Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибе



бет129/139
Дата23.10.2023
өлшемі1,15 Mb.
#120825
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   139
Байланысты:
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі-emirsaba.org

19.4. Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибе
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы», “Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріне имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы”, “Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы”,‘‘Қазақстан мектептеріндегі әскери-патриоттық тәрбие’’, атты жинағында оқушыларға тәрбие берудің әр алуан түрлері мен әдістеріне тоқтала отырып, мектеп жасындағы балалардың Отан қорғауға дайындық жұмыстарының іске асуын жан-жақты қарастырады. Әскери-патриоттық тәрбие берудің түрлерінің бірі халқымыздың революциялық, әскери және еңбек дәстүрлеріне бай жерлерге шеру, кеңестік жүйеде “Зарница” және “Орленок” әскери-спорттық ойындарын ұйымдастыру, «Атамекен», «Скаутинг», «Мың бала», «Болашақ», т.б. балалар қозғалыстары негізгі орын алады.

‘‘Қазақстан мектептеріндегі әскери-патриоттық тәрбие’’әдістемелік еңбекте “Жеткіншек ұл балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының ерекшеліктері” атты тарауда оқу-тәрбие жұмысында жеткіншек ер балалардың ұйымдастырушылық қасиетін дамытып, сынып және мектептің жұмыстарына белсенді араласуын ескермей, тек қана олардың пассивті қатысуын көздейтін жұмыс формалары мен әдістері жиі қолданылып, ерлік, жігерлілік, төзімділік, батылдықты қалыптастыруға көмектесетін жұмыс түрлері сирек пайдаланады”, – деп жазады. Аталған еңбекте жеткіншектермен, әсіресе ұл балалармен жұмыс істеуде мектептің бағыты елеулі түрде өзгеруге тиіс екендігіне, мектепте тәрбие жұмысын жоспарлап ұйымдастыруда оқушылардың бұл тобын жеке бөліп, оларға тәрбиелік ықпал неғұрлым пәрменді болу қажет деп атап көрсетеді.


Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің “Тәлім-тәрбие тұжырымдамасын” негізге ала отырып мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіруге арналған республика ғалымдарының бірнеше бағдарламалары жарыққа шықты. Мысалы, Б.Баймұратова, М.Сәтімбекова, Ә.Әмірованың басшылығымен мектепке дейінгі тәрбиеге арналған “Балбөбек” бағдарламасы тұңғыш дүниеге келді. Сондай-ақ, Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. “Ұлттық мәдениет тарихы”, “Қазақ мәдениетінің тарихы”, “Қазақ этнопедагогикасы”, т.б., Оразаев М., Смаилова М.Ж. “Қазақ халқының салт-дәстүрлері”, С.Қ.Қалиев, С.Т.Иманбаева, С.М.Төрениязова “Болашақ“ оқушылар ұйымының Ережесі, М.Құрсабаевтың “Атамекен”, З. Ахметованың “Кәусар бұлақ”, М.Х.Балтабаев, т.б. “Елім-ай”, «Жас ұлан», т.б. бағдарламалары жоғары, орта оқу орындарындағы және мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұлттық бейнеде ұйымдастыруға үлкен ықпалын тигізді.
Ұлттық негіздегі мектепке дейінгі тәрбие жұмысын қамтыған “Балбөбек” бағдарламасы жалпы тәлім-тәрбиенің негізгі бастауы болып табылады. Аталған бағдарламада баланы жас кезінен ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді ұғындыру арқылы адамгершілікке, әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеуді білім берумен қатар біртұтас жүзеге асыруды көздейді. Ал жоғары сынып оқушыларына арналған Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтың “Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы” атты факультативтік курстың бағдарламасы ҮI-ғасырдан басталған ұлттық тарих, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріміздің тәрбиелік мәнін терең түсіндіру арқылы оқушылардың ой-өрісін қалыптастыруға әсер етеді.
М.Оразаев пен М.Смаилованың “Қазақтың салт-дәстүр-лері” атты 8-9 сыныптарға арналған факультативтік курс бағдарламасының мақсаты оқушылардың жас шамасын ескере отырып, халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін, салт-дәстүрін оқушылардың санасына сіңіруді көздеген.
З.Ахметованың “Кәусар бұлақ” бағдарламасы оқушы-жастардың бойына ізгілік, инабаттылық, мейірімділік қасиеттерді ұялатуды мақсат еткен.
Жоғарыда аталған бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, қазақ мектептері тәлім-тәрбие ісін өрістету үстінде. Ал орыс мектептері Қазақстан Республикасы Білім министрлігі бекіткен “Жұлдыз” бағдарламасы бойынша жұмыс істеді.
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз орта мектебінің сыныптан тыс тәрбие жұмыстары, яғни “Алтын көмбе” атты тәрбие облыстың басқа мектептеріне үлгі ретінде ұсынылды.
“Алтын көмбе” халықтық педагогика бойынша ата-аналармен, жұртшылықпен, сынып жетекші-ұстаздарымен, тәлімгерлермен және оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жұмыс жоспарларымен қоса атқарылған істердің қорытындысы беріліп отырған. Алматы облысы, Шелек ауданы, Б.Момышұлы атындағы мектеп ұжымы ұйымдастырған “Жас қыран” атты әскери-патриоттық мұражайдың іс-тәжірибесі жастарды ерлік рухта тәрбиелеудің мектебі екені байқалды.
Оқу мен тәрбиені бір-бірімен кірістіре отырып, ұлттық дәстүрлер негізінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты, жүйелі түрде жүргізу арқылы елін, жерін жаудан қорғай алатын шынайы ұлтжанды азамат тәрбиелеп шығару бүгінгі егеменді еліміздің ұстаздар қауымының абыройлы борышы болып отыр.
Тамырын тарихтың тереңінен тартып жатқан «Ұлы Дала Елі» және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяларымыз, ұлттық құндылықтарымыз білім жүйесін жетілдіруге берік тұғыр, ұлттық сана, ұлттық таным, ұлттық құндылықтарды, ұлттық және мемлекетшілдік рухты қалыптастыру негізгі ұстаным болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет