Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



бет39/83
Дата28.09.2022
өлшемі13,27 Mb.
#40708
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83
Байланысты:
umk sbbrzh (2)

Қосымша файлдар бөлімінде Сипаттама элементіндегі тапсырмалардың толық сипаттамасынан кейін оқытушы кез келген қосымша файл түрін (кестелер, сызбалар, суреттер, диаграммалар және т.б.) жүктей алады (25-сурет).

25 сурет– Қосымша материалдар жүктеу


Тапсырманы орындауга рұқсат бөлігінде тапсырманы орындауға кететін белгілі бір уақыт көрсетіледі. Егер белгілі бір уақыт көрсетілсе онда білім алушылар сол уақыт болмай тапсырманы орындай алмайды. Егер ол бөлікте нақты уақыт көрсетілмесе онда білім алушылар бірден өз жұмыстарын ұсына алады. Тапсырманы орындау уақытын беру үшін, сәйкесінше сол жолды қосу керек (26 сурет).
Соңғы мерзім элементі тапсырманы орындаудың сонғы мерзімін тағайындауға және белгілі уақытта жабу мүмкіндігін көрсетеді. Соңгы
мерзімнен кейін жіберілген тапсырмалар кешіктіріліген тапсырмалар болып есептелінеді. Белгілі бір күннен кейін жауап жіберуді болдырмау үшін Жіберуге тыйым салу элементінде мәндерді орнатыңыз. Өз кезегінде, Жіберуіге тыйым салу элементі жауаптардың осы күннен кейін жіберілмейтінін білдіреді.
Әрқашан Сипаттаманы көрсету элементі белсенді болуы тиіс, әйтпесе білім алушылар тапсырманы орындауға рұқсат берілген күнге дейін тапсырманың сипаттамасын көре алмайды.

26 сурет – Тапсырманы орындалу уақыты


Жауаптарды беру түрлері бөлімі -оқытушы білім алушыға мәтін түрінде жауап немесе файл түрінде жауап беруге рұқсат беру құқығын береді (27-сурет).
Мәтін түріндегі жауап білім алушының мәтінді редактор алаңында енгізе алатынын білдіреді.
Файл түріндегі жауап білім алушының өз жауабы ретінде файлды жүктеуіне мүмкін береді. Файл түрін оқытушы анықтайды. Бұл MS Word құжат түріндегі эссе, PowerPoint түріндегі презентация, MS Excel және т. б. түріндегі кесте болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет