Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет33/60
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#18776
түріДиплом
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60
Байланысты:
сөйлеу

«Дара сөз + деген» типті бастауышқа негізгі компонент ретінде зат есім, есімдік, етістіктің есімше түрі, тұйық рай етістік, субстантивтенген сын есім, сан есім сөздер қатысады. Мысалы: Бұйырған деген жақсы ғой. Бұл жігіттің ақ дсгені - алғыс, қара дегені қарғыс болып тұр («Егемен Қазақстан»).

Ең жиі жұмсалатын - «зат есім + деген» болып ұйымдасатын бастауыштар. Мысалы: Бизнес деген енді жүре бастады (Жас алаш). Ер жігіт деген істен тайынбайды (Ә.Тарази). Осы ретпен жасалған бастауыштар түрлі мағынаға ие бола алады. Мәселен, жоғарды аталған типті бастауыштың мағынасы - аталған заттың сөйлеушіге белгісіз, бөгде көрінгенін білдіру болып табылады. Мысалы: Бати деген сол елден шыққан палуан екен. (О.Бөкеев). Сол жақта Қарабай аулында Есімхан деген бар екен. (Б.Бақбергенов). Дәл сол тамада Хорезмпен Қалнақ деген көшіп келді (Ә.Кекілбаев).

Осы сөйлемдердегі белгісіздік, бөгделік мағыналар негізінде деген қатысқан бастауыш аталған затты жалпылық сипатта білдіру қызметіне ие болады. Адам деген етістік қатысқан бастауыш аталған затты жалпылық сипатты білдіру қызметіне ие болады. Мысалы: Адам деген ылғи іздену, талпынумен болады (Ә.Кекілбаев). Тіршілік деген құм бетіндегі осы б1р мән-мағынасыз шимайдай (Ә.Кекілбаев). Бала деген арнада өсер кұрак секілді (Д.Исабеков). Немере деген өз балаңнан да тәтті болады екен (Д.Исабеков). Ана деген қандай жақсы (Б.Майлин).

Деген сөйлеу мәнді етістік қатысқан бастауыштардың тағы бір грамматикалық қызметі – сөз атаған затты акцент түсіріп айту. Мысалы: Жас деген жер ортасынан ауып барады (Ә.Кекілбаев). Әдеп деген жоқ, иба деген жоқ, үлкенді сыйлау деген жоқ(Б.Майлин). Айша деген б1р күлекеш бала (Б.Соқпақбаев). Бастауыштьң бұл қызмет «жіктеу есімдігі + деген» болып құрылған жағдайда әсіресе айқын танылады. Мәселен, Мен деген өте көмпіс адаммын. (Ж.Тұрлыбаев). Сен құссың ғой, жазған-ау, мен адаммын, мен деген басқамын (Е.Раушанов).

«Зат есім+деген», «есімдік + деген» болып құралған бастауыштың сирек ұшырайтын мағынасы мына сөйлемдерден байқалады. Мысалы: Үсен дегендер үйінде қарап, бейқам отырмауға тиіс, соның ісін қолдауға тиіс. Сен дегсн сол күреске бел буады. Бұл сөйлемде Үсен дегендер, сен деген ниеттес атап, бастауыш ретінде ерекше мағына үстеп жұмсалып тұр.



«Барыс септік зат есім+деген» (балаға деген) болып құралған бастауыш мүше бар. Бастауыштың тұлғасы анықтауыштың субстантивтенуі аркылы пайда болган: Балаға деген көйлек осы - Балага деген осы. Бұл тұлғадағы, мағынадағы бастауыштар өзінің мағынасын анықтап, нақтылап контексте жұмсалады.

Синтаксистік тұлға арналған бір затты сөйлемнің тақырыбы ретінде қатыстырып отыр. Субстантивтенген топ сапаны заттың орнына қатыстырған Мысалы. Жүктер станцияға түсті. Ішінде завдқа деген бар (М.Қабанбаев).



Де етістігі дейтін қалпында зат есім сөздерге қатысып, екеуі бастауыш мүше құрайды. Мысалы: Тираж дейтін жыл сайын құлдырап барады. («Егемен Қазақстан»). Астана дейтін қазақ даласында бұрын да болыпты («Егемен Қазақстан»).

Де етістігінің аталған формасы да көптік жалғау жалғап бастауыш құрамында жұмсалады. Мысалы: Ал төре дейтіндер Шоңның ығынан жүре алмайды (Қ.Исабаев). Күйші, өлеңші дегендер күлімсіреген еркекке емшегі езіледі (Ә.Кекілбаев).

Көпт1к жалғаудың қатысуы бастауыштың негізгі компонентінің сандық мағынасына қатысты. Сондықтан олар бірде сол сөздердің өзіне жалғанады. Мысалы: Төрелер ; күйші, әнші деген т.б.

Бірде көптік жалғау деген етістігіне жалғанады. Өйткені ол біртұтас сөйлем мүшесінің компоненті.

Де етістігінің тәуелдеулі бірінші жақ, жекеше түрі (дегенім) күрделі бастауыштың құрамында өте сирек жұмсалатыны байқалды. Мұндай бастауыштар мына сөйлемдерде қатысқан. Мысалы: Келесі жылға деген1м де сақтаулы тұр .(М.Иманжанов). Саған дегенім ойымда (Б.Тлесов).

Деген, дейтін тәуелдік жалғаулы түрінде қатысқан бастауыштар бірнеше қосымша мағына үстейді. Олар: 1. Бұл бастауыштар пікірдің субъектісі ретінде алған затты болжау, жорамалдау мағынасын қосып хабарлайды. Мысалы: Күміс жон мақлұқат дегені атқан таңныц айдынға түскен ақ сәулесі екен. (Е.Раушанов). Осы сөйлемге деген етістігін тәуелдіктің барлық жақтық формасында қатысуға болады.

2. Етістіктің тәуелдеулі бірінші жақ көпше түрі күрделі (дегеніміз) бастауыш құрамында жиі жұмсалады. Мысалы: Әділет дегеніміз күштінің сөзін сөйлеу деген (С.Ақатай). Қыз біраз мүдіріп: Махаббат дегсніміз - айрылысу деген, -деді. Бұл құрамда ұйымдасқан бастауыш екі қызмет атқарады. Бірінші қызметі сөйлемнің тақырыбы ретінде аталған затты акцент түсіріп көрсету. Алдыңғы екі сөйлемнен және төменде келтірілген сөйлемдернен бастауыштың осы қызметі көрінеді. Мысалы: Кереге мен уық бояйтын жоса дегеніміз -- осы, дейді тағы Қалқаман («Қазақ әдебиеті»). Тәртіп дегеніміз педантизм емес («Қазақ әдебиеті»). Негізінде сезім дегеніміз – адамға ғана тән қасиет, бірақ ол айнығыш (С.Шәкірт).

Бастауыштық тұлғаның үшінші қызметі сөйлемнің тақырыбын проблема сипатында жариялау. Бұл мағыналы бастауыш мүше анықтама ретіндегі мәтінде жұмсалады. Мысалы: Қосалқы айкыпдауыш дегеніміз – анықтауыш реңктегі зат есімдердіц нақты зат атауларына тіркесіп, осы заттыц заттық сапасы ретінде айқындап тұратын сөздер (М.Серғалиев). Қаңқа дегеніміз - денедегі ортүрлі мүше сүйектерінен құралған мықты тірек. (З.Жөкебайқызы). Сөйлем дегеніміз тәрізді бастауыштар тақырыпты проблема ретінде атаумен қатар, ол проблема жалпыға ортақ екенін аңғартады. Сөйлеуші прблемаға ортақтықты өзі қатысқан көп жақ тұрғысынан білдіреді. Осы арқылы сөз құлағына жететін жұрттың бәрін коммуникативтік процеске қатысты етеді.

Бастауыш мүше құруға де етістігінің екінші жақ жекеше, көпше тәуелдеулі түрі де қатысады. Бүл формадағы бастауыш сөйлемнің тақырыбын акцент түсіріп атау үшін, әрі тыңдаушы жақпен контакт жасап атау үшін жұмсалады. Мысалы: Керей дегенің орман ішінде отыратын ел де, ағаштан жасалатып нәрсеге шебер келетіні содан екен (С.Мұқанов). Енді кір дегеніңіз маңайымызға жолар ма екен (Ғ.Мүсірепов).



«Предикативтік тұлға + дегені» типті бастауыштардың үлгісін мына сөйлемнің құрамынан көреміз: «Аяз мүйізді қысса, мүйіз тақымды қысады» деген рас-ау(Қ.Жұмаділов). Осы сөйлемдегі баяндауыш – рас-ау, бастауыш «Аяз мүйізді қысса, мүйіз тақымды қысады» деген Бастауыш комплексті түрде құрылған. Оның құрамында күрделі сөйлем арқылы айтылған мәтел және деген көмекші етістігі бар. Бастауыштың құрамындағы негізгі, мәнді компонент құрмалас сөйлем типті Ол сөйлем ретіндегі сипатынан айрылған. Сол сияқты деген де лексикалық мағынасын жоғалтқан, өз алдына лексикалық, синтаксистік түлға деп тануға жарамайды. Предикативтік тұлға ретінедегі компонент жай сөйлем типтес, құрмалас сөйлем типтес болып келе береді.

«Предикативтік тұлға+деген» типті бастауыштар екі арнадан қалыптасқан. Бір арна мақал-мәтелді, дуалы сөзді сөйлеуші өз лебізіне сүйеніш тірек етіп, қыстыра қатыстыратын синтаксистік түлға негізінде [25;101]. Аталған арнадан қалыптасқан бастауыштар мына сөйлемдерден байқалады. ІІІешінген судан тайынбас деген бар емес пе! (С.Мұратбеков). Жер астынан жік шықты екі құлағы тік шықты деген осы екен. (Ә.Кекілбаев) Бақ малда деген рас-ау, малы кеткен соң бағы кете бастады. (Б.Соқпақбаев). Қызды қырық үйдеп тый деген қайда? (Ә.Кекілбаев).

Бұл арнада қалыптасқан бастауыш құрамына тек деген қатысады.

«Предикативтік тұлга+деген» типті бастауышты қалыптастыратын

екінші арна - төл сөз ретіндегі құрылымдар. Төл сөз ретіндегі сөйлем және оған қатысты де етістігі тиісті өзгерістерге түсіп бастауыш болып конструкцияға қатысады. Мысалы, Кенет әкесінің өзім келгенше қыбыр етпе дегені есіне түсті (Ә.Кекілбаев). Біздің машинада істедік дегеніміз Бәйтеннің ескі жұмысшымын дегені сияқты (Ғ.Мүсірепов). Желіндеп тұрған сиырды сойды деген не масқара (Қ.Мұхамеджанов). Тұтқындық көкіректерде тағы да күдік ойланғанмен, бұл жолы қорқыныштан гөрі енді не болар екен деген жеңіңкіреді (Ә.Кекілбаев). Николай түскенде, ел кенеледі деген қайда (Ж.Аймауытов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет