-сөйле eтicтігі «туралы», «жөнiнде» септеулiктерi арқылы төлеу сөзді жеткізуде қолданылады;
- сөйле етістігі сөйлемнiң соңында тұрып баяндауыш ретiнде, сондай-ақ күрделi eтicтік құрамында дербес қолданылады;
- сөйле етістігі негiзгi сыңар бола отырып, сөйлеу әpeкeтінің қашан, қандай жағдайда және қалайша жүзеге асатындығын бiлдiретiн сын сипатындағы дара мағыналы немесе лексикалық түйдектi мaғыналы сөздермен тіркесіп, дара сөз тіркестерін, күрделі сөз тіркестерін жасайды.
Сөйлеу мәнді етістіктердің ішінде де сөйлеу етістігі мен оның туынды тұлғалары қолданылу жиілігі бойынша алдыңғы орында екендігін айту керек. Мысалы, -Керек емес,- десем де, қызбен жүргені қызықтырайын деді (Ж.Аймауытов).
Оның үстіне де сөйлеу етістігі мен оның туынды тұлғалары сөз тіркестерінің негізгі сыңары болып табылады: түк демеу, дей беру, дей салу, деп айту, деп бұйыру, деп сұрау, ә дегеннен, не дегенмен, деген соң, неге десеңіз және т.б.
Айт, сөйле етістіктеріне келер болсақ, олар негізгі ұйтқы сөз болып табылатын жеті жүзден астам сөз тіркестері бар.
Сөйлеу етістіктерінің негізгі қызметі сөйлеу процесінің өзін білдіретін айтылу процесімен тығыз байланысты.
Де сөйлеу етістігі қазақ тілінде ең көне және байырғы етістік болып табылады.
Айт сөйлеу етістігі айтылған сөздің бір мәртелігін, дәлдігін білдіреді.
Айт сөйлеу етістігі төлеу сөзді жеткізуде негізгі рөл атқарады.
Айт сөйлеу етістігі тұрақты сөз тіркесін құрайды, бұл орайда ол басты сыңар болып қалады.
Мысалы, айтқанын екі етпеу; айтқаны айдай келу; айтқанына көндіріп, айдауына жүргізу; айтқаны өтіп, атқаны жетіп тұр; айтуға аузы бармау; өлердегі сөзін айту, т.б.
Сөйлеу етістігі көп мәртелік әрекетті білдіреді. Сөйлеу етістігі көптеген сөз тіркесін құрайды. Мысалы, аңдамай сөйлеген ауырмай өледі; сөйлей-сөйлей шешен боларсың; жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады; ойнап сөйлесең де ойлап сөйле; көп сөйлеген не жолдасынан, не құрдасына айрылар; біліп сөйлеген тауып айтады, білмей сөйлеген қауіп айтады; аз сөйлесең де саз сөйле; аузына келгенді сөйлеу – ақымақтың ісі.
Достарыңызбен бөлісу: |