2 Дипломдық жобаның тақырыптарына қойылатын талаптар
2.1 Дипломдық жобаның тақырыптары қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болуы қажет.
Дипломдық жобаның тақырыптарын анықтағанда, өндіріс, ғылым және мәдениеттің мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады.
2.2 Дипломдық жобаның тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет .
2.3 Дипломдық жобаның тақырыптары шығарушы кафедрада әзірленеді және жоғары оқу орынының ғылыми кеңесінде қаралып, бекітеледі.
2.4 Дипломдық жобаның тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылып отырылуы тиіс.
2.5 Студент диплом жобасының тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды.
Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа диплом жұмысын (жобаны) орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.
Сырттай бөлімде дипломдық жобаны өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі.
2.6 Студентке диплом жобасының тақырыбы диплом жобасы қорғалатын оқу жылының басында жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Диплом алдындағы практика аяқталысымен дипломдық жобаның тақырыбы қажетті жағдайларда шығарушы кафедраның ұсынысымен өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |