Веб парақтардағы мәліметтерді оқу “көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады, ол “to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау. Интернеттегі Web- парақтарын оқып, экранда көрсетуге арналған программалардың кең тараған түрлері Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator.
ІІ. Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу.
2.1 Ақпараттарды сақтау және презентация жасау.
Егер сізге белгілі бір веб-парақ ұнаса, және де ол парақ сізге үнемі қажет болып тұрса ол адреске белгі салып қоюға болады. Белгі жасау үшін «Избранное-Добавить в избранное» деген менюді таңдап алу қажет. Келесі кезектегі терезеден белгінің атын және белгі сақталатын папканы таңдау қажет. Мысалы сіз мынандай http://www.rubricon.ru адрестегі веб-парақты қарап отырсыз және оны белгі жасап сақтағыңыз келді, ол үшін «Избранное – Добавить в избранное» деген менюді аламыз. Онда «Добавление в избранное» деген терезе пайда болады, «имя» деген жолда веб-парақ алғашқы атауымен тұрады, оны сіз өз қалауыңыз бен өзгертуіңізге де болады. «Добавить в избранное» деген терезеде папкалар тізімі берілген, оның сәйкес келетін біреуін таңдауыңызға болады. Егер папканы таңдап алмасақ сақталатын адресіміз «Избранное» деген бастапқы папкаға жазылады. Көрсетілген папканың ешқайсысы сәйкес келмеген жағдайда жаңадан папка ашға болады, ол үшін «Создать папку» деген команданы таңдаймыз.
Веб-парақтарды сақтап белгі жасау арқылы біз кез келген уақытта қажетті адрестерді жылдам мониторға шығара аламыз. Ол үшін аспаптар тақтасынан «Избранное» деген папканы таңдаймыз, пайда болған терезеден қажетті адресті аламыз.
Егер веб-парақ сізге ағымдағы мазмұнымен ғана қажет болса ақпараттарды сақтаудың мынандай жолдары бар:
Веб-парақты толығымен сақтау.
Веб-парақ толығымен жүктелген соң аспаптар тақтасынан «Файл-Файл сохранить как» деген команданы таңдаймыз, пайда болған терезеден «Сохранить веб-страницу» командасында «Тип файла» деген жолда «Веб-страницу полностью» деп көрсетілуін қадағалау керек.
Суретті сақтау.
Веб-парақтағы суретті жеке сақтау үшін тышқанды суреттің үстінде ұстап тұрып оң жақ түймесін шертеміз. Пайда болған контекстік менюден «Сохранить рисунок как» деген команданы таңдап аламыз да қажетті папканың ішінде сақтаймыз. Егер сіз суретті жұмыс істеп отырған файылыңызға қойғыңыз келсе контекстік менюден «Копировать» деген команданы таңдап аласыз да қайтадан өз файылыңызға ауысып «Вставить» деген команданы орындайсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |