Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Оқушылардың тәрбиелік деңгейлерін анықтаудың жолдары



бет197/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   215
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.

19.2. Оқушылардың тәрбиелік деңгейлерін анықтаудың жолдары
Мектепте оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда негізгі мақсат-пән сабақтарындағы білім мазмұны мен сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін тәрбие жұмыстарын өзара байланыстыра, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардан білім мен тәрбие бере отырып, елін, жерін сүйетін және оны қорғай білетін, әлемдік ғылыми-прогресс көшіне ілесе алатын патриот-азамат тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысының міндеттері:

- оқу-тәрбиені тұтас педагогикалық үрдіс деп қарап, пән сабақтағы білім мазмұнымен сыныптан тыс уақытта жұмыстарды біріктіре отырып, тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;


  • ұлттық рәміздердің пайда болуы және олардың шығу тарихын біле отырып, Қазақстан Республикасының рәміздеріне туына, елтаңбасына, әнұранына деген құрметін қалыптастыру;

  • Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтайтын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтатын азамат тәрбиелеу.

Оқушылардың тұлғалық қасиеті, білім мен тәрбие деңгейлері сауалнамалар, тест тапсырмалары және тұлғаның әлеуметтік ортаға, жолдасына, үлкендерге, кішілерге, т.б. қарым-қатынасы арқылы айқындалады.

Егер жеке патриоттық тәрбие мәселесін байланысты қарастыратын болсақ, оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлері төмендегі көрсеткіш-деңгей тұрғысынан айқындалуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет