Зерттеу жұмысының мақсаты – ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі сын есімнің зерттелу ерекшелігін көрсету.
Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер көзделді:
сын есімнің жеке сөз табы ретінде танылуының ерекшелігін айқындау
сын есім туралы зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектерін, ұстанымдарды талдау
ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің зерттелуін ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі зерттеушілердің ұстанымдарымен салыстыра талдау.
ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің зерттелуін бүгінгі таңдағы зерттеулермен салыстырып, ұстанымдарын нақтылау
ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің зерттелуінің ерекшеліктерін, ұстанымдарын, бағыттарды көрсету
Зерттеу нысаны. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің грамматикалық категория ретінде орнығуы, зерттелуі-зерделенуі және танытылуы. Сын есімді жеке сөз табы ретінде қарастырған ғалымдардың көзқарастары мен пікірлері.