Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


  ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет11/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   199
1.4.  ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ ЖӘНЕ 
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ 
 
Біз  тек  философия  пәнінің  өзгерісі  мен  көп  түрлілігін  анықтауға 
көмектесетін  философиялық  білімнің  мәселелі  шетінің  сұлбасын  көрсеттік. 
Философиялық  білім  шеңберінде  бастапқы  кезеңдерінен  бастап  жіктелу 
басталды,  соның  нәтижесінде  этика,  логика,  эстетика  сияқты  философиялық 
пәндер  шықты  және  ақырындап  келесі  философиялық  білімнің  бөлімдері 
жасалды:   
онтология – болмыс туралы, барлық заттардың алғашқы бастамасы туралы, 
тіршілік  етудің  критерийлері,  тіршілік  етудің  жалпы  қағидаттары  мен 
заңдылықтары туралы ілім;  
гносеология  –  таным  табиғатының  мәселелері  және  оның  мүмкіндіктері 
зерттелетін,  білімнің  шындыққа  қатынасы,  білімнің  дәйектілігі  мен 
ақиқаттылығы шарты шығатын философияның бөлімі;  
аксиология  –  құндылық  табиғаты  және  құрылымы,  олардың  өмірдегі  орны, 
құндылықтардың өзара байланысы туралы ілім; 


16 
 
праксеология  –  адам  және  дүние  арасындағы  практикалық  қатынас,  біздің 
рухымыздың  белсенділігі,  адамның  мақсатты  тұжырымдау  және  іскерлігі 
туралы ілім;  
антропология – адам туралы философиялық ілім;  
әлеуметтік  философия  –  қоғамның  өзіндік  ерекшеліктерін,  оның 
өзгерістерін  және  болашағын,  әлеуметтік  үрдістердің  логикасын,  адамзат 
тарихының мазмұны мен бағытталуын сипаттайтын философиялық бөлім; 
этика  –  зерттеу  нысаны  мораль,  адамның  мінез-құлқы  болып  табылатын 
ежелгі теориялық пәндердің бірі; 
 

эстетика  –  адамның  дүниені  эстетикалық  тұрғыдан  ұғынып-түсіну 
заңдылықтары  туралы,  әсемдік  заңдарын  арқау  еткен  шығармашылықтың 
мәнісі мен формалары туралы ғылым.
 
Бұл  бөлімдер  бір  бірлерімен  түйістірілмейді,  бірақ  өзара  тығыз 
байланыста. 
Философияның  қоғамдағы  ролі  мен  орны  оның  атқаратын  қызметтерімен 
анықталады,  біз  оның  адамдарға  және  олардың  жан-жақты  пәндік  әрекетіне 
ықпалын  түсінеміз.  Ол  ықпал  кең  мағынада,  адамның  ойлары  мен  әрекетіне, 
сонымен  де  негіздемелеріне,  ынталандыруы  мен  бейімделуіне  ықпал  ретінде 
шығады. Философияның қызметтері көп қырлы. Философияның негіз болатын 
қызметі  –  әмбебап  мәдениетті  айқындау  және  олардың  философиялық  білім 
жүйесінде  көрініс  алуы.  Мәдениеттің  көп  жақтығы  ауыз  әдебиетінде,  өнерде, 
дінде, этикалық ілімдерде бейне, тұспалдау, мысалдау арқылы, яғни логикалық 
жүйелілік  пен  кеңдік  ақпараттық  формада  тиянақталған.  Философия  олардың 
мағынасын  категориялар  жүйесінде  көрсетеді,  шындықты  рухани  жаңғыртуда 
және  оның  құрылымын  жасауда  кең  мүмкіндіктерді  қамтамасыз  етеді.  Ол 
философияның  кейбір  қызметтерді  орындау  үрдісінде  жүзеге  асады.  Олардың 
ішіндегі маңыздылары:   
- дүниетанымдық  –  шындық,  оның  жүріс-тұрысы  мен  іс-әрекетінің  бейнесі 
туралы адамның жан-жақты түсініктерін қалыптастырудан тұрады; 
- гносеологиялық  –  дүниені  тануда  жалпылама  көріністі  тудырудан,  объект 
және  субъекттің  танымдық  қатынасындағы  қағидаттарды  тұжырымдаудан, 
ғылыми таным мен логикалық ойлаудың жалпылама әдістерін дайындаудан 
тұрады;  
- методологиялық  –  таным,  тәжірибе  және  байланыс  саласындағы  адамның 
әрекеттерінің  тиімді  бейнесі  туралы  түсініктерді  философия  шеңберінде 
жасаумен байланысты; 
- аксиологиялық  –  адамдардың  құндылықтық  бағытталуын  түпкі  теориялық 
негіздерін,  олардың  адамгершілік  және  эстетикалық  мұраттарын,  дүниеде 
іс-әрекеттердің рухани реттеушілерін сыни талдауға бағытталған;  
- праксеологиялық  –  оның  адамдардың  тәжірибелік  әрекеттеріне  жанамалық 
әсерінен, олардың әлеуметтік мақсаттары мен мұраттарын анықтаудан, жеке 
және ұжымдық әрекеттердің құралдары мен әдістерін таңдаудан көрінеді;  
- сыни  –  философия  арқылы  қателіктерді,  догмаларды  және  ескірген  ойлау 
таптаурындарды айқындаудан тұрады;  


17 
 
- болжамалы – философия арқылы табиғи ұйымдар мен қоғамдардың мүмкін 
қалпын  бейнелейтін  түсініктерді,  адамзаттық  әрекетте  және  жаһандық 
үрдістердің  әр  түрлі  салаларындағы  оқиғалардың  дамуы  беталысын 
айқындаумен байланысты. 
Қоғамдық  сананың  формасы  ретінде  философияның,  оның  мазмұны  мен 
қызметтерінің  ерекшелігін  ашу  адамның  дүниеге  және  өз  өзіне  деген  өзіндік 
қатынасын  анықтауға  көмектесетін  философиялық  жағдайды  дүниетанымдық 
бағдарларға  ауыстырудағы  маңызды  жағдай  болып  табылады.  Философия 
пәнінің  тарихи  өзгерісін  зерттеу,  философияны  мифологиямен,  дінмен, 
ғылыммен,  өнермен,  дүниетаныммен  салыстырғанда  философия  олар  адамзат 
мәдениетінің феноменіне сай келмейтініне қорытынды жасауға болады. Ол тек 
біз  философиямен  айналысқанда  ғана  бар.  Философия  ол  философиямен 
айналысу  (М.Хайдеггер).  философиялық  ақиқат  ол  мәнісі  бойынша  дүниедегі 
адамның қатынасуы ақиқаты.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет