Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет58/60
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#18776
түріДиплом
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
сөйлеу

Транстопонимизация тәсілі- топонимдердің бір кластан екінші бір класқа ауысып, жаңа объектінің атауы ретінде жұмсалуы. Мысалы:

Шаян- 1) өзен атауы, гидроним; 2) аудан орталығы, ойконим;

Бөген - 1) өзен атауы, гидроним; 2) елді-мекен атауы, ойконим;

Келес 1) өзен атауы, гидроним; 2) аудан орталығы, ойконим;

Сайрам- 1) өзен атауы, гидроним; 2) аудан аты, ойконим;

Бұрқан- 1) өзен атауы, гидроним; 2) елді-мекен, ойконим;

Ақшұбар- 1) өзен атауы, гидроним; 2) елді мекен атауы, ойконим;

Арыс 1) өзен атауы, гидроним; 2) аудан орталығы, ойконим;

Мұндай мысалдарды көптен кездестіруге болады. Сөз тудыру тәсілдерінің грамматикалык заңдылыктарына сәйкес бұл тәсілдер семантикалық тәсілдерге жатады. Топонимизация, трансонимизация және транстопонимизация тәсілдерін қазіргі қазақ грамматикасында жиі айтылып жүрген конверсияның бір түрі ретінде алып қарастыруға да болады.

3. Трансонимизация - белгілі бір атаудың екінші бір географиялық нысана атауы ретінде ауысуы. Бүл тәсіл арқылы қалыптасқан топонимдер Оңтүстік территориясында жиі кездеседі. Мысалы: Сәуле, Бәйдібек, Жұлдыз, Абай, Атабай, Бекзат т.б. Трансонимизация тәсілі арқылы жасалған топонимдерді топонимика ғылымында антротопонимдер деп атайды. Сонымен қатар антропонимдер күрделі топонимдердің сыңары ретінде де келе беретінін ескерсек, трансонимизация тәсілін қазақ топонимиясындағы өнімді тәсіл деп айтуымызға болады. Кісі есімдерінің топонимдерге, топонимдердің кісі аттарына ауысу процессі - ертеден келе жатқан лингвистикалык және тарихи-этнографиялық құбылыс болып табылады.



Топонимдерге барлық тілдік деңгейлер тән: апеллятивтік, сөзжасамдық, синтаксистік. Сондай-ақ ат қоюдағы мәдени-ұлттык ерекшелік номинация типтерінде де көрініс тауып отырады. Мәселен, түркі топонимиясын алып қарасақ, топоним жасауға негіз болатын апеллятивтер, адам мен жан-жануарлардың дене мүшелерінің аты, негізгі астрономиялық атаулар, табиғат құбылыстарының аты, түр-түс, сан есімдер т.б. такырыптық топтардың семантикасы ортақ, ұқсас болып келеді.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ Оңтүстік өлкесінде де топонимикалық атаулар өзгеріске ұшырады.

Қазақстанның Ресейге бағынуының жарты ғасырлық кұрметіне орай [42].Шымкент каласы Черняев қаласы деп өзгертілді. Оңтүстік облысында орысша атаулар да ене бастады. Солардың кейбірі Белые Воды, Зеленая Балка, Приречная, Черная речка, Минеральные воды, Старый Чанак, Темирлановка т.б.

Облыстың ежелден қалыптасқан ойконимдік жүйесіне орыс тілінің әсері төмендегідей болды:



1) елді мекен атауларын жасаудағы орыс тілді апеллятивтердің
қолданылуы: Белые воды, Минеральные воды, Черная речка, Зеленая балка. Бұл атаулар воды (сулар), речка (су, езен), балка (сай, өзек) орыс тілінің географиялык апеллятивтерінің катысуымен жасалғандығын көреміз;

  1. қазақ атауларының орыс тілінің топоним жасаушы моделін қолдану нәтижесінде өзгеруі, орыс тілді форманттарды қабылдауы: Темирлановка: Темірлан+овКа; Задария. За+дария; Забадам: За+бадам..

  2. орыс тіліне түгелдей немесе жартылай аударылған - сын есімді қазақ ойконимдері: Қарасу – Черная речка, Черные воды; Аксу -Белые воды; Ескі Шанақ - Старый Чанак; Ескі Шілік - Старый Чилик; Ескі Иқан - Старый Икан.

Алайда Оңтүстік аймақтың ойконимдік жүйесіне патша үкіметінің отаршылдык саясаты Қазакстанның солтүстік, батыс, орталық аймактардағыдай қатты, түбегейлі әсерін тигізбеген. Яғни орыс тілді хутор, село, деревня т.б. сынды ойконим жасаушы апеллятивтері бар атаулар зерттеліп отырған аймақта кездеспейді. Сондықтан, салыстырмалы түрде, Оңтүстік өлкедегі елді мекендердің ежелгі атаулары мен кейін жасалған атаулар арасында тілдік, тарихи, мәдени сабақтастық сақталған деп айта аламыз.

Қорыта айтарымыз, XX ғ. басындағы атау жасауға катысқан гидронимдік апеллятивтер репертуары казіргі кезең аймақ топонимикасында кең көрініс табады. Бұл да тілдік тарихи, мәдени сабақтастықтың көрінісі.



Оронимдік апеллятивтер. Оңтүстік Қазақстан территориясы жазық далаларды, шөлейт жерлерді, сонымен бірге таулы аймақтарды камтиды, яғни жер бедері, табиғи ландшафты әр түрлі болып келеді. Тау етегіңдегі құнарлы жерлер мен жазык далалар мал жайылымдарына өте қолайлы болды. Қоршаған табиғи ортанын шаруаға пайдасын. Тигізуі жаңа ономастикалық атаулардың пайда болуына көп мүмкіндік жасады. Сол себептен Оңтүстік Қазақстан топонимиясында, географиялық жалқы есімдерінде жүйелі көрініс тауып отырды. Оңтүстік өңірінде оронимдік тау, сай, көл, бұлақ, құм апеллятивтерінен және ақ, қара, сары, көк, қоңыр секілді апеллятивтер арқылы жасалған атаулар көп кездеседі (Қаратау Ащысай, Балтакел, Қарауылтөбе, Ақбастау т.б.).

Оронимдерге тән басты белгі - тау негізіне таудың сырт бейнесі (көлемі, түсі т.б.) алынады. Оның ішінде көптеген белгілердің біреуі ғана номинациялық актіге қатысып, атаудың негізі болады. Әр халық бір объектінің әр түрлі белгілерін аңғарып, оған өзінше атау береді. Сол атаулардан халықтың тілдік, мотивтік, логикалық ерекшеліктері байқалып тұрады.

Оңтүстік Қазақстандағы Боралдайтау, Бекештау, Қазығұрт, Қаратау, Саз, Қаржантау, Үлкен Тұра сияқты тау-жоталар атаулары өзіндік этномәдени ерекшеліктерімен кұнды.

Оңтүстік өңірінде де адамның дене мүшелеріне, ағза атауларына байланысты соматикалық сипаттағы оронимдік есімдерді кездестіруге болады. Мысалы: Көкірек, Жамбас, Шаштөбе, Мұрынқарақ, Белтау жотасы, Бастуайт тауы мен Тұмсыққыр, Қолсоққы, Іштармақ, Бүйрекші, Кіндіктөбе т.б. атауға болады. Аймақта әр кезде орын алған отарлау саясаты, кеңес үкіметі тұсындағы тоталитарлык саясат кезеңіндегі топонимдік жүйедегі жасанды номинация нәтижесінде пайда болған көптеген идеологиялық сипаттағы атаулар Оңтүстік Қазақстанның ертеден калыптасқан тарихи мазмұндағы көне топонимдік жүйесін түбегейлі жоя алмады. Зерттеу нәтижесінде айкындағанымыз, аймақ топонимиконының замана катаклизмдеріне қарамастан өзіндік ұлттық бет-бейнесін сақтап қалуы, атаулардағы негізінен ұлттык мазмұнның, халықтың рухани сабактастығының сақталуында болып тұр.

3 «Оңтүстік Қазақстан облысы топонимдік жүйесіне салыстырмалы талдау (1905-2005 жж. өзгерістер сипаты)» деп аталады.



3.1 Аймақ топонимдерінің салыстырмалы лексика-семантикалық классификациясы (XX ғ. басы мен қазіргі кезең).

Кезінде халқымыздын біртуар перзенті Шоқан Уәлиханов: «Көне түркі салт-сана, әдет-ғұрпынын қаймағы бұзылмаған қазактарда өмірдің бір саласын қамтитын тарихи окиғалармен байланысты жер-су атаулары, адам аттары, тағы да басқалары есте сақталып, атадан балаға жалғасып жатады» - деп, көргендікпен айтқан [43].

Кез-келген объектінің кезге ұрып тұрар мәнді белгілерінің бірі атауға негіз болып, оның қасиет-қалпын сипаттап тұрады. Сондықтан да ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға ауысып, халық жадында мәңгі жатталып қалады, сөйтіп мәңгілік творчестволық процесске айналып жатады.

Жалпы ұлттық тілдегі жалқы есімдер, соның ішінде жер-суға қойылған атаулар тілдің ономастикалык кеңістігін құрайды. Бұл өзіндік қалыптасу ерекшеліктеріне, семантикалық сипатына, грамматикалық құрылымына орай әлденеше топтарға белінеді. Осы атаулардың қалыптасуы тұрғысында ономастикалық тұжырымдар тек лингивистикалық ғана емес, сонымен қатар логикалық, тарихи, этнографиялық, географиялық, философиялық т.б. материалдар негізінде де пайда болып жатады.

Профессор Т.Жанұзақов «Қазақ топонимистерінің лексика-семантикалық классификацияға назар аударуының ең басты мәні топонимдерді лексикалык тұрғыдан топқа бөле отырып, мән-мағынасын ашу, олардың адамның іс-әрекет, тұрмысы, қоғамдық өмірмен байланысын анықтап білу болып табылады» [44] деп нақты тұжырымдайды да осыған дейін зерттеуші-ғалымдар ұсынған принцип негізінде топонимдерді төмендегідей екі үлкен топқа бөледі:



а) объектінің физика-географиялық сипатын көрсететін топонимдер;

ә) адамдардың шаруашылық, тұрмыстық іс-әрекеттері мен қоғамдық қатынастарын көрсететін атаулар.

Орыс ғалымы А.В.Суперанская былай дейді: «Атаулар семантикасы оның тілдік, сөздік және арнайы ономастикалық функциялары, стилистикалык және эстетикалық маңызы бар ақпараттардан қалыптасады. Атаулар маңызы (семантикасы) оның айқындылығының факторы, экстралингвистикалық факторы» [45].

Топонимнің семантикасы оның беріп тұрған хабарынан, атқарып тұрған тілдік және атаулық қызметінен байқалады. Тілдік тұрғыдан алғанда олар атау сөз не сөз тіркесі, біріккен, туынды сөз, т.т. болса, топоним ретінде оған экстралингвистикалык жағдайлар қосылып, семантикасы жағынан сөйлемге жуық келеді. Топоним семантикасында тілдік, экстралингвистикалык (тарихи, географиялық, мәдени, т.б.) деректер және идеологиялық бағыты тұтасып жатады. Оларды лексика-семантикалық тұрғыдан топтастырғанда осы ерекшеліктерді мұқият ескерген жөн.

Біз Оңтүстік Қазақстан облысы топонимдерін зерттеу барысында негізінен Сырдария статистикалық партиясының 1906-1908 жылдары Шымкент уезіне жүргізген статистикалық жұмыстарының есебі бойынша жасалған карта мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аймақтық бөлінісіне негізделіп жасалған 2000 жылғы картаны пайдалануға тырыстық.

Оңтүстік өңірдегі географиялық объектілердің негізі жергілікті ұлттық атауларға ие. Сонымен қатар ежелгі түркі және ескі казақ тілдерінің құрамына кіретін, мән-мағынасы көмескіленген, сондай-ақ өзге тілдер лексикасынан пайда болған топонимдер де кездесіп отырады. Мұндай топонимдердің едәуір бөлігі екі, үш, кейде төрт негізден кұралып, тұтас сөзжасамдық мәнді білдіреді.

Жалпы топонимдердін семантикасы кез-келген жағдайда адамның белгілі бір географиялық объектілерге тікелей немесе жанама қатынасын аңғартады, сол объектілердің ішкі не сыртқы қасиеттерін, сипатын танытып тұрады. Сөйтіп, лексика-семантикалық классификация топонимдердің маңызы мен мәнін аша отырып, адамның табиғат пен қоғамдык өмірге ара қатынасының дәрежесінен молынан хабардар етеді. Осылай десек, халық өмірінің әр кезеңдерінде пайда болған мәдени құбылыстар мен өзгерістердің өмірге жаңа топонимдер әкелетінін, сөйтіп топонимдер жүйесінің берік қалыптасуы мен қызмет етуіне ықпал жасап отыратынын бағамдауға болады.



Сонымен, біз зерттеуімізде Шымкент уезінің (1906 ж.) топонимдік жүйесінде темендегідей лексика-семантикалық топтарын айқындауға тырыстық:

1. Семантикасы күнгірт топонимдер: елді-мекен Туркістан, Отырар,
Қазығұрт, Шәуілдір, Ұранғай, Созақ, Сайрам, Састөбе, Рақпантау, Манкент, Қармыс, Ленгір, Хантағы, Масат, Тоғанас, Дербісек, Ордабасы, Отар, Бөген, Түрбат, Қалаш, Бүргем, Бузай, Көкібел, Шабырлы, Бажы, Шағыр т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет