Қазақстан республикасы білім және ғылым


Курстың өзектілігі және қажеттілігі



бет2/5
Дата31.12.2021
өлшемі57,27 Kb.
#22428
1   2   3   4   5
Байланысты:
Экологиялық био география 2020

1.Курстың өзектілігі және қажеттілігі: Экологиялық биогеография – осы заманғы өсімдіктердің, жануарлардың географиялық таралуын және сол таралудың жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экологиялық биогеография пәнінің негізгі, көпшілікке белгілі қағидасы – жер шарының әртүрлі бөліктеріндегі флора, фауна (яғни барлық өсімдіктер, жануарлар түрлері) әртүрлі және әрбір өсімдік, жануарлар түрі белгілі бір ғана территорияда таралып, сол маңда ол өзінің тіршілік ету мұқтаждығына сәйкес орындарында ғана кездесетіндігі , екінші сөзбен айтқанда, әрбір түрдің өзіне тән таралу облысы немесе ареалы, және мекен ететін орны немесе станциясы болады. Ареал – тек географиялық түсінік және оны сол өсімдіктер мен жануарладың түрлері кездесетін жерлерінің шеткі нүктелерін сызық арқылы қосатын болсақ оны картаға сызып, түсіруге болады.

Қандай өсімдік, жануарлар түрі болмасын, жер шарының белгілі бір жерінде ғана пайда болады. Бұл жерді сол түрдің шығу орталығы дейді. Егерде түр көп жерде таралмай белгілі бір жерде (облыста) орналасқан болса, оны сол облыстың эндемигі деп атайды. Әртүрлі өсімдіктер мен жануарларды зерттеу арқылы олардың географиялық шекарасын – зоогеографиялық аймақтарын табамыз, бұл зоогеографиялық аймақтар құрлықтар мен теңіздердің бейнесіне сәйкес келе бермеуі де мүмкін; жердің даму тарихында құрлықтар мен теңіздердің шекарасы өзгеріске ұшыраған, сондықтан организмдердің таралуына осы кездегіден айрықша жағдай туғызған.

Курстың мақсаты: Экологиялық биогеография пәнінде кездесетін түсүніктер мен заңдылықтардың бәрі – жер бетінде тіршілік ететін фауналарды зерттеу арқылы табылып, құрастырылған; теңіз бен мұхит жануарлар дүниесі кедергілерге онша тәуелді емес және олардың қозғалысы еркіндеу болып келеді; бір жерде отыратын не аз қозғалатын формалардың әдетте өзеркімен жүзіп жүретін дәрнәсілдері болады, олар осы дәрнәсілі арқылы тарайды. Сондықтан, теңіз организмдерінің таралуына шек қоятын экологиялық факторлар, тіршілік жағдайлары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет