Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Ұжымдық шығармашылық істер технологиясы



бет85/141
Дата24.09.2023
өлшемі480,73 Kb.
#110096
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

Ұжымдық шығармашылық істер технологиясы. Аталған технология оқушының бойындағы шығармашылық дамуды көздейтін замануи технологияларға жатады. Замануи технологиялар қазіргі таңда кенінен қаолдану аясында. Қоғамның сұранысына байланысты, сыни тұрғыда ойлау технологиясы, миға шабуыл технологиясы, интербелсенді әдістер, IP технологиясы т.б. тұлғаның шығармашылық дамуына ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді жинақтаған. Ұжымдық шығармашылық істер технологиясы болғандықтан тапқырлық, белсенділік, табыстылық, төзімділік, көпшіл, мейірімділік қарым - қатынастар жеке тұлғаның бойында да және ұжымда да қалыптасады.
Қазіргі дамыған қоғамда коммуникациялар ақпарат тасқынын меңгеруге үлкен мүмкіндіктер ашып отыр.Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр–ақпараттандыру ғасыры»,- деп аталуы да қоғамдағы ғылыми – техникалық прогрестің негізгі ақпараттандыру екеніне тоқталады. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық бағдарламасының негізгі басты бағыты қоғамды ақпараттандыру деп атауы да болашақ ұрпақтың алдына үлкен міндеттерді жүктейді. Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – мөте қажет » деуі де қоғамды ақпараттандыру оқушыларға ақпараттық білім негіздерін, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын менгерту болып табылады. Ақпараттық технологияларға электрондық есептеуіш техника, оқу-тәрбие үдерісінде компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге негізделген компьютерлік технологиясы жатады. Ара қашықтықтан оқытатын технологиялар әр түрлі оқушыларға үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы ретінде білім алуға мол мүмкіндіктер жасайды. Ақпараттық технология коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы оқу мен тәрбиені жетілдіруді көздейді. Интерактивті технологияларды пайдалу арқылы бірлесе отырып іс әрекет жасауға, мультимедиялық проектор және ACTIVstudio, ACTIVtablet, ACTIVwandуказкасы, ACTIVslate, Флипчарт программаларын тәрбиелік іс-шараларда тәрбие және сынып сағаттарында, конференция, диспут, дөнгел үстелдерде пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық жүйелер бойынша білімдік деңгейлері кеңейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет