Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


  ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ



Pdf көрінісі
бет13/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   199
 
1.6.  ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ 
 
Философия  мәдениеттің  барлық  элементтерімен  тығыз  өзара  байланыста 
болады.  Мәдениеттің  жүйелілік  сипатамасы  өзінің  элементтеріне  қатынасы 
бойынша  біріктіруші  болып  табылып,  ондағы  компоненттерінің  болуын 
болжайды.  Мәдениеттегі  осындай  біріктіруші  байланыстар  біріншіден,  осы 
қоғамда  үстем  ететін  құндылықтар  жүйесі  арқасында,  екіншіден,  адамзаттың 
интеллектуалдық  дамуы  мен  ғылым  жағдайының  нақты  кезеңдеріне  тән 
дүниенің бейнесіне, және де үшіншіден,  ғылыми ойлау стилі арқасында пайда 
болады.  Мәдениеттің  рухани  жүйесіне  ене  отырып  философия  оның  барлық 
компоненттерімен  өзара  байланысады,  әсіресе  зерттеу  пәні  болып  адам 
табылатын ғылымдармен байланысы өте зор.  
Медицина ғылымындағы қазіргі кездегі зерттеулер медицина теориясының 
тек  табиғи-ғылыми  білімдеріне  ғана  сүйенбейтінін  сипаттайды.  Жүйке-
психикасының  бұзылуының  көбеюі,  соматикалық  аурулардың  психогендік 
механизмін  айқындау,  терапевтік  әсерлердің  тұлғалық факторлерге  тәуелділігі 
және  басқа  факторлар  адам  ағзасы  өмірі  мен  оның  патологиясының  мәндерін 
түсіну  барысында  кең  ауқымды  тәсілдерді  қажет  етті.  Сондықтан  да 
медицинаның  базисін  кеңейту  үшін,  оны  жаратылыстану  және  гуманитарлық 
білімдермен  қатар  түсіндірме  құрылыстарға  енгізуге  заңды  беталыс 
айқындалды.  Осылайша,  қазіргі  жағдайларда  медициналық  теорияның 
философиялық білімдерге тәуелділігі артады.  
Бүгін  медицинаның  барлық  мәселелерін  шешу  үшін  табиғи-ғылыми 
негіздер  жеткіліксіз.  Сондықтан  да,  біріншіден,  табиғи-ғылыми  негіздер 
шегінен  медицинаның  когнитивтік  негізін  кеңейту  қажет,  және  екіншіден, 
аксиологиялық  (құндылықтық)  мәселе  медицинада  ерекше  орын  алады. 
Медицинадағы  құндылық  мәселесінің  екі  қыры  бар:  1)  медицина 
әдіснамасының  аксиологиялық  жанамалық  мәселесі  ретінде,  2)  денсаулық, 
сырқат және сауығу, сақтандыруды әлеуметтік жанамалық мәселесі ретінде. 
Егерде  философияның  негізгі  сұрағы  төрт  негізгі  философиялық 
мәселелердің  –  психофизиологиялық,  онтологиялық,  гносеологиялық, 
аксеология-праксеологиялық  жиынтығы  деп  қарастырсақ  осы  төрт  негізгі 
философиялық мәселелерде адамның табиғатының негізгі қырлары қамтылады. 
Олардың барлығы бір деңгейде маңызды, бірақ зерттеу мақсаты мен теориялық 
қарастыруға  байланысты  осылардың  біреуі  өзіне  басқаларын  бағындырып 
негізгі  болып  табылады.  Медицина  саласында  жоғарыда  айтылған 
философиялық  мәселелердің  ішіндегі  адамды  индивид  ретінде  қарастыратын 
психофизиология негізгі болып тұрады. Медицина теориясының философиялық 
негізі  ретінде  адам  табиғаты  тұжырымдамасын  қарастыру  қажет,  ол 
психофизиологиялық  мәселені  қазіргі  кездегі  диалектикалық-материалистік 


21 
 
және  адамның  әлеуметтік-биологиялық  бірлік  туралы  ережені  логикалық  өзек 
ретіде  қамтитын  шешімге  негізделеді.  Қазіргі  кездегі  философияда 
психофизиологиялық  мәселе  тұлға  теориясына  ауысады,  нақтырақ  айтсақ 
биологиялық,  психологиялық,  әлеуметтік  феномен  ретінде  адам  туралы 
білімдер  жиынтығын  қамти  отырып  тұлға  мен  ағза  мәселесі  қатынасына 
ауысады,  және  адамды  түсінуде  әр  түрлі  тәсілдердің  бірігуін  ұсынады.  Тұлға 
теориясының  жинақталғын  сипаттамасы  медицина  мен  философияның  өзара 
байланысының  түйіні  ғана  емес,  сонымен  де  көптеген  зерттеулердің 
антропологиялық жинақтаудын орталығы ретінде шығарады.   
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет