Сынып ата-аналарының жиналыстары – ата-аналармен жүргізілетін дәстүрлі жұмыстың бір түрі. Жиналыс нақты мәселені шешуге бағытталуы тиіс. Мысалы, «Бала алдындағы қиындықтарды жою немесе оны шешу баланы тәрбиелеуге көмектесе ме? Қаралатын мәселе ата-аналардың қызығушылығын арттырып, оларға ой тастауы керек.
Жеке ата-аналармен жұмыс жүргізу: отбасымен танысу, оларға педагогикалық тапсырмалар беру. Ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық консультация жүргізу. Консультация барысында мынаны ескеру керек: ата-аналардың бала тәрбиесіне ынталы болуын қолдау, отбасына педагогикалық көмек көрсетуге даяр болу, нақты сұрақтарға ұсыныстар беру.
Сынып жетекшісі ата-аналардың педагогикалық әдептілікті мектеп оқушыларының бойына сіңіруде педагогикалық оқуды дұрыс және ғылыми түрде жүйелі ұйымдастырудың маңызы зор. Осымен байланысты жоғары сынып оқушыларына ата-аналық міндет пен құқықты арнайы курс ретінде оқыту арқылы олардың педагогикалық сауаттылығын арттыруға, сөйтіп оқушылардың бойына мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, келешек ата-аналық жауапкершілік сезімдерін күн ілгері ұялатуға тура келеді.
Сынып жетекшісі отбасымен педагогикалық және психологиялық тұрғыдан байланыс орнатуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |