Кіріспе:
Зерттеудің өзектілігі: 1986 жылдың 16-18 желтоқсанында Қазақстанда болған қанды шайқас халқымыздың тарихына тоң-тоң болған шері мен мұңы бар, қатпар-қатпар сыры бар күндер болып мәңгі хатталады. Алайда осы бір тарихи құбылыс пердесі әлі толық ашылмай келеді. Оның бірнеше себептері бар: біріншіден, бейбіт демонстрацияға, манифестацияға шыққан шын мәніндегі реформатор ұрпақтың өкілдерін қанға бөктіру процесіне қатысқандар әлі арамызда. Екіншіден, жүйе алғашқы жылдары желтоқсан қозғалысына байланысты негізгі деректерді құртып үлгерді. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының арнаулы Комиссиясы жүріп жатқан кезде құжаттардың бірқатарын Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің өртеп жібергені осының бірден-бір айғағы. Біздің пікірімізді мына құжаттарда растайды: «Іс жүзіндегі маңызын жоғалтуы себепті, жарамдылық мерзімі өтіп кетуіне байланысты «Метель» операциясын өткізу кезіндегі іс қимыл жоспары өртелу жолымен жойылды. Ішкі қызмет подполковнигі А.И.Калинин.
Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер- қоғамдық және мәдени салаларды қамтыған өрескіл кемшіліктер,ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп,оларды күрес жолына тусуге еріксіз алып келді.Міне,сондықтан,желтоқсан қозғалысының тарихын жан-жақты бар қырынан ашып көрсету өзекті десек қателеспейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |