Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет15/60
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#18776
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
Байланысты:
сөйлеу

Дей - аффиксi -ген есiмшесiмен бiрiге отырып, егер сөйлемде пысықтауыш қызметiн атқарса, өзiнiң мағынасы бойынша орыс тiлiндегi «как будто» сөзiне сәйкес келетiн туынды сөз жасайды. Шопандар «естiп отырсың ба?» дегендей бiр-бiрiне жымиысып қойды (Қ.Жумадiлов). Ойдағы Сибанның Торсанға қарсылары жаманшұбарлықтармен аса дос болып, қыс соғымын бiрге жесiсiп, жаз қымызын бiрге iшiсiп дегендей, айты -тойы бiрге болып жүрдi (С.Мұқанов). Келтiрiлген мысалдардан көрiп отырғанымыздай, «дегендей» сөзi әр түрлi мaғыналық реңкте жұмсалады: бiрiншi мысалда «дегендей» сөзі өзінің лексикалық мағынасын әлсіретіп, өзіl тіpкeскен сөздің шылауында көмекшілік қызмет атқарып, «сияқты еді» деген мағынада жұмсалады; екiншi сөйлемде «дегендей» өзiнiң лексикалық мағынасын толығымен сақтап, «тура» деген мағынада пысықтауыш қызметінде қолданылған.

Де тұлғасы -п, -й, -гелi аффикстерi арқылы eтістіктен жасалған көсемше тұлғалардың ерекше қатарын құрайды. Бұл жөнiнде жеке тараушада тоқталдық. Шын мәнiнде, көсемше тұлғалардың iшiнде дептің синтаксистiк қызметi түркiтанушылардың назарын бұрыннан аударып келедi. Н.Т.Сауранбаев: «қазақ әдеби тiлiнiң дамуына байланысты деп өте жиi қолданысқа ие болды. Аудармашылар, сондай-­ақ басқа да авторлар оны басым түрде қолданатын болды. Орыс тiлiндегi қосымша бағыныңқы сөйлемдердi, төл сөз бен төлеу сөздердi аударған кезде аудармашылар деп – тің көмегіне көп сүйенедi» [33,198], деп орынды атап өттi.

-й-ге бiтетiн көсемше. Көсемшенiң бұл тұлғасында сөйлеу кезiнде аяқталмайтын, керiсiнше негiзгi әрекетпен бiр мезгiлде басталатын процесс етiстiкпен белгiленедi [27,319]. Сонымен қатар тұлғалы де етістігі үш жақта жiктелiп, қосымша мағына үстейдi: ic -әерекеттiң қайталануы, сөйлеушiнiң күмәні немесе болжамы сияқты экспрессивті мағыналарды қосып алады.



Бекболат тыңдап отырып: - Қала бiр бұзылған жер ғой, - дей бердi (Ж.Аймауытов). Демек, Надя eкi қоянды бiр оқпен атып алды дей бер (Қ.Жұмадiлов). Елден кеткелi жетi-сегiз жыл болды дейсiң (З.Ақышев).

-й-ге бiтетiн көсемше күрделi етістіктер (дей бер), ашық рай (дейсiң), есiмшелер (дейтiн) құрамына кiретiндiгi келтiрiлген мысалдардан көрiнiп тұр. Бiрiншi сөйлемдегi көсемше тұлғалы дей күрделi eтicтік құрамына кiрген сөйлеу әpeкетіне, дүркiн-дүркiн қайталанғандығын бiлдiредi. Екiншi сөйлемде дейсің сөйлеу әрекетiне экспрессиялық мағына үстейдi. Үшiншi сөйлемде сөйлеу ерекетiн бiлдiрмейдi, тек экспрессия қосу үшiн жұмсалған. Төртiншi, бесiншi сөйлемдердегi есiмшелер (дейтiн) таза шақтық мағынада, яғни ауыспалы шақта тұрғандығын көрсетедi. Сонда де етiстiгiнiң семантикалық ортақ мағынасы әр түрлi формаларға енуiне байланысты өзгеріп, грамматикалық мағынаға көшеді.

Eтістер. Eтістер iшiнде едәуiр көбiрек қолданылатыны ортақ eтicтep. Көреткiшi -с аффиксi болып табылатын eтіс бiр ғана адам емес, eкi немесе бiрнеше адам iстеген әpeкeттi бiлдiредi. Қазақ тiлiнiң нақты материалы көрсеткендей, де+ ортақ eтiсiнe - iп аффиксi жалғануы арқылы болжалдау мaғыасындағы күрделенген тұлға жасалады.

Жарин деген комиссармен қызы тамыр болған десiп жатты (Ж.Аймауытов)

. -Апырай, осы нәрсе манадан берi бiздiң ойымызға не қып келмеген?!-десiп жiгiттер қуанысып қалды (Қ..Жұмадiлов).

Осы сөйлемдерде байқалғанындай, ортақ eтic формасында келген де -iп аффиксiнiң көмегімен әрi болжалдық мағынаға ие болса, әpi ортақ eтic мағынасын сақтай отырып, қосымша сөйлеушiлердiң эмоциясын бiлдiретiн модальдық реңктi жамап алды.

Осы айтылған жайлардан төмендегiдей тұжырым жасауға болады:

де-, те-, тi-, дi-, ди- барлық түpкi тiлдерiнде қолданылады әpi ең көне және байырғы eтicтiк болып табылады;

- де eтicтiгi (көне жазба ескерткiштерiнде) айтылу, хабарлау қызметтерiн дербес атқарады, сонымен бiрге автор сөзiнiң құрамында бөгде сөз бар екендiгiн көpceттi;

- де етістігі қазiргi түркіi тiлдерiнiң бiрқатарында белгiлi бiр өзгерiстерге түсті: айту, деу, қауесеттеу, дауыстау жене т.б. етістік ретiндегi дербес мағынасын жоғалтты;

- қазақ және басқа да түркі тiлдерiнiң нақты материалдары көрсеткендей, де етістігі мен оның мәнiн алдында немесе артында тұрған сөзбен байланыстырып қана бiлуге болады. Сондай-ақ кейбiр түркі тiлдерiнде де етістігі баяндауыш ретiнде дербес қолданылады. Бұлардың қатарында оғыз тобын және басқа түркі тiлдерiн айтуға болады;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет