1.2. Желтоқсан оқиғасы және оның ұлтаралық
қатынастарға қатысы
Қазақ арақты арам санаған.Дастарханына қоймаған ,арақ тұрған дастарханда отырмаған,спирт тамған киімді кимеген.
Араққорларға қарсы күрес науқаны дүние жүзілік рынокқа шығуға шамасы бар Қазақстан шараптарының өндіріс көлемінің (жүзім өсімдіктерін жою арқылы) күрт төмендету арқылы жүргізуге болады деп сенді. 1987 ж. республика бойынша 1985 ж. салыстырғанда алкоголь ішімдіктерін өндіру 34%-ке, соның ішінде шарап 51%-ке, шампан 10%-ке, сыра 24%-ке, арақ 6%-ке, сыра 6%-ке күрт төмендеген. Егер 1986 ж. шарап-арақ ішімдіктерін 90 кәсіпорын шығарса, 1990 ж. басында олардың саны 12-ге төмендеді де, олар шығаратын өнім 80%-ке қысқартылды .
Бұл іс-әрекеттің салдары екінші бір қылмыстың түрін көбейтті. Алкоголь ішімдіктері үшін қылмыс жасау жиі кездесетін жағдайға жетті.
1990 ж. өткілген социологиялық сауалнаманың қорытындысы бойынша, респонденттердің 80,4%-і желтоқсан оқиғасын еш халыққа қарсы бағытталған емес, аппараттық "ойынға" реакция ретінде қабылдайтындарын білдірді .
Қазақстан халқының, жұртшылықтың талабымен санасып, КОКП ОК қаулысындары қазақ халқының ұлтшылдыры деген айыптың алынуы жөнінде КОКП ОК Саяси Бюросының қаулысы көпшілік аз оқитын "Известия ЦК КПСС" журналында жарияланды. Осылай жай ғана, қарғыс атқан "ұлтшылдық" айдары алынып тасталды.
Желтоқсан оқиғасы, біздің ойымызша, өмірді барлық әлеуметтік-экономикалық, саяси, экологиялық салаларында, ұлттық саясаттары көптеген жылдар бойы үсті-үстіне жинақталып, шешілусіз келген мәселелер мен тоталитарлы жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігінде жатыр. 1985 ж. сәуірінде басталған, бірақ 1986 ж. желтоқсанына дейін қоғамдық санаға, әсіресе мемлекет партия номенклатурасының баяндамаларына ғана еніп, санасына ене қоймаған әлсіз демократия мен әкімшілдік-әміршіл күштерінің қақтырысы еді.
Желтоқсан оқиғасы мемлекеттік құрылысты құлатуға емес, баста саяси бағыт алған бейбіт демонстрация еді. Шеру еш ұлтқа, халыққа, ұлысқа, Колбин жолдастың командасы қарсы қоюға тырысқандай, соның ішінде орыс ұлтына қарсы бағытталмаған еді.
СОКП-ның бас хатшысы М.С. Горбачевтың елшісі, басқарушы партяның саяси Бюросының мүшесі М.С. Соломенцев бастаған илеп-билеушілер желтоқсанды «ұлтшыл элементтер», «тобыр», «бұзақылық», «арамтамақтар және қоғамға жат адамдар», «қайта құруға қарсы күштер», «маскүнем», «нашақор», «көргенсіз бұзақылар», «шектен шыққан ұлтшылдық» деп бағалады . 1986 жылы 18 желтоқсан СОКП-ның Саяси Бюросы өзінің мәжілісінде «Алматыдағы оқиғаға байланысты шаралар» туралы қаулы қабылдады. Сөйтіп, қазақ ұлтының жас реформатор ұрпағының қозғалысын «оқиғаға» сайды. Амал нешік, бүкіл әдебиетте, оның ішінде Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының арнайы Комиссиясының шешімінде де Алматыдағы желтоқсан қозғалысы «оқиға» болып саналуына жүйе осылай жол салды, бағыт берді. Бірақ СОКП Орталық Комитеті бұл берілген бағаға да қанағаттанбады. 1987 жылы шілде айында қабылдаған арнайы қаулысында желтоқсан қозғалысы «қазақтардың орыстарға қарсы шығуы» деп, барша халыққа ұлтшылдық айдарын . Міне ол өзінің осылай әлем алдында қарабет екенін танытты .
Желтоқсан қозғалысын әлемдік деңгейге көтеріп, демократиялық жұртшылықтың ниетін оған бұруда Америка Хельсинки тобының еңбегі ерекше. Бұл топ желтоқсан феноменін Михаил Горбачев билікке келгелі болған халық наразылығының ең бірінші және айқын көрінісі деп таныды.
Алматы желтоқсанын «тоқу» деп бағалап, оқиға деген терминді тырнақшаға алып жазды. Алайда сол бір тырнақшаға Желтоқсан қозғалысын зерттеушілердің басым көпшілігі көңіл бөлмеді. Хельсинки тобы Алматы құбылысының Қазақстан ғана емес, бүкіл Одақ көлеміндегі ірі тарихи «оқиға» екенін көрсетті. «Бұл жаңа кезең»,- ол топтың мойындауынша, - әр жерлерде күшпен басылған талай толқуларды тудырды».
Желтоқсан құбылысын зеттеуге ат салысып келе жатқан зерттеуші журналист К.Табеев қазақстандық көзсіз батырларды 1825 жылы Санат алаңына шыққан көтерілісшілерімен салыстырды. Қазақ декобристері Одақ көлемінде ең бірінші рет бел байлап, Орталықтың отаршыл саясаты мен озбырлығына қарсы үзілді-кесілді бой көтерді, екі оқиғаның арасы бір жарым ғасыр өтсе де уақыт пен құбылыстардың өзара байланысы барлығына автор баса көңіл бөледі. Журналист Т.Данияров желтоқсан феноменін Одақтың құлауына әкелген 1991 жылғы тамызымын үндеседі, - деп әділ санайды . «Желтоқсан ызғары» атты еңбектің авторы жазушы Т. Бейісқұлов желтоқсан қозғалысын «Совет өкіметі тұсында бұрын-сонды кездеспеген құбылыс»,- деп таныды. Автор газет журнал беттеріндегі жарық көрген материалдарды жинақтап, бір ретке салды. Уытты сөзімен, айбынды үнімен публицист өзінің ізбасар батыр ұрпағына деген сүйіспеншілігін танытты. Еңбекті жоғары бағалай отырып, оның айдарына көңіл бөлгім келеді: «Желтоқсан ызғары». Біздіңше «ызғар» ұғымы бұл құбылыстың сырын аша алмайды. Желтоқсан 1986 - алды дабыл, арты дауыл, үскірік аязға ұласты, елді түнек басты. Желтоқсан арты 1937-1938 жж. сияқты күрескер ойшыл қауымды жаппай репрессияға ұшыратты. Кейбір журналистер «Желтоқсан жаңғырығы» деген ұғымды да пайдаланғаны байқалады. Бұл тек жазушы қауымның әсірелеу үшін айтқаны болар. Желтоқсан «жаңғырық» шығарып қойған жоқ, ол дабыл қақты, егілген елді күрес алаңына шақырып, оның үні әлемді тітіркентті, Одақты теңселті.
Желтоқсан – 1986 ісі бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы құрған арнайы Комиссия ұзақ және негізінен жеңісті еңбек етті. Комиссия құбылыстың қалай өрбігенін тарих алдында жауапты жандардың қылмысын толық көрсетіп берді. Комиссия отаршыл жүйенің қозғалысты қалай жазалауды ұйымдастыруда асқан «өнерінің» сырын ашты. Қозғалыстың түрі ұлттық болғанымен, оның ұлтшылдыққа ұрынбағандығын, орыс халқына деген өшпенділіктің болмағанын баса көрсетеді. Ол желтоқсан толқуын Одақ көлеміндегі жас, әлі буыны бекімеген демократиямен бұйрықшыл-әміршіл жүйенің тұңғыш қақтығысы, - деп түйіндейді.
Желтоқсан құбылысын Комиссия осылай «түпкілікті», «толқу», «қақтығыс» деп бағалады. Сөйтіп, ол Америка Хельсинки тобының пікірін қуаттады.
Комиссия еңбегін жоғары бағалау абзал. Ол жүйені айыптады, желтоқсан қозғалысына көптеген деректерді жинады, жаппай репрессияға ұшыраған жандардың есімдерін қатады, жарасына рухани емшілік етті.
1990 жылы 24 қыркүйекте Қазақ Жоғарғы Советі Президиумы «Алматы қаласында 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-інде болған оқиғаларға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөніндегі Комиссияның тұжырымдары мен ұсыныстары туралы» қаулы қабылдады. Қаулыда жастардың «Алматыда болған бой көрсетуі ұлтшылдық сипат алмағанын және бастапқы сатысында заңға қайшы сипатта болмағанын атап өтеді...
Демонстраттармен байланыс жасау кезеңі өткізіліп алғаннан кейін жағдай шиеленісіп, алаңдағы жастардың бейбіт көңіл-күйін қызбалықпен ұрыншақтық алмастыра бастаған кезде, диологқа жасалған әрекет мінбедегі үдеткішке шыққан республика басшыларын тікелей қорлау мен бұзақылық қылықтарға ұласып кетті. Заңға қайшы ұрандар айтылып, тәртіп қорғау күштерімен қақтығысу басталды, оларға тас лақтырып, машиналар өртелді және басқа бұзақылықтар жасалды.
Партия органдарыны нұсқауы бойынша жұмысшы жасақшыларын таяқтармен, металл шыбықтарымен және кбель кесінділерімен қаруландыру оқиғаларға екі жақтың ұлттық белгісі бойынша тайталасу сипатын берді. Мұның өзі сол күндердегі елеулі саяси қателіктердің бірі болған еді»- деп түйіндеді.
Басқаша айтқанда, Комиссия бір жағынан жастардың алаңға шығуын айыптамаса, екінші жағынан манифестацияның екінші сатысында «қызбалық». «ұрыншақтылық», «бұзақылық жасады» - деп Жоғарғы Совет Президиумы билеуші топтың, жүйенің ісін ақтауға тырысты. Қанды қырғын ұйымдастыру, Жоғарғы Совет Президиумының түсінігінде тек қана «саяси қателіктердің біріне» айналды.
Жоғарғы Совет Президиумы кейбір аты шулы қолы қанға малынған, есімі қарғысқа шалынған жауапты қызметкерлерді ат-үсті жазалау арқылы елдің қобалжу көңілін басты. Сонымен «1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға байланысты мән-жайларға түпкілікті бағаберу жөніндегі Комиссияның жұмысы аяқталды деп танылсын» - деп, даулы істі жылы күйінде жапты.
Бұл арада Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президиумы өз қаулысында Комиссияның мына бір тұжырымдарына сүйенді: «Демонстранттардың бір бөлігінің іс-қимылы заңды тәртіп шеңберінен жиі шығып отырды. Республика басшыларымен сөйлесуге әрекеттер жасалған кезде демонстранттар оларға сөздерінің саяси мәдениеттіліктің жоқтығын білдіріп, сабырсыздық, өрескел дөрекілік көрсетті, тіпті тікелей қорлауға және бұзақылық әрекеттер жасауға дейін барды. Тәртіп қорғау күштеріне бағынбай оларды қорлады, олармен қақтығысып, төбелесті, тас лақтырып, олардың денесіне жарақаттар салды. Заңсыз іс-әрекеттерге жауапсыздықпен, арандатцшылықпен шақырулар, автомашиналарды өртеу, үйлерді зақымдау оқиғалары кездесті».
Комиссиr, оның төрағасы, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері М.Шаханов жұмысты қиын кезеңде жүргізді, оларға жүйе тарапынан жасалған қысым да аз болған жоқ. Сондықтан болар, Комиссия өзінің бастаған ісін түпкілікті, баянды түрде қорытынды шығара алмады. Желтоқсан «қақтығысына» біржолата, «түпкілікті» баға беремін деп өзіне орындай алмайтын миссия артты. Өйткені, ең соңғы бағаны уақыт, тарих береді хақ. Комиссия негізінен құбылыстың бетінде жатқан фактілерге ғана көңіл бөлді. Оның әлі талай қалтарысында жасырын жатқан фактілері қаншама десеңші! Ол олма, Комиссия өзі анықтаған фактілердің кейбірін ақырына дейін жеткізіп, бетін ашуға батылы жетпеді. Мысалы, 1989 ж. 16 қарашада «Известия» газетінде М. Шаханов өзінің тілшіге берген сүхбатында ұрыс алаңында 168 адамның өлімі барын, «Батыс» бейітінде номірі де, фамилиясы да жоқ 58 мола барын хабарлады. Соңғы 58 адам Ішкі істер министірлігінің араласуымен жерленген деп көрсетті . М.Шаханов ССРО халық депутаты ретінде берілген сұхбатында «Үш адам алаңдағы, қаладағы қақтығыстарда қаза тапты. Бұған Ішкі істер Министірлігі мен Мемлекет Қауіпсіздігі комитетінің органдары қатысты деп ойлауға бізде негіз бар. Желтоқсан оқиғаларынан кейін жыл бойы Ішкі істер органдары фамилиясын, тіпті номерлерін көрсетпестен тағы да 58 адамды көмді деген күдігіміз бар», - деп тағы да мәлімдеді. Алайда кейін комиссия қорытындыларында бұл деректер келтірілмеді. Шамасы «М.Шаханов! Өлікті көтерер болсаң-басқа бір себептермен өзің өлесің» - деп алған аты-жөні белгісіз хат Комиссия төрағасын жалтарып кетуге мәжбүр еткені байқалды. Сөйтіп, тау мен тастан қайтпаған М. Шахановтың да жүрегі шайылғаны да байқалады.
Желтоқсан – 1986 тек Алматы жастарының өнері емес. Ол «Жезқазғанда да, Қарағандыда да алпыс адамнан ұсталып, соққыға жығылды, митингілер мен шерулер Талдықорғанда да, Арқалықта, Көқшетауда, Сарыөзекте, Талғарда, Павлодарда, Шымкентте және басқа да қалаларда өтті. Олардың қорытындылары бойынша 21 шеруші сотталды».
Ал Комиссия болса, тек Алматы төңірегінен аспады. Желтоқсанның 17, 18 күні Алматы әуе жайы ғана 80-нен астам әскер тасыған ұшақтар қабылдады. Ал бүкіл республика бойынша жазалау экспедициясы қалай жасақталды?- деген сауалға Комиссия жауап іздегені білінбейді. Сонымен бірге республикалық органдар мен Москва аралығында шифровкалар толық қаралмағаны көзге түседі. Қалай болғанда Комиссия жұмысының «әтеген-ай» дерлік жақтары бар екені дау тудырмайды.
Біз бұл арада тырнақ астынан кір іздеуден аулақпыз. Сөз жоқ, Комиссия алдындағы негізгі міндетін жүйе әлі күшінде болғанына қарамай орындады, ерлік жасады, жүйенің халық алдындығы қылмысын мойындатты, желтоқсан «толқуының», «қақтығысыны» тарихи орны бар екендігін айғақтады.
Біз бұл арады тек қана Комиссия сол қиын заманда еркіндік жасай алмағанын, негізгі түйінді батырып айта алмағандығын, оған шын мәніндегі мүмкіндігі болмағанын, оның объективті себептерін ғана айтым отырмыз.
Желтоқсан - 1986 туралы Т. Өтегенов пен Т.Зейнәбілов құрастырған айғақ кітаптардың орны ерекше екендігін атап кету орынды. Олар екі тілде шығарған сол бір жинақтар қолда бар құжаттарды бір ізге салып, желтоқсан қозғалысының дәйекті хроникасын жасауда ерен еңбек еткені даусыз.
Алматы желтоқсан феноменін зерттеуде Қазақстан Республикасының Мемлееттік хатшысы Әбіш Кекілбаевтың «Жарқын бетбұрыстың жойқын беташары» деген басылымының аяқ алысы, шабысы ерен. Мұнда ең бірінші рет желтоқсан көтерілісіне Мемлекеттік дәрежеде Қазақ ССР Жоғарғы Президиумының аранйы Комиссиясының шешімін қайта қарауға бағытталған талпынысты көресіз. Автор мақаланың артында көрсетілгендей жойқын құбылыстың қырлары мен сырларын, оның социалистік жүйе құлау тарихында орнын, тарихи маңызын желтоқсанның себеп-салдарын ашуға ниет еткен. Ең алдымен Әбіш желтоқсан құбылысының тұңғыш рет статусын анықтауға ізденіс жасағанын айту керек. Алайда Әбекең 1986 жылғы желтоқсанда «Желтоқсан толқуы», «Желтоқсан оқиғалары», «Алматы оқиғасы», «Желтоқсан оқиғасы», «Реформаторлық қозғалыс» сияқты ұғымдарды қаз-қатар пайдаланды. Сонымен бірге автор желтоқсан 1916 жылғыдай «Орталықтың бір ғана озбырлығын пайдаланып, күллі ұлттық болмысты түгелімен шайқап, жаңа сапалы өреге» көтергені үшін «1986 жылдың желтоқсан оқиғасын, бәлкім, көтеріліс деп те пайдалануға болады», - деп қарайды. Бұл жерде автордың «Бәлкім» деп сақтана түйінделгені байқалады. Автор осы ойды өрбітіп былай дейді: «Әрине, көтерілістің классикалық анықтамасы бойынша жаппай етек алу, көтерілісшілер жағынан күш қолдану әрекеттердегі ұйымшылдық және көтерілісшілер болуы, материалдық, техникалық, әскери дайындық жасалуы сияқты сипаттар керек. Желтоқсан оқиғасында ондай алғы шарттар болмағаны белгілі. Стихиялығына және ұйымдастырылмағанына қарамастан, салдары жағынан өзінен кейінгі бүкіл бір ұлт, бір елдік ауқымдығы әлеуметтік процестерді алдын ала анықтап бере алды. Бұл жағынан ол көтеріліс деуге әбден лайық. Кең ауқымдағы әлеуметтік қозғалыстың басталуына мұрындық болатын осындай көтерілістер де бар. Сөзіміз жалаң болмас үшін, «Батыс социологтарының беделді өкілдерінің бірі Э. Гидденстің айтқанына назар аударайық. 0ның анықтауынша, әлеуметтік қозғалыс дегеніміз – бұл жалпы мүддеге, немесе жалпы мақсатқа ұжымдық әрекет арқылы қол жеткізуге тырысқан ұжымдық талпыныс. Оның кейде бұқара желпінісінің әуенімен кетіп, жосықтық ауқымнан ауытқуы да ғажап емес.
...Ал жастардың желтоқсандық бас көтеруінде жалпы мақсат қандай айқын көрінсе, ұжымдық сипаты, бұқаралық стихияның әуенімен кетіп, шектен шыға ауа жайылушылықтың да орын алғаны да сондай айқын» .
Автор желтоқсан феноменін демократиялық, ұлт - азаттық реңдегі реформаторлық қозғалыстың жарқын прологы – деп таниды. Өз ойын өрбіте келіп Әбекең мынандай түйін жасайды: «Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы одақтас республикалардың Орталық өктемдігіне үнсіз қарсылығына жария сипат бітірді. «Дауыл алдындағы тыныштықтың» астан-кестенін шығарды. Сырттай қарағанда мызғымастай көрінетін коммунистік идеологияның сенімінен біржола айырылуын тездетіп берді. Осы орайда қозғалысты, біріншіден, ішкі ұлттық маңызы бар оқиға ретінде, екіншіден, жалпы одақтық деңгейдегі оқиға ретінде, үшіншіден, әлемдік маңызы бар аса салиқалы көп сипатты әлеуметтік сілкініс – аты шулы тарихи феномен ретінде бағаласа да артық емес» .
Белгілі құқық қорғаушы Е. Боннэрдің тұжырымын қолдай отырып, автор желтоқсан феноменін социалистік жүйенің құлауының екінші цикілі 1986 жылыдң желтоқсанында басталып, 1991 жылдың желтоқсанында өзі бастау алған қалада аяқталғанын атап көрсетеді. Сөйтіп, автор қозғалысқа халықаралық сипат береді.
Алматы – 1986-Желтоқсан қозғалысына көрнекті жазушы, Мемлекет қайраткері жоғарғы бағаға қанағаттанғандық таныта отырып, бұл болашақ ізденістердің кезекті бір сатысы деп қараған дұрыс сияқты. Әбекең құлашын қатты сермеп, алыстан толғап, тарихи процестің динамикасына үңіле бермейді. Ондай мақсатты алдына да қоймайды. Оны түсінуге болады. Өйткені Әбекең жасаған баяндаманың миссиясы басқа, ол биік тұғырдан тарих шыңынан өткенге шолу жасау, бағалау, бағдарлау, тарихи процестердің ара қатынасын, байланысын, сабақтастығын анықтау, тарихи маңызын көрсету.
Алматы – 1986-Желтоқсан қозғалысы халық демократиялық қауымды тебірентті. Желтоқсан құрбандарын қорғауға Чехославакияда « Адам құқығын қорғау жөніндегі «Хартер - 77», Варшавадан «Бостандық және бейбітшілік одағы», Венгрия зиялы қауымы үн қатты. Желтоқсан идеясынан ұрықтанған, қанаттанған «Невада – Семей», «Азат», «Желтоқсан», «Әділет» социал-демократиялық партияларын студенттердің тәуелсіз одағы, Қазақстан адам құқықтары жөніндегі қоғамдық комитет, Арал, Балқаш және Қазақстан экологиясы қоғамдық комитеті, «Мемориал», «Шаңырақ», «Жерұйық» ұйымдары, ССРО – дағы шығыс халықтары ассоциациясы, Қазақстан мұылман әйелдері лигасы т.б. ұйымдар желтоқсан қозғалысын ғайбаттауға бағытталған реакцияның әрекетіне үзілді-кесілді қарсы шықты, оның трагедиясын зерттеуді талап етті, тегеурінді қоғамдық үнді үзілмес әуенге айналдырды.
М. Шаханов өзінің «Известия» газетіне берген сұхбатында (1989, 16 қараша): «Қолға алған жұмыстың нәтижелі де тыңғылықты зерттелуіне жүздеген мамандар, атап айтқанда, заң қызметкерлері, социологтар, дәрігерлер, демографтар, экономистер, саясатшылар, прокуратура, ішкі істер министрлігі өкілдері, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкерлері, творчестволық интеллигенция мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, соның ішіндеадам құқығының Латвия лигасы, адам құқығы жөніндегі Қазақстандық қоғамдық комитеті, «Невада – Семей» қозғалысы, Қазақстан экологиясы және Арал, Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық комитет, «Желтоқсан» т.б. да қоғамдық комитеттер мен ұйымдар, жекелеген адамдар жанашырлықпен көмек көрсетті».
Егемен елдің Призиденті демократиялық жолға түскен қауымның басында бола білді. Ол Алматы 1986 желтоқсан қозғалысына ыстық ықыласын танытты. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде ол туралы былай сыр шертеді: «1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана – сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар 100 жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді».
Желтоқсан көтерілісінің 10 жылдығына арналып, Қазақстан Астанасында 1996 жылы қарашаның 8 –де өткізілген ғылыми – теориялық конференцияға қатысушыларға жолдаған құттықтауында Елбасы ұлы дүбірдің прологы болған сол бір бетбұрыс белестің тарихи маңызын жоғары бағалады. «Жастардың тоталитарлық жүйеге Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылған қарсы шығуы, - делінген онда, - біздің халқымыздың ұлттық сана – сезімінің қалыптасуындағы, оның қазіргі әлемдегі өз ролі мен орны қайта пайымдауындағы, шын мәніндегі тәуелсіздікпен мемлекеттік егемендікте қол жеткізуіндегі маңызды кезең болды.
Өз халқының зансыз аяқ асты етілген құқықтарын қалпына келтіруді ашықтан – ашық талап еткен қарсылыққа қатысқандар жазалау мен қатаң қудалауға ұшырады. Алайда осы оқиғаларды адамдар санасынан өшіру, бостандыққа, демократия мен тең құқықтыққа ұмтылған қозғалысымызды тоқтату ендігі жерде мүмкін емес еді. Бірнеше жылдан кейін КОКП Орталық комитетінің қазақ халқына нақақтан ұлтшылдық айып таққан белгілі қаулысының күші де жойылды.
Авторитарлық мемлекеттің жария еткен бостандығы мен іс жүзіндегі бюрократтық практикасының арасындағы айырмашылықты өз басынан кешіріп, еркіндік пен ұлттық өзін-өзі билеу жолындағы күрес туын көтергендер ұрпақтардың ілтипатына бөленіп , санасында мәңгі сақталады».
Проблеманың тарихнамасы еліміз тәуелсіздік алған кезден кейін желтоқсан құблысын зерделеуде ілгері басқандық байқалады. Сумгаит, Баку, Тбилиси, Вильнюс, құбылсытарының тарихы жабулы күйінде жатқан кезінде қазақ сахарасындағы бұл бір талпыныс еліміздегі демократиялық бағытта дамуымыздың айнасы болса керек.
Алматы – 1986 – Желтоқсан сырлы құбылыс. Қозғалыс тоталитарлық жүйеден тәуелсіздік алуға бет бұрған елдің тарихының біраумақты, маңызды белесін қамтиды. Ол бір ғана 1986 жылдың Астанадағы үш күндік оқиғаларынан тұрмайды, ол бүкіл жүйенің дағдарысы, тоталитарлық жүйе мен балғын демократияның алыс – жұлысы; ескі мен жаңаның күресі, ұлт-азаттық қозғалысының жаңа сатыда қалыптасу, өрбу сәті, оның қозғаушы күштерінің шабысы мен табысы, қуанышы мен трагедиясы сияқты келелі проблемалардың диалектикалық ұштасып жатқан әрекеттер мен қарекеттерден тұрса керек. Ендеше, қозғалысы кең, хронологиялық аумақты тарихи процесс, біз сол қозғалыстың (1986-1991) тек қана алғашқы сәтін 1986 жыл жетоқсанның үш күні туралы сөзді әрі жалғастырмақпыз.
Сонымен, 1986 жылы желтоқсанда не болды: «Оқиғама, құбылыспа», «тоқу ма», «қақтығыс па», «наразылық демонстрациясы ма, манифестациясы ма?», «орысқа-қарсы шығу ма», «бұзақы,-нашақор жастардың әлегі ме», «ұлтшылдық па, әлде ұлтжандылық, ұлтын сүюшілік қозғалысы ма?», «бунт па, әлде «көтеріліс пе?» - он жыл ішінде қозғалыстың сыры, мәні, қозғаушы күші, тарихи маңызы ашылмай келуі ең алдымен осы сауалға жауап беруге байланысты екендігін мойындар кез жетті, ағайын!Келесі тақырыпта барынша көтерілістін мән-жайын ашуға тырысамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |