Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік



бет5/10
Дата06.01.2022
өлшемі454,5 Kb.
#14321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-38654

World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат

Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.

Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді. Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.

Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады.Ол беттердегі мәліметті оқу «көру жабдықтары» деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.



Қолданылып отырған тәсілге қарамастан сіз гипермәтіндік файлдарда мәліметтерді іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Енді біз желіні пайдалану кезінде жұмыс істеуге тиіс Internet Explorer гравиктік браузерімен сіздерді таныстыралық. Әрине бұдан басқа да браузерлер бар, мысалы, Netscape Navigator, бірақ Windows жүйесінің басқа түрлерінде де арнаулы бірден бекітіліп берілетін ішкі браузерлер болады, олармен жұмыс істеу де ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз Internet Explorer-мен жұмыс істегіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері бір-біріне ұқсас болады.

Сонымен ҒТР-серверімен жұмыс істеуді меңгерсеңіз және Web жүйесінің бірнеше адресін білсеңіз, онда желіге кіріп жұмыс істеу қиын болмайды. Адресті білмесеңіз де, өзіңізге керекті информацияларды тақырыбы арқылы іздеу кірісіп кете бересің.

Internet Explorer немесе Navigator іске қосылса, браузер автоматты түрде, сіз араласпай-ақ, «өз» серверімен байланыс орната береді. Ал, егер де Internet Explorer жүйесімен жұмыс істейтін болсаңыз, онда бірден Microsoft компаниясының WWW сервері парағымен байланысатыңыз есіңізде болсын, оған мынандай мәлімет енгізілсе,

HTTP://www. home.microsoft.com/int/ru 1 -суретте көрсеткендей болады. Мұнан кейін «лифт» көмегімен парақтың төменгі жағына өтіп, өзіңізге керекті ақпаратты таңдайсыз. Курсорды ерекшеленген бір рет шертіңіз, браузер осы таңдап алынған жаңа мәтін бетін сіздің өз машинаңызға жеткізеді.

Біздің жағдайда курсорды «Internet-те парақты іздеу үшін осы сілтемені таңдаңыз» (выбирите данную ссылку) деген сөзгі, яғни оның ерекшеленіп тұрған үзіндісіне алып барып, мауыстың сол жақ батырмасын шертеміз. Сол сәтте браузер сіздің компьютеріңізге Internet-тегі информация іздеу жүйелерінің жиі қолданатын бірнеше адресі көрсетілген келесі парақты шығарады да, сіздің іздеу шарты көрсетілген (критерий) информацияеңгізуіңізге және «іздеу» батырмасын басуыңызды өтінеді.

Web каталогтары кітапхананың жүйелік каталогтары тәрізді жасалып, олар «спорт», «компьютерлер», «ойындар» сияқты рубрикаларға жетілген. Каталогтан өзіңізге керекті тақырыпты тауып алып, оның ішінен Web –тегі түйінді сөздер тізімінен іздеуді бастиауға болады.

Көптеген серверлердегі тізімдерде әрбір түйінді тақырып қысқаша сипатталып отырады да, одан негізгі тақырыпқа өту жолы (парақтағы емес) көрсетіліп тұрады.

Бірақ Web каталогтары мәтін парақтарының тек аз бөлігін көрсетеді, ал «дүние жүзілік өрнекте» (всемирная паутина) одан басқа толып жатқан мәліметтер жиыны бар екені түсінікті болар. Мұнда да AltaVista, HotBot немесе Lycos сияқты іздеу серверлері іске қосылады, оларды серверге өзіңізге керекті тақырыпты көрсетсеңіз, Web парақтарынан осы салаға байланысты бар мәліметтерді қарап шығу мүмкіндігін аласыз.

Іздеу процесі адамның қатысуынсыз орындалатын болғандықтан, іздеу серверлері каталогтарға қарағанда көптеген мәліметтерді қамти алады. Бірақ сіз оларды сұрыптай отырып, мыңдаған тандауыңыз қажет.

Егер сіз жалпы сипаттағы информация іздейтін болсаңыз, іздеуді Web каталогтарынан бастағыныңыз жөн.

Ал, егер сіз нақты бір сөз тіркесін іздейтін болсаңыз, мысалы, «Little girl» немесе класификатордан жалпы атауын табу қиын түсінік тіралы мәлімет іздегенде, каталогтар да онша көмек бере қоймайды. Мұндайда іздейтін серверді пайдалану қажет шығар, мүмкін біреуін емес бірнешеуін қарап шығу керек болар, өйткені әр түрлі серверлер қойылған бір сұраққа әр түрлі жауап береді. Сіздің сұрағыңыз нақты болса, іздеу нәтижесі де табысты болатыны есіңізде болсын. Бір емес, сұрағыңызға сәйкес келетін бірнеше сөз тіркесін іздеген қолайлырақ болады. Көп сөзден қашпау керек, синоним сөздер іздеп табу ісін оңайлатады.

Егер іздейтін сервер сізге толық жауап таппаса (немесе тіпті ешқандай жауап таппаса), онда сұрағыңыздың нақты болмағаны емес керекті сөз тіркестерін дәл таппағаныңыз деп біліңіз. Мұндайда басқа және қысқа сөздерді пайдалана отырып, тағы да іздеу жұмысын жүргізу керек.

Ал, егер табылған мәліметтер жүздеген немесе мыңдаған беттерге жалғасып кетсе, онда мәселең өте кең ұғымды, ауқымды болып кеткені. Қайта сұрақ қоып, нақты терминдерді пайдалануға тырысып, іздеу варианттарын шектеуге талпынған жөн.

«Өрмек» ішінде қызықты, орыс тіліінде жазылған мәтіндрер көп, сондықтан орысша әр түрлі ақпарат іздеу қажеттілігі жиі кездеседі. Бірақ тиімді жолмен керектісін жылдам іздеп табу орсы алфавитінің ерекшеліктері мен өз таптарының айрықшалықтарына қарай қиынға соғады.

Орыс алфавитін пайдалануға оның кодтарының да әр түрлілігі кедергі болады: бір мәтін КОИ-8 қолында жазылса, екіншісWindows кодын қолдану (1251) мүмкін. Бірақ орыс сөздерін латыг әріптерімен жазу әдісінің (Ruglish тәсілі деп те айтады) қосылатынын айтсақ, қиындықтың арта түсетіні өз-өзінен белгілі болады.

Осындай себептермен Желі бойынан, мысалы, Алматы туралы информация іздесек, серверге Алматы сөзін 12541 түріндегі код арқылоы енгізсек – бір түрлі жауап, ал КОИ-8 коды арқылы енгізе алсақ (ол жөнінде «Совинформбюродан» білуге болады, Http://www.siber.com/sib/russife/)-екі түрлі жауап, ала төртінші түрді Almati сөзі арқылы алуымызға болады. Ол жауаптардың кейбір қайталанатын да шығар, бірақ айырмашылығы да жетіп артылады. Кейбір келеңсіздіктен қашыө болу үшін және орысша мәтіндер, табу мақсатында CompTek фирмасының серверіне (Http://www.сti:ru/html) шығуға болады. Ол фирма орыс тіліндегі мәтін ерекшеліктерін есепке алатын іздеу жүйесін (Яндекс-тіл индіксі) жасап шығарады және жарнама ретінде өздері арқылы сұрақтарды AltaVista-ға жіберетін мәтін беттерін ашты. СompTek серверіне енгізілген сұрақтардағы сөздер автоматты түрде көбейтіліп, тек керекті информация түріне келтіріліп AltaVista-ға жөнелтіледі.

Бұл сервердің тағы бір ерекшелігі – кодтарды сәйкестендіре отырып өзгерті: бір сұрақты әр түрлі кодтар түріне келтіру үшін бірнеше рет енгізудің керегі жоқ. Бір енгізілген мәлімет автоматты түрде барлық кодқа айналады (нәтижені қарап шығу үшін тек әріпті өзгерту жеткілікті), сервердегі кодтау түрі екеу – КОИ-8 бен 1251). Басқа да кодтарда өрнектелген информациялар болғанымен, олар осы екі кодтау түріне автоматты түрде айналады.

Керекті ақпатар табылса, ары қарай барлық жұмыс АЕЗ – серверіндегі сияқты орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет