Үшінші талап: дыбыстау немесе дыбыс шығару интонацияға сәйкес дегеніміз, дыбысты дәл өзінің биіктігімен шығару.
Төртінші талап: дикцияға көңіл бөлу. Әннің сөздерін анық айту, дауыссыз дыбыстарды қысқа анық меңгеру.
№13-билет
Білім берудің мазмұны: оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары.
Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде ''нені оқыту керек?'' сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады.
Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.
Лернер Исаак Яковлевичтің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі". Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.
Оқу жоспары-оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат. Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі,оқу және тіл дамыту, екінші тіл - орыс тілі, матема-тика, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шыныңтыру, музыка пәндері бар.