2.6 Оқу сабақтарының мазмұны, бақылау және бағалау нысаны
№
Тапсырмалар
Әдебиет
Бақылау түрі
Тапсыру
мерзімі (апта)
Макс.
балл
1
№1, 2 тәжірибе
1, 3
Презентация, баяндама
1, 2 апталар
100
2
№3-5 тәжірибе
2,5
Тест, бейнеролик құру
3-5 апталар
100
3
№6-7 тәжірибе
1,2
Кадрлық анимация құру
6-7 апталар
100
4
№8-10 тәжірибе
1,4
Жеке модальдік панель жасау
8-10 апталар
100
5
№11-13 тәжірибе
3,4
Moodle ортасында есептік жазба құру және профильді өзгерту
11-13 апталар
100
7
№14 тәжірибе
2,4
QR-кодтар құру
14 - апта
100
8
№15 тәжірибе
1, 4
Google Cardboard көмегімен шлем құру
15 - апта
100
Оқыту нәтижелерін критериалды бағалау
№
Модуль бойынша тапсырмалар (СӨЖ)
Орындау ұзақтығы
Бағалау критерийлері
Жетістік көрсеткіштері
Баллдар
\Ағымдағы бағалау
СӨЖ №1-7 Әр СӨЖ бойынша тапсырмалар
1-7
апталар
0-17
18-24
25-31
32-35
Қанағ.сыз
Қанағат.
Жақсы
Өте жақсы
0-45
50-68
71-89
90-100
СӨЖ №8-15 Әр СӨЖ бойынша тапсырмалар
8-15 апталар
0-17
18-24
25-31
32-35
Қанағ.сыз
Қанағат.
Жақсы
Өте жақсы
0-45
50-68
71-89
90-100
1 Аралық бақылау
№
Тапсырма
Критерийлер
Жетістік көрсеткіштері
Баллдар
ISpring Suite бағдарламасында бейнематериалдар бар курс құру
0-15
қанағаттанарлықсыз
50
16-20
қанағаттанарлық
53-67
21-26
жақсы
70-87
27-30
Өте жақсы
90-100
2 Аралық бақылау
№
Тапсырма
Критерийлер
Жетістік көрсеткіштері
Баллдар
Жоба бөліктерін қорғау
0-15
қанағаттанарлықсыз
0-49
16-20
қанағаттанарлық
50-69
21-26
жақсы
70-89
27-30
Өте жақсы
90-100
Қорытынды бақылау
Емтихан
№
Критерийлер
Жетістік көрсеткіштері
Баллдар
Жоба
0-15
қанағаттанарлықсыз
0-49
16-20
қанағаттанарлық
50-69
21-26
жақсы
70-89
27-30
Өте жақсы
90-100
Қорытынды баға
Семестрге қорытынды бақылау
Бағалау (білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесіне сәйкес)
И = RD*0,6+ Е*0,4
Студенттердің білімі, біліктілігі мен дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады:
Әріптік жүйе
бойынша баға
Балдардың сандық баламасы
Пайыздық мазмұны
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
A
4,0
95-100
Өте жақсы
A-
3,67
90-94
B+
3,33
85-89
Жақсы
B
3,0
80-84
B-
2,67
75-79
C+
2,33
70-74
C
2,0
65-69
Қанағаттанарлық
C-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D-
1,0
50-54
FХ
0,5
25-49
Қанағаттанарлықсыз
F
0
0-24
3. Оқу пәнінің саясаты Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етеді және барлық студенттер үшін міндетті.
Курс кезінде сізде оқу жетістіктерін сипаттайтын бірнеше тапсырмалар болады:
1. Аудиториядағы белсенді жұмыс, викториналар, кейс-стади, ойындар, мини-тесттер (аудиторияда және үйде)
2. Жазбаша жұмыстар
- бақылау жұмысы, сұрақ-жауаптар
- қысқа баяндамалар
- ғылыми-зерттеу жұмысы
3. Топтық жоба
4. Презентация
5. Қорытынды бақылау
Айталық, 1-аттестация баллын алу үшін мини-тест, кейс-стади, бақылау жұмысы (сұрақ-жауаптар), қысқа баяндамалар және өзіндік жұмыстарға (СӨЖ). дайындалу керек. Максимал балл алу үшін сіз қандай да бір мәселе көтеріп, терминологияны меңгеріп, толық логикалық жауап бере алатындай болуыңыз керек..
Алғашқы 7 апта бойына практикалық сабақтарда 5 мини-тест, кейс – стадии т.б. жүргізіледі. Әрқайсысының салмағы 2%. Барлығы 10%.
Бақылау жұмысы (сұрақ-жауаптар) 3 пен 5 апта аралығында өткізіледі және максимум 40% бағаланады.
Қысқа жазбаша баяндама 6 және 7-апталарда қабылданады. Ол максимум 50% бағаланады.
2-аттестация баллдарын жинау үшін сізге алынған білім мен қажет ақпаратты талдап, жинақтап, қолдана алатындай тапсырмалар орындауыңыз қажет. Сіз топта жұмыс жасауға дайын болуыңыз керек (топтық жоба, презентация), ғылыми-зерттеу жұмысы, өзіндік жұмыстар (СӨЖ) орындауыңыз керек.
Қалған 8 аптада да 5 мини-тест, кейс-стадийлар өткізіліп, барлығы 10% жиналады.
Топтық жоба мен презентация (топта 4-5 адам) қорғау 11 - 12 апталарда іске асады. Максимал балл – 50%.
Ғылыми-зерттеу жұмысы 14 - 15 апталарда қорғалады. Максимал балл- 40%.
Топтық жұмысты бағаларда оқытушы сіздің креативтілігіңізді, материалды баяндаудың анықтығын, сөйлеу шеберлігін, әдебиеттерге сүйенуіңізді, әдебиеттер тізімін ескереді.
Консультация және тапсырмаларды қорғау СОӨЖ кезінде аудиториядан және сабақтан тыс жүргізіледі.
Барлық тапсырмалар кестеге сай тапсырылады.
Осы талаптарды орындау емтиханға қатысуды қамтамасыз етеді. Алайда 2 аттестациядан 50% - дан төмен балл алған студент емтиханға жіберілмейді.
Оқытушы талаптары Курс бойынша оң баға алу үнемі жұмыс істеуді талап етеді. Ал, бұл курс бойынша баға семестр бойы қалыптасатынын және сабақ кезіндегі белсенді қатысуға байланысты. Ең жоғарғы балл сұрақтарға дұрыс жауап бергенде, жазба жұмыстары ұқыпты орындалғанда беріледі. Тапсырмаларды орындау мен тапсыру сәйкес график бойынша іске асады. Уақытында орындалмаған тапсырмалар есептелмей немесе басқа уақытқа көшірілуі мүмкін. Барлық тапсырмаларды орындаған соң сізге аралық және қорытынды аттестацияда ескерілетін баллдар қойылады.
Біз сіздің курсқа деген қатынасыңыз және тәртібіңіз студенттің ар-ұждан Кодексіне сәйкес келетініне үміттенеміз. Сіз сабақтан себепсіз калмауыңыз, аудиторияда тәртіп бұзбауыңыз, оқытушы мен студенттерді сыйлауыңыз қажет. Сабаққа сіз материалды талқылайтындай, сұрақ қоятындай, тапсырмаларды сыни тұрғыдан орындай алатындай болып келуіңіз қажет.
Сізден сабаққа кешікпеуді, ұялы телефонмен сөйлеспеуіңізді сұраймыз.
Жоғарыдағы талаптар бұзылған жағдайда мен төмендегі штрафтық санкцияларды тағайындаймын:
- кешігу (- 0,5 балл);
- сабақ жіберу (- 0,5 балла);
- жұмысты кеш тапсыру (- 0,5 балла);
- СОӨЖ жоқ болуы(- 0.5 балла – әрбір дайындалмаған тапсырма үшін);
- аудиториядағы тәртіп (- 0,5 балл);
Біз студенттердің қатысын есепке аламыз.
Сіздің құжатпен расталған ауру салдарынан және жақын ағайындарыңыздың қайтыс болу себебімен болмауыңыз сабақ жіберуге есептелмейді және тапсырмаларды басқа уақытта тапсыруға рұқсат етіледі. Сабақты себепті жіберу сізді академиялық талаптардан босатпайды, құжатпен расталғанмен бірнеше рет сабақ жіберу курсты қайта тапсыру немесе академиялық демалысқа әкеп соғуы мүмкін.
Академиялық адалдық Тапсырмаларды орындаудағы адалдық университет миссиясы мен студенттің жеке дамуында маңызды роль атқарады. Өтірік айту, плагиат және басқа да академиялық әділетсіздіктер жіберілмейді және тапсырма мен курсты қайта оқуға әкеп соғады.
Аудиториялық және өзіндік жұмыстарды орындауда студентке көшіруге, басқа біреудің дайын жұмысын, ойын пайдалануға және басқа да акакдемиялық мінез-құлыққа лайық емес әрекеттерді жасауға тиым салынады.
Аталған академиялық адалдықты бұзған жағдайда оқытушы жұмысты қабылдамайды және бағаламайды.
Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар мүмкіндіктері
Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға сабаққа қатысу талабына жеңілдік қарастырылады. Қашықтықтан оқуға рұқсат етіледі.