Пәндік нәтижелер бойынша5-сыныптың соңында оқушылар:
халық ауыз әдебиетінің үлгілерін, әдеби мәтінді, өлеңдерді дұрыс, тез және мәнерлеп оқи білуі;
көркем мәтіндерді ауызша мазмұндап айта білуі;
бағдарламаға сәйкес 8-9 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 3-4 прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айта білуі;
әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетіне өзіндік көзқарасын білдіре алуы;
отаңдық және шетелдік классикалық балалар әдебиеті үлгілерін мұғалім басшылығымен және өз бетімен ізденіп оқи білуі;
оқыған туындының тектік, жанрлық сипатын; әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды анықтай білуі;
қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар) негізгі белгілерін;
мәтінге қысқаша жоспар құра білуі;
оқыған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, шағын әңгіме, ертегі, т.б.) құрастыра білуі тиіс.