Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет29/141
Дата24.09.2023
өлшемі480,73 Kb.
#110096
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

Екінші бағытрухани-адамгершілік тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: Қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен, жалпыадамзаттық құндылықтармен келісілген, тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, адамгершілік қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): рухани-адамгершілік құндылықтарға, көпшілік мақұлдаған мораль нормаларына; өзінің қасиетіне, арына және парызына; ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына; адамгершілік тұрғыда өзін-өзі жетілдіруіне, рухани және нәтижелі қызметте шығармашылық әлеуетін іске асыруына; адамгершілікке жат қылықтар, руханисыздық, бедерсіздік (нигилистік) көріністеріне; өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет-ғұрпына; діни құндылықтарға жоғары адамгершілік байланыс орнатуы. Іске асыру механизмдері: оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейтуде оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру; қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту; «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды жетілдіру; әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды дайындау және іске асыру, волонтерлықты дамыту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты және т.б. арқылы жүзеге асырылады.


Үшінші бағытұлттық тәрбие.Бұл бағыттың мақсаты: тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тіліне және мемлекеттік тілге құрмет, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу кеңістігін қалыптастыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке; мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне; өз халқының мәдени мұрасына; қазақ халқының және өзге де халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрпына; Қазақстанның этномәдениетіне; Қазақстандағы басқа этностардың мәдениетіне және этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім мен жауапкершілік танытуы. Іске асыру меха-низмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер. Этнопедагогика кабинеттерін ашу және жабдықтау; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы және Гимні, қазақ халқының мемлекеттік тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша байқаулар, олимпиадалар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет