Семенов Дмитрий Дмитриевич (1835-1902) орыс педагогы, К.Д. Ушинскийдің ізішары. Өзінің педагогикалық қызметінде Д.Д Семенов мектептегі география мәселелеріне көп назар аударды. Оның тужырымы бойынша: географияның бастаушы курсы төменгі сыныптарда оқытылу керек және ол өзінің мазмұны бойынша отан тану негізінде құрылу керек деді. Бұл дегеніміз, географияны оқыту кезінде балалардың туратын жерінен бастап оқыту керек, өйткені бұл балаларға табиғатты тек кітап пен картадан ғана емес сонымен бірге тікелей байқаудың жолымен тануға мүмкіндік тудырады да балалар материалды саналы түрде меңгереді.
19ғасырдың екінші жартысы бастауыш жаратыластану оқыту әдістемесіндегі маңызды да оңды өзгерістермен сипатталады. Бірақ патшалық үкіметтер мектепке материализм ілімі мен құдайсыздың негіздің енуінен қауіптеніп, 1876 жылы гимназияның төменгі сыныптарынан жаратылыстану қайтадан алынып тасталды, тек 1901 жылы ғана бұл ғылым біртіндеп қалпына келе бастады.
Ресейде капитализм қарқынды дамып, математика, физика, химия, биология және географияны жақсы білетін адамдарға деген зор сұраныс туды. Ресейдің дамуындағы әлеуметтін экономикалық жағдайына , патшалық үкіметтер жаратылыстануды гимназияның 3 төменгі сыныптарының оқу жоспарына қайта енгізуді талап етті. Бұл бағдарламаның негізінде А.Я. Гердтің жуйесі жатыр. Енді жеке оқу орындары құрылып жатты, мұнда өз дәуріне қажетті жаңа әдістемелік идеялар оқытылды. Халық ағарту министрлігі бұл мектептердің ісіне онша араласа бермеді, өйткені бұлардың өз бағдарламалары, өз оқулықтары болды.
Осы кезеңнің әдістемесіңде сабақтан тыс білім берудің екі түрлі формалары оңделінген, олар: топсаяхаттық және практикалық, яғни оқушылар үшін қажетті оқу материалының мазмұнын іріктеу мәселелері шешілуде.
1902 жылы гимназияда орман институтының профессоры Д.Н.Кайгородовтың құрған табиғаттану бағдарламасы енгізілді. Мұнда табиғатты бақ, орман, өзен сияқты бөліктерге бөлу бойынша оқыту усынылған. Оқушылар өсімдік әлемі мен органикалық емес ортаны бір бірімен өзара байланыста, яғни мезгілдер бойынша және табиғатта топсаяхат жұргізу арқылы оқыту керек.
Ұлы октябрь социалистік революциясына дейінгі шыққан табиғаттану оқулықтарының көптеген авторлары көбінесе «биологиялық әдісті» ұстанды, мұны барынша насихаттаған В.В.Половцов болды.
Достарыңызбен бөлісу: |