Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет23/59
Дата23.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#26198
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59
Байланысты:
Тiл жaне aдебиет 5-9 каз

11. 9-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
55. Пәндік нәтижелер бойынша 9-сыныптың соңында оқушылар:

  1. ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэиясы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтың классикалық әдебиеті, қазіргі кезең әдебиетінің үлгілерін, шетел әдебиетінің жекелеген үздік туындыларын оқып, мұғалім басшылығымен зерделеп білуі;

  2. шығарманы терең пайымдап, зерделеп оқи білуі;

  3. түрлі сөздіктермен сауатты жұмыс істей алуы;

  4. өз бетімен оқыған туындының негізгі, тақырыптық, идеялық мазмұнын, жанрлық сипатын біліп, саралай алуы;

  5. шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, олардың іс-әрекеттерін бағалай білуі;

  6. бас кейіпкерлер мінезінің тарихи, жалпыадамзаттық мәнін түсіндіре білуі;

  7. шығармадағы авторлық позицияны түсінгендігін таныта алуы;

  8. көркем шығармаға қатысты тақырып, идея, сюжет, композиция, көркем бейне, типтік образ, әдеби мінез, көркем бейнелеу құралдары секілді ұғымдарды білуі, олардың көркем туындыдағы қызметін танып, талдай алуы;

  9. сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін түзуі;

  10. бірнеше туындылардың кейіпкерлерін салыстырып, жинақтап, даралап баға бере алуы;

  11. мұғалім ұсынған жағдаятты сұрақтар төңірегінде ауызша, жазбаша пікір алмасу дағдыларын жетілдіруі;

  12. ұсынылған тақырыпқа күрделі жоспармен шығарма жаза алуы;

  13. әдеби сын мақалаларға конспект жасай алуы, тақырыпқа лайық реферат жаза білуі;

  14. бағдарламаға сәйкес 15-ке жуық өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 10 шақты прозалық туындыдан үзінділерді жатқа айта білуі тиіс.

56. Тұлғалық нәтижелер 5-9-сынып оқушыларының:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңдарына құрмет көрсетуінен;

  2. азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды қорғау мен оған қызмет етуден;

  3. көркем шығармашылықпен жете таныс тәрбиелі азамат ретінде белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;

  4. мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуден;

  5. қазақ әдебиетін оқу нәтижесінде өз ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;

  6. өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылуынан, қоршаған ортаны сақтауда белсенділік танытуынан;

  7. тіл мен әдебиетті меңгергендігін қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;

  8. өздігінен білімін арттыруға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз шығармашылық еңбекке қабілеттілігінен;

  9. рухани жетілген тұлға ретінде үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілді бола білуінен;

  10. әдебиет пен тілді жете меңгергендігін мазмұны жат діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуінен көрініс табуы тиіс.

57. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушылары:

  1. ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді қазақ әдебиетінен алған білімдерін шығармашылық жұмыстарына пайдалана алуы;

  2. қазақ әдебиетінен алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде қолдана білуі;

  3. әдеби шығармашылық сипатта жазба жұмыстарын (эссе, ойтолғау, репортаж, т.б.) орындай алуы;

  4. өз бетінше сыныптан тыс оқыған әдебиеттерді, БАҚ мәліметтерін, жаңа технологияларды;

  5. әдебиеттану терминдері мен фразеологиялық сөздіктерді, энциклопедияларды;

  6. жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті;

  7. компьютермен, техникалық құралдармен жұмыс істеп, интернеттен қажетті дүниелерді күнделікті өмірде қолдана білуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет