Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



бет46/69
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#23608
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69
Байланысты:
Курсты ма саты мен міндеті

Франция мен АҚШ-та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды топқа бөлу кеңінен тараған. Кейбір пәндерді оқытуда топтарды “жылдамдар”, “ортаншылар” және “баяулар” деп атайды.

Германияда топқа бөлу ЖОТ жүйесінде жүреді. Жоғары (ж), орташа (о), төмен(т) топтарға сәйкес әр түрлі бағдарламалар жасайды. Жапонияның мектептерінде де оқушыларды топқа бөліп оқыту тұрақты орын алған. Топтағы жұмысты сайыс түрінде жүргізеді. Сыныптағы топтар сайыс кезінде кім ағылшын сөзін, эроглифтерді, тақпақтарды, т.б.кім біледі деген сұрақтарға жауап береді. Барлық оқушыға баға қойылады. Жапония педагогтерінің арасында топтық оқытуға көзқарастары әр түрлі.

Білімді даралап, саралап берудің басты бір бағыттарының бірідарынды, талантты балалар мен жас өспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселеге әлемдік педагогикалық қызығушылық бары байқалады. Соның бір айғағы ретінде жоғарғы қабілетті Еуропалық ассоциация құрылды. Ассоциацияның басты мақсаты – дарынды балаларды зерттеу, қолдау және мадақтау. Мұндай саясат Қазақстанда да жүріп жатыр. (“Болашақ” бағдарламасы, “Дарын” орталығы).

Ғалымдардың есептеуі бойынша әрбір жас ерекшелігіне байланысты топта 3 пайыздан 8пайызға дейін өте талантты оқушылар болады. Бірақ, олардың барлығы мадақтала бермейді, АҚШ-та дарынды балалардың 40 пайызы анықталады, ал Францияда олардың 5 пайызы жоғары мектепке қабылданбайды.

Англияда дарынды балаларды зерттеу орталығы бар. Мұнда дарынды балалармен жұмыс істейтін мектептер, арнаулы бөлімдер және тездетіп, тереңдетіп оқытатынкурстар жетерлік. Ағылшын педагогтарының дарынды балаларды оқыту әдістемесі бойынша диагностикалық тестілеу тәжірибелері мол.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет