Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет5/39
Дата06.01.2022
өлшемі84,86 Kb.
#12374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Деректер қорының мақсаты мен негізгі компоненттері

Компьютерде шешілетін тапсырмалар түрінің өзгеру тарихы, соның нәтижесінде дерек қоры түсінігінің пайда болуы. Ақпараттық жүйе, деректер банкі, дерек қоры, деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ), қолданба, администратор, компьютерлік жүйе, көмекші персонал түсініктерін анықтау.


Деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ). ДҚБЖ классификациялары. Негізгі функциялары

Дерек қоры анықтамасында көрсетілген деректер қоймасы мен функционалды қамтамасыз етудегі қолданушылар арасындағы бағдарламалық интерфейстің (ДҚБЖ) рөлі. ДҚБЖ классификациясы: толыққанды, дерек қорлардың серверлері, дерек қорлардың клиенттері, деректер қорымен жұмыс жасау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу құралдары. Жеке және көп пайдаланушыға арналған ДҚБЖ. ДҚБЖ функциялары: сақтау, өзгерту (енгізу, өзгерту және жою) және ақпаратты өңдеу, сақтау, түрлендіру (толықтыру, өңдеу және жою) ақпаратты өңдеу, сондай-ақ түрлі шығыс құжаттарын әзірлеу және өндіру. ДҚБЖ функцияларын жүзеге асырудың ерекшеліктері. Тілдер: деректер сипаттау

тілі, деректерді басқару тілі. Деректерді логикалық және физикалық түрде ұсыну. Деректерді логикалық және физикалық тұтастығын қамтамасыз ету тетіктері (транзакция, транзакция журналы, блоктау).
Көп қолданушыға арналған ДҚБЖ жүзеге асырған кезде қолданылатын архитектуралық шешімдер

Көп қолданушыға арналған ДҚБЖ-ын анықтау. Келесі архитектураларды және олардың жұмысын анықтау: орталықтандырылған архитектура, файлдық сервері бар желі (файл-сервер архитектурасы), клиент- сервер, үш деңгейлі архитектура (бизнес-логика серверін администрациялау). ДҚБЖ архитектурасының дамуы мен есептеуіш техника және технологиясының дамуы арасындағы байланыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет