Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Ұжымның даму заңдылықтары



бет74/140
Дата16.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#140139
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   140
Байланысты:
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі-emirsaba.org

Ұжымның даму заңдылықтары.А.С.Макаренко ұжым қалыптасуының бірінші параметрі - педагогтың ұжымға қатаң талап қоюынан басталып, онан кейін әр ұжым мүшесі, өзіне талап қоя білуіне алмасуы тиіс деп көрсетеді.
Ұжым дамуының бірінші кезеңінде тәрбиеші тәрбиеленушіге қатаң талап қойып, оның орындалуын талап етсе, екінші кезеңінде ұжым талаптарын іске асырушылар-белсенділер тобы болса, үшінші кезеңінде тәрбиеленушілерге өзін-өзі бас-қару жүйелері талап қояды.
Қазіргі кезеңде ұжымның дамуына басқа көзқарас қалыптасты (Л.И.Новикова, А.Т.Куракин, т.б.). Бұл пікір бойынша ұжымның қалыптасуына ықпал ететін талаптармен қатар, басқа да тәрбие құралдары да қамтылады. Осыған орай, Л.И.Новикова ұжым дамуының үш кезеңін ажыратады: ұжымды біріктіру; ұжымды тәрбие құралына айналдыру; ұжым әлеуметтік тәжірибені түзетуші және әр тәрбиеленушінің шығармашылығын дамытушы.
Соңғы жылдары педагогикада даму деңгейлері жоғары, бірлестікке ұмтылған, кіріктірілген іс-әрекетке бейім, ұжымдық бағытта топтасқан адамдарды ұжым деп атау тенденциясы орын алуда (Я.Л.Коломинский,А.В.Петровский, Л.И.Уманский).
Топтың ең басты сапасы - оның әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан жетілуі. Жоғары деңгейде жетілген топ жаңа сападағы әлеуметтік топқа айналады.
Л.И.Уманский топтың әлеуметтік-топтық жетілуіне қарай, оны үш блокқа бөліп қарастырады:


Қоғамдық блоктың әлеуметтік құрылымының құрамдас бөлігінің бағыты, ұйымдасуы мен даярлығына қарай, топ өмірінің идеологиялық, басқарушылық және іскерлік қырын айтуға болады. Топтың бағыты белгілеген өмірлік мақсатында, атқаратын іс-әрекетінде, таңдаған құндылық бағдарында, идеологиялық санасында қалыптасқан әлеуметтік құндылықтарынан көрінеді. Топтың мықтылығы, өзін-өзі іс жүзінде тиімді басқаруымен сипатталады. Топтық іс-әрекет әр топ мүшесінен білім, білік, дағдыны және топтасып қызмет атқару тәжірибесін қажет етеді.

Тұлғалық блок құрылымының құрамдас бөлігі - зияттық, эмоциональдық және еріктік қарым-қатынас белсенділігінің бірлігі, яғни тұлға санасының үш қыры, топтың өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді. Зияттық қарым-қатынас – тұлғааралық түсіністік пен ортақ тіл таба білу, зияттық ақпарат алмасу, жалпы ұстанымдарын анықтау, топтық шешім қабылдау. Эмоциялық қарым-қатынас - тұлғааралық байланыстардан туатын топ мүшелерінің көңіл-күйі, топтың басыңқы көңіл-күйі, эмоциялық күш-қуаты. Эмоция топ өмірінде маңызды орын алады. Еріктік қарым-қатынас топтың түрлі кедергілер мен қиындықтарға қарсы тұруы, төтенше жағдайларға төтеп беру қабілетін білдіреді.

Жалпы сипаттағы блоктың (кешенділік, микроклимат, референттік, көшбасшы, топішілік және топаралық белсенділік) топ өміріндегі орны.
Топтың іс-әрекетін психологтар жан-жақты зерттеген. Кешенділік – топ мүшелерінің бірлігі, тұтастық өлшемі, ал егерде кешенділік болмаса, топ ажырап кетеді (А.Н.Лутошкин, А.В.Петровский, В.В.Шпалинский, т.б.); микроклимат - әр тұлғаның топта өзін үйлесімді сезінуі, топ ішіндегі өзінің орнына көңілінің толуы, өзін жайлы сезінуі (А.В.Лутошкин, А.А.Русалинов, т.б.); референттік - топ мүшелерінің топтық эталонды қабылдау дәрежесі, оны топтық құндылықтармен жақындастыру (Е.В.Щедрина); көшбасшы – топтың міндеттерін жүзеге асырудағы, жекелеген тұлғалардың топқа белсенді ықпалы (Е.М.Зайцева); топішілік белсенділік - топ мүшелерінің белсенділігі (Л.И.Уманский); топаралық белсенділік - бір топтың басқа топқа, мәселен бір сыныптың басқа сыныпқа әсері (А.И.Кузнецов, В.С.Агеев).
Жалпы сапалардың барлығы топтың ұжым ретіндегі даму деңгейін сипаттап, бірімен-бірі тығыз байланысты болады. Осылардың әрқайсысы алғашқы екі блоктың құрамды бөліктеріне де тән.
Топтың құрылымдық үш блогының өзара байланысы мен әрекеттестік қызметі көпқырлы. Л.И.Уманский эксперимент барысында балалар мен жастар тобының жоғарыда көрсетілген белгілердің тұрақты байланысын жоғары деңгейде қамтамасыз еткенде ғана, ұжым болып қалыптасатынын дәлелдеді.
Ең төмен деңгейдегі ұжым–құрама топ, бірімен–бірі таныс емес балаларды бір кеңістікте топтастыру, оның мысалы ретінде жаз мезгіліндегі демалыста тынығуға жан-жақтан келген балаларды айтуға болады. Егер де балалар алғаш рет бір мақсатқа топтастырылса, оны алғашқы ұжым деуге болады. Оларға тапсырма жүктелсе, онда олар ассоциациялық топ аталады. Осы деңгейден бастап, ұжымның алғашқы белгілері-тұлғааралық байланыстары қалыптаса бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет