Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі



бет2/26
Дата21.06.2023
өлшемі445,5 Kb.
#102803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Қазақ аруы хрестоматия

Ұмай ана
Ұлы табиғат құшағының аңғал-саңғал алаптарында тіршіліктің ыстығына күйіп, суығына тоңа жүріп еңсесін көтерген адам баласының танымдық қабілеті де бірте-бірте оянады да, түрлі-түрлі құбылыстарды сол ұғым шеңберінде қастерледі. Өз жаратылысының негізінде сол нанымдарына ұластырады. Ең алғашқы күнді, аспанды, жерді, суды, отты, қасиетті санаған тотемді сенімдері күнделікті тумысындағы ғұрып, әдеттерінен орын ала бастады. Түпкі тегін болжауға ақыл-ойы, күш-қуаты жетпеген заттар мен құбылыстарды қасиеті жоқ құдіреті ретінде қастерледі. Ал осы жүйені сезімге бағындырған шамандық кезеңде бұл нанымның аумағы рухтың жебеушілерімен ұлғая түсті. Содан барып табиғат құбылыстары туралы алуан-алуан аңыздар пайда болды. Бұл – адам баласы иланым-нанымының сипаты болып қалған өшпес ізі еді....
Осындай наным-сенімнің ең бастысы – адамның өзі қалай пайда болуы, қайтіп жаралуы болса, ол да қилы-қилы аңыз болып тарады. Бұл ұғымның аумағы да өте кең. Бәрі де «алғашқы адам топырақтан жаралған» деген сенімге тіреледі. Өте ерте заманда пайда болған «Таурат» кітабында еврейлердің құдайы Яхуэй топырақтан адам кейпін жасайды да мұрнына үрлеп қалса, жаны бар тіршілік иесіне айналғаны айтылады. Ал көне Юнан (грек) аңыздарындағы құдайлардың құдайы Зевс те балшықтан адам бейнесін жасап алып барып, оның бойына жан беріп, денесіне ақыл сезімін енгізеді. Құдіретті күштің иесі Прометей де тәңірдің әмірі бойынша топырақтан адам жасайды. Солтүстік Америкадағы үндістердің жерді жаратқан құдайы қызыл және қоңыр топырақтан алғашқы еркек пен әйелді жаратқан дейтін аңызы бар. Парсылардың ертедегі «Авеста» деген кітабында да тұңғыш адам Кломарстық сары топырақтан жаралғандығы әңгіме етеді. Сондықтан ол «Гілшаһи» (топырақ патша) аталған. Ал Ислам дінінің қасиетті кітабы Құран кәрімде: «Адам ғалаһиссалам – бүкіл адамзаттың атасы, тұңғыш жаратылған кісі. Алла тағала оны топырақтан илеп алып, жан берген» делінеді. Түркі халықтарының ата-мекені Алтай аңыздары да «Құдай адамды сағыз лайдан жасаған» дегенді негіз етеді. «Көктен тамдық, жерден өндік» деп, аспан мен жерді аялау сезімдерді басым Алтай аңыздардағы құдіретті тәңірдің бірі – Жер тәңірі. Жер – Отан, мекен адам баласының қорғанышы деп табылады.
Осындай ежелгі нанымдардың ішінде әйел-ана құдайлар да айрықша қасиетке ие. Бұл наным барлық халықтарда бар. Юнан аңыздарындағы әйел тәңірі Һера – аспан құдайы Зевстің әйелі. Ол той-думан, салтанаттың, ұрпақ көбеюінің жебеушісі. Үндістандағы будда жоруларындағы әйел тәңір Харид ана да ұрпақ өсірудің құдіреті. Ертедегі парсылар сенген әйел тәңір Анаһита да адам баласының көбеюін басқарған жебеуші. Демек, ұрпақ тағдыры адам баласын толғандырып, сол мұраты үшін талпынып отырған. Оны қолдаушы осы әйел тәңірлері еді.
Түркі халықтары да ерте заманда-ақ өздері табынған тәңірлерін қасиет тұтқан, сенімі де сан қилы. Өзінің қуаты жетпегеннің бәрін тәңір санаған. Жер, аспан, күн, тау, орман, найзағай, дауыл, тасқын-сел оларға тәңірдің бейнесі кейпінде елестейді.
Тәңір атауы о баста алтайлық шамандар қолданған тіл, көк (аспан), кеңістік мағынасын ұқтырады. Кейін келе құдіретті күштің иесі дегенді білдіретін құдай мағынасына ауысқан. «Тәңір» сөзі жыл санауымыздан 3 ғасырда-ақ Һун (гун) тілінде кездеседі. Олар бұл құдірет иесін қоғамдық ағымға бейімдеп, сол кезінде өздері табынатын аруақтарды аялап, оған тәңір сипатында табынған. Түркі халқы бұдан бес-алты жыл бұрын күнді тәңір тұтқан. Алтай аңыздарында тәңірдің «Карахан» деген атауы да болған.
Алтай шамандары табынған ең ұлы тәңірі – Каман. Тәңірдің баласы – Өлгін тәңір. Бұл «Ұлугүн» сөзінің өзгерген түрі көрінеді. Зерттеушілердің анықтауынша, осы екі сөз де «құдіретті», «ұлы» мағынасын береді екен.
Аңызда айтуынша, Өлгін тәңір Ай мен Күннің арасында жүлдыздардың үстінде тұрады екен. Оған жетер жолда (кей аңызда тоғыз) жеті тосқауыл бар. Бұл тосқауылдар еркек шамандар (қам) келгенде ғана ашылады. Өлгіннің сарайында алтын тағы бар. Тәңірдің порымы адамға ұқсайды. Шаман дұғаларында бұл тәңірдің есімі «Ақ аяз», «Аязхан», «Жаратқан», «Жебеуші» деп аталып, тауап етіледі екен. Наным бойынша көктен түскен жаңбыр тамшылары – осы тәңірдің ауызынан түскен нұр. Өлгін тәңірдің жеті ұлы, тоғыз қызы болған. Ұлдары: Қаршыт, Боғрахан, Жасылхан, Бахытхан, Әрканым, (Картал) Қарақұс, Боршахан, Әрханым. Олар да көкте тұрады. Қыздарының жеке аты айтылмайды. «Ақ қыздары», «Қияндар» деп жалпы айтылады. Бұл қыздар – шамандар сарынының жебеуші перизаттары. Өлгіннің қызметінде басқа да жарық, шұғыла, қар секілді рухтар бар. Соның ішінде Жарық – адамдар мен Өлгін арасын байланыстырып тұратын құдірет иесі. Жалпы айтқанда, Өлгін ата тәңірі сипатында көктегі барлық құдірет иелерін басқарады екен.
Түркі халықтары пір тұтқан әйел тәңірі де бар. Оның құдіреті көк тәңірінен кем емес, оны Ұмай ана деп, түркі жұрты бас иіп, табынады. «Ұмайға табынсаң, ұл табасың» деген мақал Махмуд Қашқари жазған «Түркі тілдері сөздігінде» кездеседі. Ежелгі алтай аңыздарында адамды Ата тәңірі Өлгін мен Ана тәңірі Ұмай жаратқаны айтылады. Ана тәңір Ұмайдың есімі ежелгі түркі ескерткіштерінде жиі кездеседі. «Тунюқұқ мәңгі тас ескерткішіндегі жазуда: «Тәңір Ұмай, қасиетті жер-су бізге медет береді. Біз (тағы) неге тозып кетеміз» деген сөз бар. «Күлтегін» ескерткішінде: «Ұмайдай анам билеген елде інім Күлтегін ер аталады» деген сөз де көңіл аударады. Демек, ежелгі түркі халықтары ұрпақтарының жебеушісі де Ұмай ана. Бұл наным халықтар жүрегінде сақталған. Моңғол мен Саха (Якут) халқы арасында Ұмай анаға табынушылар әлі де бар көрінеді. Қазақтардың көктен жаңбыр тілейтін ырымы да осы сенімнің жұрнағы.
Ұмай ананың құдіреті – адам баласына топырақ, су қайнарларын сыйлау, сондықтан ол жер бетіндегі күллі өнімнің де тәңірі саналады. Ұмай ананың он екі қызы болыпты. Олар адам баласын бақытқа жеткізу үшін өзенді бөгеп, сусыз жерге су шығару үшін қажымай еңбек етіпті. Қыздарының бұл ісіне сүйсінген Ұмай ана олардың өмір бақи адам баласына жол сілтеп тұруы үшін қада тастарға айналдырып жіберіпті. Бұл да қасиетті ананың адам ұрпағына істеген жақсылығы саналады.
Тәңірге сыйыну сипаты күні бүгінге дейін халқымыздың салтында бар. Қайтыс болған адам жатқан орынға жеті күнге дейін шырақ жағып қою, жаңбыр жаумай қалған маусымда тасаттық беріп, көктен жауын тілеу, толғатқан әйелдердің Биби Фатима аруағына қоса Ұмай ананы да атап, жебеуші болуын тілеуі секілді ниеттер ел ішінде ұзақ сақталған. Демек, ежелден-ақ әр халықтың өзі сыйынған жебеушілері болған анық. Соның ішінде ана тәңірлердің адам баласына қамқорлығы ерекше. Ал Ислам діні тарағаннан кейінгі адам баласының түбі – Адам ата мен Хауа ана. Бұлар да бұрынғы өткен күллі тәңірлер секілді болашақ ұрпақтың бастаушылары саналады. Адам баласы өз тіршілігінде өзіне өмір берген, жарық дүниені сыйлаған. Сондықтан да адам өзінің адамдық сипатын таза сақтауға тиіс. Алла тағаланың да күтетіні осы. Бұзақылық, қиянат, өсек-аяң, зинақорлық, жалған сөз – Алла тағаланың өте жиіркенетін істері. Адамгершілігі биік дейтін адамдар осы сипаттардан аулақ болуымен ардақты. Арыңыз да, намысыңыз да жаныңыздың тазалығымен өлшенеді. Отбасының сүттей ұйып, балдай тәтті күймен өмір сүруі де ар мен намысқа байланысты. Арлы ұрпақтарды тәңір жарылқай берсін.
Құрманбай Толыбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет