Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


«Қазақ тілі» пәнінен оқу бағдарламасы



бет2/59
Дата23.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#26198
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Тiл жaне aдебиет 5-9 каз

«Қазақ тілі» пәнінен оқу бағдарламасы

(оқыту қазақ тілінде)

1. Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.

  2. Бағдарлама негізгі орта мектеп оқушысына тілді қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтінтүзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін игертуді көздейді.

  3. Білім мазмұны оқушылардың танымдық қабілетін арттыратын, сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамытатын, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін мәтіндер бойынша түзілді.

  4. Қазақ тілін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің өз өміріндегі және қоғамдағы рөлін саналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын халықтық таным тұрғысынан пайымдауға үйретеді, тілдесім әрекетінде іске асырылатын тілдік бірліктердің табиғи және функционалдық қасиеттерін тануға, оның ішкі мағыналық иірімдерін түсініп қолдануға мүмкіндік туғызады.

  5. Сөз бен сөйлемді, мәтінді әрі тілдік, әрі қатысымдық бірлік ретінде оқыту тілдің мәдени-танымдық, қатысымдық, әлеуметтік, кумулятивтік қызметтерін меңгеруіне жол ашады.

  6. Пәнді оқыту мақсаты:

оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту.

  1. Пәнді оқыту міндеттері:

  1. тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;

  2. тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту;

  3. тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту;

  4. тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту;

  5. мәтіннің тілдік және танымдық қызметтерін меңгерту;

  6. тілдік бірліктердің қолданыстағы мағыналық реңктерін ажырату;

  7. тілдік бірліктердің ақпараттық мәнін ұғындыру;

  8. дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру;

  9. оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;

  10. оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;

  11. әдеби тіл нормаларын меңгерту;

  12. тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;

  13. оқушылардың тілдік бірліктерді жұмсаудағы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;

  14. шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;

  15. мәтін табиғатына талдау жасай білу.

  1. Пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымын молайтып, қазақ тілін басқа ғылым негіздерімен ұштастыра меңгеруіне жол ашады. Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін төменде көрсетілген пәндермен байланыстыру көзделеді:

  1. «Қазақ әдебиетімен»: қазақ тілі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты. Тіл – әдебиеттің бірінші элементі. Қазақ тілін оқытып үйретуде кез келген көркем туынды, әдеби шығарма тіл үшін құнды материал болып саналады; көркем шығармаларды оқу барысында стиль түрлерінің авторлық қолданысын ажырата білу. Әдеби шығармалар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, көркемдік тәрбие беру. Әдеби шығармаларды талдау арқылы сөз мәдениетіне үйрету;

  2. «Қазақстан тарихымен»: тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді. Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі;

  3. Жаратылыстану циклі пәндерімен:

тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болады. Бұл пәндермен, әсіресе, биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді. Басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз байланысты;

тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады. Дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен де байланысты;



танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.

  1. Оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  2. 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  3. 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  4. 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  5. 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет