Ќазаќстан республикасы бiлiм жјне єылым министрлiгi



бет15/28
Дата07.06.2023
өлшемі0,69 Mb.
#99414
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
Дипломды ж мыс Та ырыбы Delphi программалау ортасында график

Қасиеттері
Программа құрастырылғанда және орындалғанда компоненттің сыртқы көрінісін және бет алысын қасиеттер арқылы басқаруға болады. Компоненттің көптеген қасиеттерін Объектілер бақылаушысы арқылы форманы қалыптастыру кезеңінде анықтауға болады. Жалпы компоненттің қасиеттер мәнін меншіктеу операторымен анықтауға да болады.
ТCaption түріне жататын Caption қасиеті компонентің атын (тақырыбын) жазатын жолдан тұрады. Caption - String түрімен ұқсас деп саналады. Тақырыптағы кейбір символдардың асты сызылып тұруы мүмкін, олар жедел қол жеткізу пернелерінің қисындастыруын көрсетеді. Көрсетілген символдың Alt пернесімен бірге басылуы осы элементтті тышқан тетігімен басуымен бірдей деп есептеледі. Пернелердің қиылысуын анықтау үшін тақырыптағы сәйкес символдың алдына & таңбасы қойылады.

  • TAlign түріне жататын Align қасиеті контейнердің ішіндегі компоненттің тегістеуін қамтиды. Тегістеу тәртібі контейнердің мөлшері өзгертілгенде интерфейстік элементттің контейнер ішінде белгілі бір орынды алып тұруын қамту қажеттілігіне пайдалынады. Кейбір компонентердің, мысалы Button батырмасын осы қасиетіне тек қана программа орындалып жатқанда жол ашылады.

  • Компоненттің түсін кейбір тұрақтылар арқылы анықтауға болады. Ол тұрақтылар экран қасиеттерінің Оформление – безендіру бетбелгісімен анықталған Windows ортасының жүйелік палитрасының құрамындағы элементтер түстері.

  • Boolean түріндегі Ctl3D қасиеті арқылы визуалдық компоненттің көрініс түрін анықтауға болады. Егер Ct13D - ның мәні False болса, онда көрінісі екі өлшемді, ал True болса, онда үш өлшемді болады. Үш өлшемді көрініс элементттің жаңа ашылған эффекті арқылы беріледі. Бұл қасиет кейбір компоненттерде болмайды, мысалы Label - де ол жоқ.

  • TCursor түрінің Cursor қасиеті тышқан көрсеткішінің көрінісін анықтайды. Мысалы, crDefault мәні көрсеткіштің түрін келісімше (әдетте тілсызық) қалтырады, crNone - көрсеткіш көрінбейді, crHourGlass - көрінісі құм сағат түрінде шығады.

  • Boolean түріндегі Enabled - компоненттің екпінділігін, яғни тышқаннан немесе пернелерден түскен хабарға сезіну қабылеті бар екендігін көрсетеді. Егер қасиеттің мәні True болса, онда компонент екпінді деп саналады, False болса, онда компоненттің көрінісі бозарып, екпінді емес күйде болады.

  • Integer түріндегі Height және Width қасиеттері компоненттің контейнердегі биіктігін және ұзындығын көрсетеді. Форма өзі экранға орналасқан компонент деп саналады және оның координаттар нөмірі экранның жоғарғы сол жақ бұрышынан басталады. Integer түріндегі Left және Top компоненттің контейнердегі жоғарғы сол жақ бұрышын анықтайды.

  • String түріндегі Hint қасиеті арқылы көрсеткіш белгілі бір компонент аймағында жылжымай орналасып тұрғанда еске түсіретін хабар шығарылады. Ол хабар Hint қасиетінің оң жақтағы бос жолына енгізіледі. Енді хабар шығып тұруын қамту үшін Show Hint := True деп анықтау керек. Әдетте келісімше Show Hint мәні False болып тұрады.

  • TMainMenu түрінің MainMenu туындысы арқылы формаға меню жүйесін орнатуға болады. Меню құрастырушысы мәтіндік редакторға ұқсас және онымен жұмыс атқару ыңғайлы және жеңіл түрде орындалады.

  • TPopupMenu түрінің туындысы PopupMenu арқылы белгілі бір компоненттің аумағында тышқанның оң батырмасын басқанда жергілікті контекстік (тақырыпқа байланысты ) меню жүйесін шығаруға болады.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет