Жалпы әлемдік құндылықтар – түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. Сол себепті де ол жалпыадамзаттық деп аталады. ХХ ғасырдың соңында Халықаралық топ алғаш рет дүниежүзілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық негізге алынатын құжаттар жасады. “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы”, “Баланың құқықтары туралы конвенция” және т.б., оларда тәрбиенің әдіснамасы мен теориясы, жаңартылған мақсат пен мүдделер қарастырылған. Онда халықтардың рухани құндылықтарын дамытуда жаңа көзқарастарға негізделген халықаралық стандарт болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтар - адамның құқықтары мен бостандығы көрсетілген.
Салауатты өмір салтыадамның өмір сүру салтын мәдени құндылықтары тұрғысынан қамтиды. Денсаулық негізгі құндылық болып табылады. Салауатты өмір салты мәдени - руханиятты қалыптастыруға бағытталған тәрбие, білім кеңістігін құруда басты құндылық болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет