Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет13/140
Дата16.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#140139
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   140
Байланысты:
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі-emirsaba.org

К.А.Оразбекова ұсынған тәрбие тұжырымдамасында ұлттық тұлғаны қалыптастыру идеясы енгізу, яғни тілі, діні, мәдениеті, салт санасы қалыптасқан ортада жеке адамға тән қасиеттермен өз ұлтының, халқының тұрмыс тіршілігін бойына сіңіріп, ұлттық намыс, талғам және ұлттық сана белгілерін өз бойында тұтастай көрсетіп, ең жоғары рухани деңгейде дамыған адам ретінде қалыптастыру.

С.А.Ұзақбаеваның тәрбие тұжырымдамасында жеткіншек ұрпақты халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу, халықтық педагогика идеяларын, ұғымдарын, әдіс-тәсілдерін, тәрбие құралдарын жан-жақты зерттеп, оны эстетикалық тәрбие беру бағытында пайдалану жолдарын ашып береді. Халықтық педагогика тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің дағдыларының жиынтығы, солардың негізінде ұрпақтан-ұрпаққа халық шығармашылығы поэтикалық, музыкалық, сәнді-қолданбалы өнер арқылы беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан халықтық педагогиканың мақсатын ашып көрсетеді.

Г.Қ.Нұрғалиеваның тұжырымдамасында еркiн және рухани, iзгi, адамгершiлiгi мол тұлғаны тәрбиелеу ұстананымдары негiзiнде әр жеке тұлғаның өзiндiк менiн көрсету, соған дағдыландыру, қоғам алдындағы жауапкершiлiк, қоғамдық тәжiрибенi игеру, мейiрiмдiлiк, iзгiлiк қасиеттi құру, және дамыту, адамдарды табиғи қалпында қабылдау, адамдардың бойындағы жақсы рефлекстiк қасиеттердi қалыптастыруға мән беріледі.

Ұстаз Күләш Тынысбекованың тәрбиелік тұжырымдамасы соңғы ұлттық тәрбиені негізге ала отырып, халықтық дәстүрлерді пайдалану арқылы ер бала тәрбиесін дұрыс бағытқа қою, себебі, ер балалар тәрбиесін отбасында, балабақшада, мектепте әйелдер атқаратыны, ер баланың психологиясы әкеден гөрі анасына жақын келетіні ескере отырып өз тұжырымдамасын ұсынады. Мектептегі ер мұғалімнің санының аздығы да бұған ықпалын тигізіп отыр дей келе, оқу-тәрбие үрдісінде ер бала тәрбиесіне байланысты жүргізілетін тәжірибесін ұсынды: әкелер өсиеті, “әкеге қарап ұл өсер” дегендей ер-азаматқа тән қасиетті бала бойына сіңіру; ерлерге тән салт-дәстүрлер, ер баланың отбасындағы қоғамдағы рөлін ашып көрсету керек. Ер баланың сол әулеттің мұрагері, қара шаңырақ иесі болып саналатынын, қартайған әке-шешені бағып-қағу ер балаға аманат екенін түсіндіру қажет. Бұл-қазақ халқының атадан балаға жалғасқан озық дәстүрлері; “ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар”,-ата-бабаларымыздың ерлік пен батырлығын бағыттайтын бағыт; сөз өнері, шешендік өнердің тәлімдерімен тәрбиелей отырып, әр оқушының өзіндік ерекшеліктерін ашу; ұлттық ойындарды ұсына отырып азамат тұлғасын қалыптастыру көзделеді.

А.Миразованың тәрбиелік тұжырымдамасы. Тәрбие жаңа мазмұнға ие, мектептегі пән сабақтары негізінде іске асыру, бүгінгі заман талабына сай тәрбие мазмұны тәрбиенің өмірмен байланысы, оқушының жас және дара ерекшелігі, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігі, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу, мектеп, отбасы және әлеуметтік қоғамның даму ерекшелігімен бірге ұлттық ерекшеліктер өзара бірлікте дамуы, жетілдіріліп отыру көзделген.

Мәжит Өтештің тәрбиелік тұжырымдамасы.М.Өтештің басқарған мектептері негізінен физика-математикалық мектептер жүйесі болып табылады. ХХІ ғасыр, әлемдік жаһандану үрдісі кезінде қоғамның белсенді және ұлттық, жалпыадазаттық мәдениетті дамытушы, білім және тәрбиемен қаруланған, бүгінгі қоғамға еркін араласа алатын тұлғаны қалыптастыруға аса мән берілген.Тұлғаның бойында қалыптасатын негізгі құндылықтар жүйесі: әлеуметтік белсенділік, жоғары адамгершілік, ізгілік қасиеттер, құқықтық сауаттылық, зиялы ұрпақты қалыптастыру көзделеді. Аталған жүйенің негізі ұлттық тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. М.Өтеш басқарған, негізін салған мектептердің түлектерінің жартысы алтын белгі иегерлері.
Ресей ғалымдары тұжырымдамалық негізіне тоқталатын болсақ тұлғалық қасиеттiң өзегi деп Ш.Амонашвили махаббат қажеттiлiгi; И.С.Кон үлкендердi құрметтеу, А.В.Петровский тұлғалық қасиеттердi қалыптастыру қажеттiлiгi, А.В.Мудрик жеке тұлғаның өз мүмкiндiктерiн iске асыру деген тұжырымдары беріледі. Тұлғаның бойындағы тәрбиелiлiк тұлғаның iс-әрекетi кезiндегi мәдениеттiлiгi, бойындағы құндылық iс-әрекетi арқылы көрiнiс бередi. Қазiргi ғылыми педагогиканың бұрынғыдан артықшылығы тұлғаға қатынас субъект-объект-субъект тұрғысынан ықпал ету қарым-қатынас жүйесi негiзiнде iске асып отыр.
В.П.Беспалько тұлғаға білім мен тәрбие беруде алдыға қойған мақсаттың нақты болуына аса мән береді.1 Тұлғаның сапалық қасиетін нақты анықтау, қалыптасу барысында өзіндік даму ерекшеліктерін білу зерттеу жұмысын нәтижесінің дәлдігіне мүмкіндік беретініне тоқталады. Мектептің педагогикалық жүйесінде педагогикалық әдіснаманың негізгі тұғыры тұлғаға ықпал ету арқылы оның сапалық қасиетін ашу мүмкіндігінің мол екенін ашып көрсетеді. Автор тұлғаның негізгі қасиеттерінің құрылымдық жүйесін А.Н.Леонтьев, К.К.Платонов, А.В.Петровский, т.б. ғылыми тұжырымына сүйене отырып ұсынады: негізгі қасиеттері әлеуметтік, тәжірибе, интеллектуалдық, генетикалық, сапалық қасиеттері, белгілері атап көрсетеді.
Тұлғаның бойындағы құндылықтарды қалыптастыруда А.Н.Леонтьев, К.К.Платонов, А.В.Петровский ұсынған тұлғаның бойында болатын құндылықтар жүйесі негізгі орын алады. Автор ұсынған тұлғаның дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың негізі болып табылатын философиялық, жалпығылыми көзқарастары, идеялық сенімі, адамгершілік дүниетанымы т.б., адамгершілік сапасын қалыптастыратын Отанға деген сүйіспеншілік, еңбек адамдарына құрмет, жоғары қоғамдық сана, адалдық пен тазалық, қарапайымдылық, қоғам үшін адал еңбек ету, т.б. ұстанымдарын зерттеу жұмысымыздың теориялық және практикалық негізін айқындайды.


Н.Е.Щуркованың тәрбие тұжырымдамасында тәрбиені мәдениет тұрғысынан қарастырады. Тәрбиелік іс-әрекетті әлемдік қоғамдық қауымдастыққа кіріктірілуі арқылы ізгілендіру бағытын қолдайды. Тәрбие мазмұнында мәдени құндылықтарды жүйелі түрде сабақтастықа іске асыруды көздейді: табиғат әлемі; адам өмірі; қоғамдық өмір; тұлғаның ішкі жан дүниесі т.б. Тәрбие іс әрекетінің нәтежиесі-тұлғаның қоршаған ортаға мәдени құндылықтарға мақсатты бағытталған өзін-өзі жетілдіруі деп бағалайды.

И.А.Зимняяның тәрбие тұжырымдамасында тәрбиені тұлғаның әлемге қатынасын қалыптастыру үдерісі тұрғысынан қарастырады. Ғалым қарым-қатынасты құндылықты қалыптастыру механизмі деп түсіндіреді. Адамның әлемге қатынасын қалыптастыру үдерісіне тәрбие жүйесінің 5 компонентін ұсынады: мұғалімнің тұлғасы және іс-әрекеті; тәрбиелік ортада әлеуметтік даму жағдаяттарды дұрыс ұйымдастыру; ынтымақтастық; қарым-қатынас; тәрбие субъектісінің белсенді іс–әрекеті.

И.М.Ильинскийдің тәрбие тұжырымдамасында ұрпақтар сабақтастығы негізінде тәрбие беру мәселесі қамтылады. Тұжырымдаманың мазмұны тәрбие кеңістігін құруға, тұлға мен қоғамның қызығушылықтарының бірлігі, дүниетаным мен ізгілендіру құндылықтарына негізделеді. Тәрбиенің негізгі мақсаты табысқа және жеңіске жетуге ұмтылатын, өмірге икемі бар, өзгермелі жағдаяттардан шыға алатын, жауапты, іскер, белсенді азамат-тұлғаны қалыптастыру.
Жоғарыдағы тәрбие тұжырымдалары үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие үдерісін жандандыруға іргелі үлес қосып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі ұсынылған тұжырымдамаларды басшылыққа ала отырып, әр оқу орны, білім беру мекемелері аймақтық ерекшеліктерді негізге ала отырып өздерінің тұжырымдамалары бойынша жұмыс атқарулары да тәрбие жұмысын жандандыруға іргелі үлес қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет