Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Сөйлеу мәнді етістіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы



бет34/60
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#18776
түріДиплом
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
Байланысты:
сөйлеу

2.2 Сөйлеу мәнді етістіктердің баяндауыш қызметінде
жұмсалуы


Де етістігі көмекші сөз ретінде толық мағыналы есім, етістік сөздерге қатысып көптеген баяндауыштық тұлғалар ұйымдастырады. Де етістігінің қатысуымен құрылған баяндауыштық тұлғаладың жасалуын, жұмсалуын А.Саденова мынадай топтарға бөліп қарастырады:

1.Модальдық мағына беретін баяндауыштар.



  1. Экспресивтік мағына үстейтін баяндауыштар.

  1. Контактылық мағына үстеген баяндауыштар.

  1. Іс-әрекеттің жүзеге асу қалпын білдіретін баяндауыштар[20].

Енді осы баяндауыш түрлерінің әрқайсысына тоқталып өтсек.

І Модальдық баяндауыш формасын жасауға деймін, дейтін қатысады. Ауыспалы осы шақ формасындағы деймін мына жағдайларда болжам мағыналы модальдық баяпдауыш тудырады.

1. Алтернативті сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемнің баяндауышына телініп модальдық баяндауыш жасалады: келді ме деймін, жас па деймін. Мысалы: Қалың қазақ жайлаған Шымкентте қазақ журналисі табылмай қалды дегені ме деймін («Егемен Қазақстан»). Сен шынымен, айтасың ба деймін осы (Д.Исабеков). – Бакыт деген құстыц, егер бар болса, бір қанаты сынық па деймін (О.Бөкеев).

2. Етістіктің ашық рай формасына, есім сөзге демеулік -гой, -ау және деймін біріге үстеліп болжалдық мағыналы баяндауыш жасалады: Жүрді ғой деймін, барды-ау деймін. Мысалы: Мен тіпті у-шудыц қайсы біріне де үйрене алмаймын-ау деймін. (О.Бөкеев). Меніңше, соның не істеп жүргені төрелерге ұнамаған соң «жынды деп атаған-ау деймін (Қ.Исабаев)



Апыр-ай, құдай деген бар-ау деймін, жаңа ғана түсіме еніп едің, қолыңда тобылғы қамшың бар екен деймін (СБақбергенов). Соны біліп алған жөн ғой деймін(Қ.Исабаев). Осы менің шаршауым қайтпаған ғой деймін (Д.Исабеков) «Пыршина убажителъный», так что бір айлық демалыс аламын гой деймін(БМайлин). Әрі-беріден соң баламның атын да Олжеке қоям ғой дейміп( Ш. Мұртазаев). Модальдық баяндауыш ұйымдасытруға де тек ауыспалы осы шақ жекеше бірінші жақ формасында ғана емес, көпше бірінші жақ формасында да (дейміз) қатысады. Мысалы: Қыстыгүні әлгі бөлмеге жиналамыз гой дейміз... (Ғ.Мүсірепов). Күн енді жылынады ғой дейміз (Ғ.Мұстафин).

Осымен қатар көмекші етістік екінші, үшінші жақ жекеше, көпше түрінде қатысатыны да байқалады. Мысалы: Сен ертең келемін дейсің бе! Жұрт осында қонады ғой дейді.

Модальдық мағыналы баяндауыш де етістігінің жедел өткен шак, ежелгі өткен шақ формаларын да ( айтып едім, сөйлеп едім, деп едім) сөйлеу мәнді етістіктер арқылы жасалады: барды ғой дедім, барды-ау деп едім. Арғы жағы аңқылдап тұр ма деді. (М.Қабанбаев). Оны әлдене деп сөгетін шығар деп ем(Д.Исабеков).

Тағы бір модальдық баяндауыштық тұлға былай жасалады; «ашық рай етістік+дейтін», «есім сөз + дейтін». Көмекші етістік дейтін «ойлау» мағынасы және келер шақ есімше мағынасы арқылы грамматикаланған. Баяндауыш іс-қимылды, сапаны болжал, жорамал ретінде білдіреді.



Де етістігі кейде екінші жақта тұрып, (дейтінсің), бірінші жақ көпше түрінде (дейтініміз) қатысады. Мысалы: Бой, сымбатына қарасаң, жиырма бестегі жігіт дейтінсің (С.САрмолдаев). Мынау арба жолға шыдайды дейтінбіз (М.Тлесов). Осы жүгері ең өнімді дейтін (М.Тлесов)

Баяндауыштың болжалдық мағынасы оның болымсыз тұлғасынан байқалады. Мысалы: Қасқыр жарып кетті дейтін емес. Терісі бүлінбеген, бүп-бүтін (М.Қабанбаев).

ІІ Экспрессивті баяндауыш тудыруға сөйлеу мәнді етістікктер де жұмсалады. Мысалы, Ой дегенің –ай! сықпыртады келіп, айтады-ақ екенсің, сөйлеп береді екенсің, өтірікті көпіртті келіп т.б. экспрессивті мән туғыза баяндауыш қызметінде жұмсалған сөйлеу мәнді етістіктер сөйлеушінің эмоциясын қоса аңғартса, кейде сөйлеудің экспрессивтілігін береді.

1. Баяндауыш «ашық рай етістік + деймін», «ашық рай етістік+ дейсің (дейсіз)» болып құралған. Мысалы: Сақып сусылдай сөйледі деймін (Ж.Тұрлыбаев).

Баяндауыш оқиғаны аса рахаттанған, масаттанған сезіммен хабарлайтын лепті сөйлемдерде жұмсалады.

Көмекші етістіктің екінші жақ формасында қатысуы арқылы сөйлеуші тыңдаушы жақты сөзге қатысты етеді.

Мысалы, Егін суға қанды дейсің (М.Тлесов) Ұлап-асыр тойдың үстінде түрлі-түрлі бастарды көресің дейсің-ау. («Егемен Қазақстан»). Жыланды құйрығынан ұстап әкеп қып-қызыл шоққа лақтырып жіберсеңіз тулайды дейсің кеп, сонан соң тынышталады. (Д.Исабеков) Өй, жиналды дейсің кеп» (Д.Исабаев).

2. Де көмекші етістігі айтпа деймін типті экспресивті баяндауышты ұйымдастыруға да қатысады. Баяндауыш бұйрықты экспрессивті түрде хабарлайтын сөйлемге қатысады. Бұл баяндауыш алғашқыда бұйрық сөздің екінші рет айтылып отырғанын ескерту үшін жұмсалған, сол арқылы экспрессивтік қызметке көшкен. Мысалы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет