Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет92/141
Дата24.09.2023
өлшемі480,73 Kb.
#110096
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

Негізгі ұғымдар: қиын балалар, девиантты балалар, проблемалы балалар, қауіпті балалар тобы, диагностика, контактілі өзара әрекет, қолдау, мектептен тыс ұйымдар.


12.1.«Қиын балалар», «девиантты балалар», «проблемалы балалар», «қауіпті балалар тобы» ұғымдарының мәні

Балалар тәртібінің ауытқу мәселесі педагогика ғылымының тарихында және тәжірбиелік педагогикалық іс-әрекет барысында отандық және шетел ғалымдарын толғандыратын мәселеге жатады. К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, П.Ф.Лесгафт, тәрбие мәселеcімен қатар, тұлға бұзылыстарының алдын алуға, балалар тәртібінде ауытқулардың бастамаларын дер кезінде байқап және ерте анықтауынакөп көңіл бөлген. Н.К.Крупская, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, В.П.Кащенко, Н.В.Мясищева еңбектерінде «қараусыз қалған»,«тәртібіндегі ауытқу» терминдерімен қатар – «қиын балалар», «тәрбиесі қиын», «педагогиалық қалыс қалу» түсініктері алғашқы рет пайдаланылады.


Н.К.Крупская, П.П.Блонский қиын баланы табиғи қалыпты тегі бар біріншіден кәдімгі бала деп анықтаған. Басқа балалардан айырмашылығы деп оның педагогикалық қалыс қалуын, ақыл-ойының жетілмегені деп түсінген. Осыған сәйкес оны сау, бірақ қалыс қалған балаша тәрбиелеу керек деп санаған ғалымдар.
А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский бастысында бірауызды болды: тәрбиесі қиын – көпшілігі қалыпты жағдайдағы балалар, яғни, оларды балалардың жалпы тобынан бөлудің қажеті жоқ, оларды құрбыларының арасында еңбекпен тәрбиелеумен қатар балаларды қиын жасаған жағдайлармен себептерді жою керек деген. Олар қиын тәрбиенің алдын алу мәселесіне аса көңіл бөліп маңызды педагогикалық мұра қалдырған. Олар ұсынған мәселенің шешімі тұлғаның коммунистік мораль қалыптары мен ұстанымдарын қалыптастыру және мінезінің кері тұстарын жою.
XX ғ. 60 ж. бастап балалар тәртібінің ауытқу мәселесі, анықтауы, диагностикасы және түзету-тәрбие жұмысы кең тарады. Бірақ бұрынғы және қазіргі уақытта қиын бала, қиын жасөспірім, тәрбиесі қиын, педагогикалық қалыс қалған, әлеуметтік қалыс қалған, делинквентті, девиантты тәртіп сөздерін түрлі талқылауы орын алады. Тәртібіндегі ауытқуды білдіретін біркелкі терминді анықтауда осынша келіспеушілік қиын балаларды топтастыруын түрлендіріп соның салдарынан осы санаттағы балалармен жұмыс жасау жолдарын түрледіреді.
Қиын” оқушы ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама түрлері беріледі: “өмірі ауыр жағдайдағы балалар”, “ата-анасының қарауынсыз қалған балалар”, “қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар”, “мемлекеттік көмекті қажет ететін балалар”, “қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар”, «ауыр жағдайдағы балалар” және т.б. Қиын балалардың шығу себебі, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады; балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан, немесе, қалыпты нормадан ауытқуы; педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы.
Девиантты мінез-құлықты балалар мен оқушы жастарды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету. Девиантты тәртіп түсінігі: Қоғамда тұрақталған қалыпқа сәйкес келмейтін адамның іс-әрекеті. Қоғамда тұрақталған қалыпқа сәйкес келмейтін адам іс-әрекетінің топтық түрінде көрсетілген әлеуметтік құбылыс.
Балалық және жасөспірім шақтарда балалар тәрбиесінің ауытқуларының пайда болып дамуына ықпал ететін ең маңызды тәрбие факторларының бірі-
ол-мектеп.Мектептегі тәрбие жұмысының кемшіліктеріне біріншіден жататын:

  1. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы кемшіліктер: асыра ұйымдастырушылық, сыныптағы және сабақтан тыс тәрбие жұмысының біркелкілігі және көзбояушылық, ұстаздар ұжымындағы бірауызсыздық және жиі кездесетін ұрыс-керістік, оқушылар ұжымының және оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық пайдаланбау, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қиындық тұындайтын материалды-техникалық базаның әлсіздігі және т.б.

  2. Оқушыларға деген ұстаздық жолдың дұрыс болмауына байланысты қателер. Мұғалімдердің тәрбие жұмысын жүзеге асыруы авторитарлы түрде болуы мүмкін, ондай жағдайда тәрбие жұмысы тыңдауға, тәртіпке, сыртқы жайлылыққа қол жеткізуге бағытталған. Педагогикалық тәсіл ретінде жазалау, тиым салу, шектеулер жиі қолданылады. Жеке дара және топтық тәрбие жұмыстары мүлдем жоқ. Оқыту әдісі, түрі, ұйымдастыруы әр баланың, жасөспірімнің сәтті мүмкіндігін көрсетпейді. Тәрбие түрі либералды (өз бетімен жіберу) болуы мүмкін, ол жалпы мектепке ғана емес, кейбір мұғалімдер тобына да қатысты. Осы тұста тәрбие мақсатына жеткізетін жүйелі, сатылы жұмыс болмайды. Тәрбиеші басқа да тәртіп түрлерін көрсетуі мүмкін – өзі үлгі болады, іскерлік жолы және көзбояушылық қарым-қатынас түрлері. Соңғы жағдайда педагогикалық құндылықтар жүйесінде білімді игеру және сыртқы қалыпты тәртіп бағыты басым болып табылады және бала өмірінің жеке тұлғалық тұстары ұстаздар назарынан тыс қалады.

  3. Ұстаздардың кәсіби деңгейінің төмен болуына байланысты қателер, оқыту әдістемесін осал меңгерген, оқшылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыра алмайды, соның салдарынан оқуға деген қарсы көзқарас туындап, мектеп бағдарламасын меңгеру қиындай түседі, мектептегі ұрыс-керістер ұлғайып, мектептен алыстайды. Осы жерге мұғалімдердің өзін-өзі ұстай алмайтындығы, қоқан-лоқы көрсетулері, оқушыларды балағаттаулары жатады.

  4. Ата-аналармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауы, ұстамсыздығы, ата-аналарға қатысты дөрекілік, отбасылық қарым-қатынастарды, жанұялық тәрбие мәселелерін жұртқа талқылауды асыра пайдалану және т.с. Отбасылық тәрбие жағдайларын білмеу, оны оңтайландыру мақсатында қолдана алмау және оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізгенде ескермеу. Мектеп тарапынан жанұяға қажетті психологиялық-педагогикалық көмектің жоқтығы, ата-аналарды ағарту жұмыстары және психологиялық-педагогикалық кеңестің жоқтығы.

  5. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру және тәрбие мәселелерімен айналысатын (мектептен тыс мекемелер, жасөспірімдер клубы, жеткіншектер бірлестігі, мәдениет мекемелері, спорттық құрамалар және т.б.) басқа әлеуметтену институттарымен дұрыс әрекеттестік жасай алмауы. Тәрбие тәжірбиесінде аудандағы, ықшамаудандағы материалды-техникалық, мамандар мүмкіндігін пайдаланбау. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы ішкі кемшіліктерімен қатар мектептегі тәрбие-алдын алу жұмысына кері әсер ететін жалпы алдын-алу жұмысы жүйесінің дамымаған сыртқы себептері де бар (әлеуметтік-психологиялық қызмет, жанұяға, балаларға, жасөспірімдерге әлеуметтік емдік көмек көрсету және т.с.). Мектеп өзіне қатысы жоқ жұмыстарды атқаруға мәжбүр, оған ұстаздар толық құқылы емес, кәсіби біліктіліктері жоқ және өздерінің тікелей міндеттерін атқаруға кедергі жасайды.

Тәрбиесі қиын балалармен жүргізетін тәрбие жұмысының ерекшеліктері. Тәрбиесі қиынның ерекшелігі көптеген факторлар әсерінен қалыптасады. Тәрбиесі қиын тәрбиедегі, баланың «МЕН»ін қалыптастырудағы, оның педагогикалық әсер етуді игергісі келмейтіндігін, меңгере алмайтынын және оған белсенді жауап қайтару қиындықтарын көрсетеді. Тәрбиесі қиын бала – ол тәрбиеге белсенді қарсылық көрсетеді, ұстазға сыйламаушылық, сенімсіздік танытады, педагогикалық үрдіске кері әсер етеді, ұрыс-керіс жағдайларының басталуына ықпал етеді. Толыққанды және уақытында түзету-педагогикалық жұмыстары жүргізілмесе бала қалыс қалып, оның тәрбиесі қиындық аумағы кеңейе түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет