Мәнкент - (ор. Манкент) - кала аты. Үнді-иран ман (кар) + кент (кар) сөздерінен калыптасқан атау. Қазак орфоэпиясында Мәңкент (регрессивтік ассимиляция) деп айтылады. Этимологиялык мазмұны «қамал қала» немесе «берік қала» дегенді білдіретін атау.
Леңғір - көбіне иран тілі негізіне өкеп соғады: «тұрақхана», «мүсәпірхана» мағыналарына балама болады. Иран тілі негізіндегі Лянғ+Гар (теріс қыр) ұғымына жуықтау келеді. Атаудың гер формантын Заңғар, Қалқағар, Қандағар, Талғар нұсқаларымен Қашқариядағы Терек, Лянгар және Иуляк Лянгармен салыстыра қарауға болады.
Шәуілдір - түркінің этникалық топ атауы. Чәулі тұлғасына - дер қосымшасы (көптік жалғау) жалғанған атау. Бұл атауға негіз болған этноним Чәудір түрінде қазіргі түркімен халқының сөздік құрамында сақталған.
Шалдар - Оңтүстік Қазақстандағы мекен. Түркілердің шал>чал>жал түлғаларының фонетикалык көрінісі.
Бүркан - тау, өзен, су, елді-мекен аты. Белгілі ғалым Бартольдтің пікірінше: Бүркан деген Оңтүстік аксүйектерінің, жалпы XII ғ. тұсындағы түркілердің өктемдік атағы. Олар өздерінің даңқты басшыларын Бүрхан-әд-дин - Парвар-дигәр дейтін. Бурхан сөзі жайлы көрнекті М.Н.Мельхеев жазбаларынан да ғибрат ашуға болады. Бурхан немесе Шаман жартасы дегеніміз Байкал жағалауындағы Хүжыр поселкесіне қапталдас түрған Олхон аралының бір құзының аты, онда тас дәуірінен қалған саймандар табылған бір үңгір бар.
Арыс - өзен, қала аты. Түркі халықтарының пірі, жойқын тайпа үғымындағы сөзі. Он арыс, алты арыс, төрт арыс топтарына бөлінетін ірілі-ұсақты тайпалар тарихынан да хабар береді. Көбіне қазақ және қарақалпақ тайпаларына қатысты сөз. Негізінен этнонимдік атау арғы этимологиясы ар//ир- су, т.б. мағыналармен байланысты.
Састөбе Орта Азия және Жетісу өлкелерін зерттеген біраз ғалымдар (Н.Пантусов, А.Кун, Е.Поливанов) көңіл аударған. Осы атаулар арқылы (Састөбе - Үштөбе) олар көне түркі тілдеріндегі ч және с дыбыстарының алмасу заңдылығын ажыратқаны белгілі. Мәселен: чаш>сас>тас>таш (Чашкен - Ташкент). Бұдан шығатын қорытынды - Састөбе атауының мәнін «тастөбе» деп ұғынуға әбден болады.
Жүйнек - елді-мекен. Түбірі үйыкиюг -- көне түркі тілдерінде «шұрайлы, жақсы жер» деген мағына береді. Қазақ тіліндегі уйек сөзінің мағынасы «табиғаты тіршілікке қолайлы, күні жылы, шөбі шүйгін жер». М.Қашқари сөздігінде қысқаша түсінік береді: « Үйүк- төбеге үқсас, төбелі орын, басқа нәрселер көптігінен аяқ басқанда батып, оны суырып алу қиын болған құмдық жер». Үй+үк (етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ) - үйік (үйілген жер, төбе); үйы+қ (етістікті зат есімге айналдыратын жұрнақ) -үйық(сулы, шұрайлы жер).
Көне тұлғалы гидронимдер. Ұлттық топонимдердің негізі ерекшеліктері тек тілдік фактіге ғана емес, сонымен қатар белгілі бір аймақтың географиялық-физикалық жағдайына тығыз байланысты келетіні мәлім. Осы тұрғыдан келгенде Оңтүстік Қазақстан аймағы топонимдік жүйелерінің ішінде біздің дәуірімізге дейін атауыштық қалпын сақтап келген, көнеден бүгінге өзгермей жеткен гидронимдер үлкен тарихи мән-маңызға ие. Мұндай географиялық объектілерге қойылған атауларға ең алдымен экстралингвистикалық факторлар әсер етіп отырған. Негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпенді казак, өзен-сулы өңірлерді негізгі қоныс еткен. Өздері тұрған төңіректі ерекше әспеттеп, негізгі белгісіне орайлас лайықты атау қойған. Мұндай атаулар ұрпақтан-ұрпакқа ауыса отырып, сол мәні өзгермеген күйінде бүгінге жеткен.
Шығыс авторларының жазба деректеріне сүйенсек, аймақтың ең ірі өзені Сырдарияның Канғар деп аталғанына да көз жеткіземіз. Себебі, Сырдария өзені сол алқаптағы қала аттарынан Шам өзені, Ходжент өзеш деп атала келе, С.П.Кляшторныйдың айтуынша, VII ғасырда Сыр бойының орта ағысында қаңлы тайпасы өмір сүріп, өзен бұл тұста Канғар деген атау иеленген [38]. Бұл негіз топонимиканың жалпы құрылымы жер қойнауын мекендеген ұлыс, тайпа атауларының атымен ерекшеленетінін көрсетеді. Өзен атауындағы сыр сөзінің этимологиясы жайлы әр түрлі болжам бар.
Гидронимдік апеллятивтердің (су бұлақ, құдық, бастау, көл) қатысуымен жасалған гидроойконимдер: Қасқасу, Сайрамсу, Сарысу, Балсуат, Ақсу; Қонысбұлақ, Мыңбұлақ, Үшбұлақ, Спатай бұлақ; Үшқұдық, Сараңқұдық, Әулиеқұдық; Бастаубұлақ, Көлбастау, Шаянбастау; Төрткөл, Бескөл, Шошқакөл, Қызылкөл т.б.
Аймақтың гидронимдері, сондай-ақ түрлі тақырыптық топтар қарастырылады: өсімдік атаулары, жан-жануар атауларынан, түр-түске, сан есімге, түрлі сапалық қасиетіне т.б. байланысты қойылған.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар өзен-бұлақ атауларына түсініктеме бере кетелік:
Үшкүйік - өзен аты (Арысқа құяды) Көне түркі тілінде үш+ (үғүз) А-у/ял-сөздерінен қалыптасқан. «Күйік өзен» мәніндеп атау.
Үрбұлак - бұлақ аты. Түркі халықтарының үр-бұлак сөздерінен қалыптасқан атау. Үр үрә формалары түркі-монғол және манчжур тілдеріне әр мағынасын береді. Демек, үр/үре/урала формалары түркі тілдерінің алтай тілдері аясына кететін әр сөзінің прототипі деуге болады. Өржар/үржар.
Борықтыкөл - Шардара атырабындағы көлдің аты. Қазақша борық -саяз көлдерде өсетін тамырлы өсімдік.
Құдык гидронимдік атауы түркі тілдес халықтарда өте кең тараған сөз. Жалпы құдык атауының мәні түрлі мәнде қолданылады. Мысалы: Бал кұдык, Тұщы құдық судың дәмінің адамға да, малға да пайдалы екенін аңғартады. Шыңырау құдық - өте терең құдық, ұзындығы 70 метрден асады. Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстандағы кейбір топонимдік атаулардың айтылуы бірдей болса да, лексика-семантикалық мағыналары әртүрлі болып келеді. Мәселен: Солтүстік Қазақстан облысында сор деген сөз «құрғақ өзен» деген мәнде түсіндірілсе, Оңтүстік Қазақстанда сор, сортаң құрғақ жер дегенді білдіреді.
Қорыта айтқанда, Оңтүстік Қазақстан аймағының ежелден жеткен гидронимдік атауларында ұлттық лексика-семантикалық ерекшелік берік сақталған.
Аймақ топонимиясындағы этноним, патроним және антропонимдік лексиканың қатысуымен жасалған ойконимдер. Аймақ этнотопонимдері. Жергілікті халық ежелден тығыз қоныстанған Оңтүстік Қазақстан аймағының өзіндік тарихи-әлеуметтік ерекшеліктері бірқатар елді мекен, жер-су атауларынан да айқын аңғарылып тұрады. Осы ретте біз бұлардан осы өңірді мекендейтін негізгі ру-тайпалардың, ұлт өкілдерінің басым түсіп жататынын байқаймыз. Ру, тайпа аттарынан пайда болған жергілікті атаулар әдетте екі немесе бірнеше рулардың тоғысқан жерінде пайда болады, себебі бір рудан екінші рудың елді мекенін айыру қажеттігі туған уақытта жеке этноним пайда болады. Елді мекендер мен жер-су атауларында белгілі бір ру-тайпа атауларының кездесіп отыруы сол өңірге иелік етудегі өзімшілдіктің, енші бөлісудің көрінісін береді.
Сөз жоқ, елді мекендерге, жер-суға берілген ру-тайпа атаулары қызықты әлеуметтік-тарихи кұбылыс болып табылады. Бұлар қоғамдық кұрылымның белгілі бір кезеңдегі дамуынан хабардар етеді, ру-тайпаның ерекшелігін ұғынуға ықпал жасайды және өткен дәуірлердің бірден-бір ескерткіші болып табылады [39]. Қазақ халқының рулық-тайпалық атаулары (қазіргі ономастикадағы этнонимдер мен генонимдер) лексиканың елеулі қабатын құрайды.
Айталық, аймақта түрлі ру аттарымен аталатын жайлаулар кездеседі. Көшпелі мал шаруашылығындағы қысқы, жазғы жайылымда белгілі бір рудың атына бекітілген, уақыт өте келе сол рудың аты кейін сол жерлердің де атына айналады. Сөйтіп белгілі жерлерді ғана пайдалануды білдіретін генотопонимдер калыптасқан.
Жоғарыда аталған топонимдер кұрамындағы компоненттердің барлығы да Оңтүстік аймақты жайлаған ру, тайпа, тайпалық бірлестіктер атаулары болып табылады. Әрбір геноним сол елді мекенді өз атауына сәйкес негізінен белгілі бір рудың мекендейтінінен хабардар етеді. Біз бұған зерттеу барысында біркатар елді мекендерде болғанымызда анық көз жеткіздік. Олардың негізі Ұлы жүз бен Орта жүз руларынан құралады екен. Халық, тайпа немесе ру ішіндегі аталас туыстар қауымының дәстүрлі көшкен жолдары, жазғы жайлауы, қыстақтары, жалпы мекен еткен жерлеріне өз аталарының, руларының атын беріп отырған немесе көршілес рулар тарапынан койылып, адрестік функция атқарған.
Облыс топожүйесінің этнографиялық сипаты патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты мен Қазан төңкерісінен кейінгі Кеңестік кезеңде елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазақ халқының санасынан рулық дәстүрді өшіру үшін ру аттарымен аталатын елді мекендердің атаулары өзге топонимдерге ауыстырылды. Бодандықтың бұғауынан кұтылған тәуелсіз қазақ халкы өткен кезеңдерде жоғалып кетуге сәл қалған рулық атаулармен кайта қауышты, бірқатар елді мекендерге ежелгі атаулары қайтарылды.
Сонымен, халықтың тұрмыс-тіршілігі, рухани байлығы, мәдени мұрасы, тіпті белгілі бір кезеңдегі саяси ұстанымы да көрініс тапқан адам аттарының қатысымен жасалған топонимдерде қандай да тарихи оқиғаның, кұбылыстың, жағдайдың болмыс-бейнесі аңғарылып тұрады.
Топоним жасаушы географиялық апеллятивтер жүйесі. Есім сөздерді жалқы мен жалпыға болу - тілдің лексикалық құрамын топтастырудың дәстүрлі әдістерінің бірі. Онимдік лексика, арнайы лексиканың бір бөлігі бола тура жалпы лексикаға біршама қарама-қарсы оппозициялық қатынастағы лингвистикалық категория.
Жалпы есім атауының негізгі қызметі - белгісіз объектілерді белгілі түсініктерге сәйкестендіре отырып атау. Жалқы есімдердің негізгі міндеті -белгілі бір заттың арасынан нақты объектілерді атау.
«Апеллятив - жалкы есімдерге қарама-қарсы қойылған тілдің лексикалык корындағы кез-келген сөз. Ономастикада ономастикалық лексика (атаулар, есімдер) тілдегі жалпы лексикалык қордағы апеллятивтерге карсы қойылады. Апеллятивтердің жалқы есім қатарына өтуі онимизация деп аталады» [40].
Апеллятив сөзі негізінен латынның потеп арреllаtiуит деген сөзінен алынған, аудармасы жалпы есім болып келеді. Оним термині жалқы есім терминіне қарағанда жүйелірек келеді, себебі ол ономастика, ономастикон, онимизация терминдерімен, сондай-ақ онимдердің барлық түрлерінің атауларымен және ономастика бөлімдерінің барлық атауларымен байланысты [41].
Достарыңызбен бөлісу: |