Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет18/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   199
Ведалық дүниетаным – ритуалдарға, әдеп-ғұрыптарға негізделген күрделі 
мифологиялық  көзқарастар  жиынтығы.  Ол  әрдайым  дамуда  болған. 
Мифологияға  тән  политеизм,  антропоморфизм,  ашық  құдайлар  жүйесі 
ведаларда  да  орын  алған.  Бұл  дүниетанымның  маңызды  түсінігінің  бірі  – 
сансара  ілімі.  Үнді  діни-мифологиялық  сенімі  бойынша  адам  табиғаттың  бір 
бөлігі.  Табиғаттағы  барлық  заттар  сияқты  адам  да  денеден  және  мәңгі  рухтан 
тұрады.  Сансара  ілімі бойынша  дене  өлген  соң,  рух басқа  денеге  көше  алады. 
Мұндағы  маңызды  мәселе  –  мәңгілік  мәселесі,  мәңгі  жойылмау  туралы  пікір. 
Туу  және  жойылу  заттардың  мәнін  қамтымай  өтеді,  олардың  тек  сыртқы  түрі 
өзгеріп отырады. 
Үнді философиясында карма және мокша ілімдері де болды.  Карма қайта 
туу  доктринасын  толықтырады.  Карма  тірі  жандардың  жасаған  іс-әрекеті  мен 
қылықтарының,  қадамдарының  жалпы  жиынтығы  арқылы  оның  қайта  тууын 
анықтайды.  Рухтың  заттан  затқа,  денеден  денеге  көшу  тізбегі  шексіз  бола 
бермейді.  Адам  имандылықпен,  дхарма  заңымен  өмір  сүрсе,  діни  ережені 
ұстанса, рухтың Брахманға (Абсолют) айналуына жол ашады. Рух қайта туудан 
құтылғанда  мокшаға  қол  жетеді.  Мокшаға  жету  –  бұл  мақсатқа  жету,  яғни 
азаптан құтылу, себеп-салдар заңымен көшіп, рухтың жиһан кезуден құтылуы 
болып табылады. 
Ведалық  гимндерде  жалпы  принципті  іздеу  мәселелері  де  қойылаған. 
Ондай  принцип  ретінде  универсалдық  ғарыштық  тәртіп  жарияланған.  Ол  – 
бейнесіз, денесіз және барлық нәрсенің үстінен үкім жүргізеді. 


26 
 
Ертеректегі  теорияларда  нағыз  болмыс  және  бейболмыс  немесе 
құбылыстар дүниесі бар деп түсіндірілген. Нағыз болмыс  «сат» деген атаумен 
белгіленген.  Бейболмыс  «асат»  деп  аталған.  «Асат»  тәртіпті  бұзушы  күштерді 
қабылдайды.  «Сат»  хаосты  тәртіптеуші  заңдарға  сүйенеді  және  космосқа 
айналады. «Сат» пен «асат» біртұтастықтан пайда болған. 
Ведалық  мифологияда  «Бхагавадгита»  тексттерінің  маңызы  үлкен.  Бұл 
кітаптарда  Кришнаның  эпостық  батыр  Арджунаға  айтқан  діни-философиялық 
ақыл-кеңестері  орын  алған.  Батырлар  алдында  өмір  және  өлім  мәселелері, 
болмыстың мәні және маңызы, еркіндік пен іс-әрекет, идеал, міндет ұғымдары 
жайлы  түсініктер  қарастырылған.  Ешқандай  мақсатты  көздемей,  өз  тілектерін 
ескермей, шешім жасау әрекеттері уағыздалады. Мұндай күйді практикада йога 
мектебінде кездестіруге болады. Йогтардың мақсаттары - өз денелерінен рухты 
босату, Атмана-Брахма күйіне ұмтылу, яғни әлемдік біртұтастықпен бірігу. 
Веда әдебиетінің аяқтаушы кезеңін упанишадалар құрайды. «Упанишада» 
сөзін аударғанда ұстаздың қасында отыру, ұстазды тыңдап отыру деген мағына 
береді. Шығыс дәстүрінде ұстаздың ролі аса маңызды болған. 
«Ригведалардың»  философиялық  бөлімдері  мен  алғашқы  упанишадалар 
ежелгі  үнді  философиясының  дамуында  өте  маңызды  орын  алды.  Бұл 
мұраларда тұтастық туралы, әлемнің жаратылуы туралы, Пуруша (әлемдік рух) 
туралы, космостық аптап туралы ой-пікірлер жазылған. Дәл осы шығармаларда 
Брахман,  дхарма,  карма,  мокша  ұғымдары  мен  концепциялары  түзілді, 
космология, эсхатология (ақыр заман), теология, сотериология (құтқару туралы 
ілім), болмыс, таным, реалдылық мәселелері қарастырылды. Бұл шығармаларда 
жанның  жиһан  кезуі  тұжырымдамасы,  зұлымдықты  жеңудің  практикалық 
жолдары ұсынылды. Сезімдік дүниеге тәуелділік азап шегудің бірден-бір себебі 
екені туралы айтылған. Азап шегуден құтылу жолдары көрсетілген. 
Упанишададағы  негізгі  идея  –  жалпы  тұтастықты  мойындау,  әлемнің 
негізінде  абсолютті  бастау  бар  екенін  мойындау.  Бұл  бастау  –  Брахман.  
Брахманның екі бейнесі болады: денелі және денесіз. Брахман  – бұл дүниенің 
рухани  бастауы,  ол  адамның  рухани  мәні  –  Атманмен  бара-бар.  Жердегі 
жаңадан  туып-өліп  жататын  тұйықталған  тамұқтан  арылу  үшін  адам, 
упанишадтар  бойынша,  өзінің  жан-дүниесінің  (атман)  даралығы  туралы 
брахманмен бірлікте ой тұңғиығына шомуы керек. 
Упанишадалар  негізінде  Үндістанда  пайда  болған  барлық  немесе  барлық 
дерлік  бұдан  кейін  пайда  болған  философиялық  ағымдар  үшін  негіз  болып 
табылады, өйткені онда ұзақ уақыт бойына Үндістанның философиялық  ойын 
«қоректендірген»  идеялар  қойылып,  өңделді. Ежелгі  үнді  философиялық 
мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз (3 кестені қараңыз). 
  Жайнизм  —  көне  Үнді  философиясының  маңызды  бағыттарының  бірі, 
аттары  аңызға  айналған  24  тақуа-тиртханкар  дамытқан.  Олардың  соңғысы  — 
біздің  дәуірімізге  дейінгі  VІ-V  ғасырларда  өмір  сүрген,  Джина  немесе, 
Жеңімпаз  деген  атқа  ие  болған  ойшыл  Махавира  болды.  Жайндардың 
көзқарастарында  олардың  өмір  сүрген  кезендеріне  байланысты  ерекшеліктер 
болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса - тірі 


27 
 
мақұлықтардың  ешқайсынының  өміріне  зиян  келтірмеу;  астейя  -  ұрлық 
жасамау; сатья - шыншылдық; апариграха - үйірсектікке тиым салу. Махавира 
бұл  тиымдарға  бесіншісін  -  брахмачаръя  -  некеден  бас  тартуды  қосты.  Жайн 
монахтары ұстанулары тиіс осы тиым салулар екі мың жарым жыл бойы қатаң 
сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс. 
Уақыт  өте  Махавираның  жолын  қуушылар  екі  бағытқа  бөлінді: 
дигамбаралар («ауа киіндіргендер») және шветамбаралар («ақ кигендер»). 
Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және 
одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты субстанцияны бөліп 
көрсетті:  1)  джива  -  тірі,  жан,  рухани  субстанция;  дживалардың  саны  шексіз 
көп;  2)  зат;  3)  кеңістік;  4-  және  5)  қозғалыс  пен  тыныштықты  бейнелейтін 
дхарма мен адхарма; 6) уақыт. 
Жайндардың  пікірінше,  субстанциялар  мәңгі  және  өзгермейді,  өзгеретін 
олардың  көріністері  ғана,  заттан  басқа  субстанциялар  бөлінбейді  және 
формалары жоқ, яғни, олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді 
және  денесіз.  «Тірі»  болып  есептелетін  дживадан  басқа  субстанциялар  «тірі 
емеске» жатады. 
Бұл  субстанцияларды  қысқаша сипаттасақ, барлық субстанциялар оларды 
өзіне  сиғызатын  кеңістікте  өмір  сүреді.  Кеңістік  үздіксіз,  бірақ  адам  оны  көз 
алдына  елестете  алуы  үшін  жайндар  оны  сансыз  көп  идеалдық  бірліктерге  – 
прадешаларға бөлінеді деп түсіндіреді. Жайндар шексіз кеңістікті екіге бөледі: 
көрінетін  әлем  кеңістігі  —  «дүние»  (лока)  және  «дүние-емес»  (а-лока), 
соңғысына көрінетін кеңістік пен прадешалардың шексіз саны кіреді. 
Зат,  жайндардың  түсінігінде,  ұсақ  және  бөлінбейтін  бөліктер  атомдардан 
тұратын, бірігетін және ыдырайтын, сезілетін, формасы бар, белсенді, әр түрлі 
қасиеттерге ие, қозғалыста болып отыратын субстанция. Оның алты күйі бар: 
стхула-стхула - «өте дөрекі», яғни қатты заттар, стхула - «дөрекі», мысалы, 
сұйықтар; 
стхула  -  сукшма  —  «дөрекі-нәзік»,  мысалы,  көлеңкелер  және  айнадағы 
бейнелер; 
сукшма-стхула — «нәзік-дөрекі» көзге көрінбейтін газдар, иістер; сукшма 
«нәзік», ешқандай сезім мүшелері қабылдамайтын карма, энергия; 
сукшма-сукшма - атом секілді «өте нәзік» зат. 
Уақытты  субстанция  деп  тек  қана  дигамбаралар  мойыңдайды,  ол  барлық 
субстанциялардың  барлық  көріністерінің  әлемдік  кеңістікте  пайда  болуының, 
өмір сүруінің және жойылуының негізі ретінде қарастырылады. 
Адам және оның өмірі мәселесін шешуде жайнизм «өмір дегеніміз — азап» 
ұғымын  ұстанады.  Азап  —  карма  заңының  нәтижесі.  Карма  заңының  мәні 
мынада:  жеке  өмір  ағынын  құрайтын  элементтерге  бұрынғы  элементтер  мен 
адамгершілік  сипаты  бар  істер  әсер  етеді,  адамның  жақсы  немесе  жаман 
қылығы бүкіл ағында ерте ме, кеш пе, бір салдар туғызады. Жайнизм бұл заңды 
жеңуге болатынына сенімді, оны жеңетін джина (жын). Өткен өмірдегі жаман 
істерді  адам  үш  нәрсені  орындау  —  дұрыс  сенім,  дұрыс  таным  және  дұрыс 
мінез-құлық  арқылы  жеңе  алады,  бірақ  адам  азаптан  толық  құтылу  үшін  жан 


28 
 
денеден  тәуелсіз,  жоғары  тұруы  керек.  Дене  құрсауынан  шыға  алмаған  жан 
құмарлыққа, нәпсіге икем келеді де, бейнет шегеді, тері арқылы жанның ішіне 
лас заттар ағыны, өтіп, адам моральдық азғындауға ұшырайды.  
Моральдік ластанудан, азап-қасірет шегуден азат болу  – жайнизм түсінігі 
бойынша,  адам  өмірінің  мақсаты.  Оған  жету  үшін  аталған  үш  шартты 
бұлжытпай  орындап,  өз  құмарлықтарын  жеңген  рухани  ұстаздардың 
басшылығымен  таным  процесін  үнемі  жүргізіп  отыруға  міндетті.  Жайндар 
өмірді аса қатты қадірлегенін айта кету керек, олар тек адам өмірі емес, жалпы 
өмір  атаулының  бәрі  құнды  деп  есептеді,  жан-жануарлар  мен  жәндіктердің 
өміріне  де  зиян  келтірмеуге  тырысты.  Адал,  шыдамды,  өзіне  талабы  қатты, 
қоршаған дүниеден тәуелсіз, кешірімді, тірі мақұлықтарға мейірімді аскет адам 
ғана өмірдің мәніне жетеді деп тұжырымдады. 
Буддизм – Үндінің қоғамдық-саяси ойларының 
күрделі құбылысы.  Үнді тарихында Будданың келуі 
рухани-діни  өмірдің  өзгеруінде  жаңа  кезең  болып 
табылды, ал онымен жасалған діни жүйе біріншіден 
философиялық 
ілім 
ретінде 
қарастырылады. 
Азияның 
көптеген 
елдерінің 
өркениетінің 
қалыптасуына  тікелей  қатынасы  бар  әлемдік 
діндердің  ең  үлкені,  еуропа  философиясына  айтарлықтай  ықпал  жасаған, 
адамгершілік  ілімінің  түпкі  үлгісін  сыйлаған,  Құдайды  да,  жанның  мәңгілігін 
де,  ерік  бостандығын  да  білмеген  –  еуропа  дәстүріне  сәйкес  дін  және  мораль 
туралы  сөз  етуге  болмайтын  іргетасты  білмеуі.    Бұл  жерде  Құдайлар  адамдар 
сияқты  дүниені  жаратушы  болып  табылмайды,  өзіндік  ерекшелігі  жоқ  дүние 
тәртібінің әрекетіне, карма заңына бағынады және бұлжымайтын сансара заңы 
алдында  адамдармен  салыстырғанда  ешқандай  артықшылығы  жоқ.  Бірақ 
буддизм  тек  жанның  мәңгілігін  ғана  емес,  сонымен де  оның  тіршілік  етуін  де 
терістейді.  
«Будда»  -  санскрит  сөзі,  «көзі  ашылған,  сергектенген»  деген  мағынаны 
береді. Буддизм Үндістанда б.з.б. 6-5 ғасырларда этикалық тұрғыдағы көптеген 
ілімдердің  бірі  ретінде  дүниеге  келді.  Буддизмнің  шығуы  –  касталық  жүйенің 
төменгі  әлеуметтік  сатысында  тұрғындардың  брахмандардың  үстемдік  етуіне 
наразылық білдіруінің көрінісі.  
Буддизмнің өзекті мазмұны – Будданың «төрт ақиқаты» туралы өсиеттері:  
1. өмір – азап шегу, қайғы-қасірет;  
2. азап шегудің себептері бар;  
3. азап шегуден құтылу мүмкін;  
4. азап шегуден құтылуға апаратын жол бар. 
Қасірет  шегудің  психологиялық  негізі  үміт  пен  үрейдің  байланысында. 
Дамыған  буддалық  ілімдерде  азап  шегу  космостық  тұрғыдан  ашылады:  ол  – 
дхармалардың шексіз «толқыны, тасқыны». Дхарма – бұл материя мен сананың 
бірін-бірі  алмастыратын  элементтері,  заң.  Дхарма  -  өмірлік  энергияның 
тұтануы.  Қасірет  оның  барлық  жақтары  мен  кезеңдерін  қамтиды:  туылу, 


29 
 
кәрілік, дерт, өлім, заттарды меңгеру мен оларды жоғалту  – барлығы буддизм 
бойынша қасіретке толы.   
Екінші  ақиқатында  азап  шегудің  қайнар  көзі  –  тілектер,  қалаулар, 
құмарлықтар деп көрсетіледі. «Дхаммапада» тексттерінде мынадай сөздер бар: 
«Алтын теңгеден жауын жауса да, құмарлыққа тоят жоқ. Құмарлық күйзелуге 
әкеп  соғады,  одан  қуаныш  аз.  Осыны  білген  адам  –  данышпан».  Қасіреттің 
сеебебі  болып  адамның  өмірге  құштарлығы,  өзінің  сезімдік  құмарлықтарын 
қанағаттандыру болып табылады.  
Үшінші  ақиқат  –  осы  өмірде  құмарлықты  басу,  тию.  Адамның  тілектері 
адамзат әрекетінің барлық өзімшілдік себептерін қамтитын болғандықтан,  бұл 
жерде  ерікті  басу  немесе  бір  себептен  басқа  себепке  ауысу  амалынан 
көрінбейді. Ерік ішке бағытталуы қажет, сыртқы дүние заттарын біздің «Мен» 
терістеуі, дүниеге құштарлығын қиратуы қажет. «Туудың өзі – азап, қарттық – 
азап,  ауру  –  азап,  ұнамайтын  жанмен  қосылсаң  –  азап,  қалаған  нәрсеңе  қол 
жеткізбесең – ол да азап», дейді Будда.  
Төртінші  ақиқат  –  қайғы  қасіретті  жоюдың  жолы  бар.  Ол  жол  жоғарғы 
ақиқатты  пайымдауға  көмектеседі,  тыныштануға,  жоғары  білімге,  жарық 
сәулеге, нирванаға бастайды. Бұл игілікті сегіздік жол мынау:   
-  Дұрыс  сезім  –  ішкі  жан  дүниесін  жаман  сезімдерден  тазарту,  жаман 
ниеттерден, жақынға деген өшпенділіктен бас тарту. 
-  Дұрыс ой - сананы жаман ойлардан тазарту. 
-  Дұрыс тіл – тілді жаман сөздерден тазарту, өтіріктен, жаладан, қорлаудан 
және т.б. аулақ ұстау. 
-   Дұрыс  күш  салу  –  арам  ниеттер  мен  идеяларды  үнемі  басу  және  оларды 
жақсы ниеттермен ауыстыру. Ойды дұрыс бағыттау. 
-  Дұрыс зейін қою – дүниеге әбігер қатынастар және күнәлар, құмарлық пен 
құштарлықтарды  біржола  жеңгенде,  ойлар  мен  сезімдерді  жүгендеуге 
әкелетін йогадан қабылданған психотехника. 
-  Дұрыс  өмір  салты,  өмір  сүру  тәсілі  –  дұрыс  күн  тәртібі,  құмарлы 
ойындардан бас тарту.  
-  Дұрыс  іс-әрекет  –  тірі  жандарға  зиян  келтірмеу,  ұрламау,  жаман 
қылықтардан бас тарту.  
-  Жанның дұрыс тыныштығы. 
Будданың аталған сегіз сатылы жолы – рухани өрлеудің жолдары. Буддизм 
қайғы - қасіреттен арылуды тек имандылықты жетілдіруден іздеп, оған өмірден 
бас кешу, нирванаға берілу жолымен ғана қол жеткізуге болады деп түйді. 
«Нирвана»  санскриттен  аударғанда  «өшу,  сөну»  дегенді  білдіреді.  Бұл 
психологиялық күйде адамның санасы сөніп қалған шыраққа ұқсайды. Біраздан 
кейін  санада  жаңа  шырақ  жаңғандай  болады.  Сана  нұрланған  қалпына,  яғни 
«Будда» қалпына жетеді.  
 
Буддизм  жеті  ғасыр  бойы  Индияда  үстемдік  етіп,  кейін  Индиядан  кетіп, 
көрші елдерге тарады. Оның орнын индуизм басты. 
Буддизм Индияның сыртында екі бағытқа бөлінді: 


30 
 
1.  Солтүстік  буддизм  -  «махаяна»  (санскриттен  аударғанда:  «ұлы  жол», 
немесе  «кең  арба»)  –  бұл  буддизмнің  басқа  елдердің  жергілікті  діндерімен 
араласып  кеткен  түрі  («чань-буддизм»  –  Қытайда,  «дзен-буддизм»      –  
Жапонияда, ламаизм – Тибетте, Бурятияда, Калмыкияда.) 
2.  Оңтүстік буддизм – «хинаяна
» (
санскриттен аударғанда: 
«
тар жол
», 
немесе 
«тар арба». Ол Индиядан  оңтүстікке қарай жайғасқан елдерде таралды: Шри-
Ланка,  Таиланд,  Бирма,  Непал,  Лаоста.  Оны  монастырьлерде  тұратын  және 
сары киім киетін монахтар ұстанады.Бұл буддизмнің таза түрі. 
Чарвака-локаята – философиялық әдебиетте Көне Үнді философиясындағы 
материалистік деп қабылданған бағыт (локаятиктер). «Чарвака-локаята» сөзінің 
мағынасы  белгісіз.  Зерттеушілердің  бір  тобы  тарихта  Чарвака  деген  ойшыл 
болған  деп  болжамдайды,  басқа  бір  ғалымдар  бұл  ағымның  негізін  салушы 
Брихаспати  деп  есептейді,  ал  кейбір  ғалымдар  чарвака-локаятаның  болған-
болмағандығы белгісіз деген пікір білдіреді. Бірақ Көне Үнді ескерткіштерінде 
бұл  ағым  туралы  мәліметтер  кездеседі,  сондықтан  да  соңғы  болжам  негізсіз. 
Чарвака-локаятаның  материалистік  сипаты  оның  таным  теориясында  айқын 
көрінеді. Таным-праманың негізі праманаретінде локаятиктер логиқалық түйін-
тұжырымдарды  емес,  ақиқат  екендігі  күмән  туғызбайтын  қабылдауды  ғана 
мойындайды,  оның  негізі  -  түйсіктер.  Олардың  пікірінше,  адамдар  көбіне  ой 
түйіндеулерге  сенеді  де,  қателеседі,  ал  оларда  ақиқат  сирек  кездеседі,  басқа 
сенімді адамның пікірі де біз үшін таным негізі бола алмайды. 
Чарвака-локаяталар  о  дүниеге  сенбейді,  бұ  дүние  ғана  бар  және  бұ 
дүниедегі  болмыс  пен  онда  өмір  сүруші  заттар  мәңгі  және  өзгермейтін  төрт 
элементтен:  жер,  от,  су  және  ауадан  тұрады  деп  есептейді.  Сана,  ақыл  және 
сезім  мүшелерінің  негізі  де  осы  элементтер,  олар  мақұлық  дүниеден  өткенде 
ыдырайды. Локаятиктер жанның, Құдайдың бар екендігін терістейді. Олар адам 
өмірінің  мән-мақсаты  –  осы  нақты  өмірде  рахатқа  бөлену,  азап-  қасіреттен 
аулақ  болуға  ұмтылу  деп  түсінді,  яғни  чарвака-локаята  гедонизм  принципін 
ұстанды. 
Йога  –  санскриттен  аударғанда  қатысу,  бірігу,  тәртіп,  терең  ойлану, 
жаңару деген мағыналарды білдіреді. Йога – Көне Үнді ведалық әдебиеттерден 
шыққан,  философиялық  алты  ортодоксальды  ілімдерінің  бірі.  Оның  негізін 
қалаушы  болып  Патанджали  есептелінеді.  Бұл  ілім  «Йога-сутра»  кәтабында 
баяндалған.  
Көне Үндінің басқа философиялық және діни жүйелерінде сияқты йоганың 
міндеті  адамды  қасіреттен  құтқару  болды.  Бұл  міндетті  шешу  үшін  келесі 
құралдар қажет болды:  
1.  Құдайға  абсолютті  сенім,  ол  Брахма  болып  табылады.  Ол  барлығы  және 
онымен  барлық  зат  қамтылған.  Ол  –  барлық  тіршіліктің  жаратушысы. 
Сондықтан да Брахмаға қатынас мүлтіксіз сыйлы болуы қажет; 
2.  Аскетизм  тәжірибесі  -  сезімдік  ләззаттарды  басуға  не  оларды  барынша 
шектеу, жалғыздықты, тән ауруын өз еркімен өткізу. 
Йога  –  ол  адам  психикасы  мен  физиологиясын  білу  және  басқару  әдісі, 
оның  мақсаты  «Меннің»  эмпирикалық  тіршілік  етуінің  ауыртпашылығынан 


31 
 
азат  болу  жағдайына  жету  болып  табылады.  Йога  адамда  танылмаған 
күштердің  бар  екенін  және  оларды  нақты  жағдайларды  тудырумен  басқару 
мүмкіндігін  мойындайды.  Ол  қандай  жағдайлар?  Ол  біріншіден  – 
психологиялық бағытталған жаттығулар, ол адам жанының карма мен сансара 
тұзағынан құтқару. Оған жатады:  
1) асанаға жету, яғни нақты дене қалпында демді меңгеру;  
2) ямаға жету (байсалды болу);  
3) пратьяхардаға жету (сыртқы ықпалдан сезімдерді оңашалау);  
4) дхаранаға жету (ойды бір затқа немесе дене бөлігіне зейіндеу); 
5)  дхьянаға  жету  (жағымсыз  эмоционалды  көріністерді  жоюды  меңзейтін 
интеллектуалды  күш  салу,  медитациялар  және  әрекет  қабілеттілігінің 
айтарлықтай қысқаруы, босандық және безушілік жағдайда болу);  
6)  самадхаға  жету  (жоғарғы  жинақтылық  пен  үйлесімдік  жағдай,  ойдың 
тазаруы мен ашылуына жинақталу және денелік қапшықтан құтылу).  
Йога философиясының негізгі идеялары:  
Адам  психофизиологиясы  мен  Әлемдік  дене  ретінде  Ғарыштың  бірігуі; 
пракрити  дуализмі  туралы  ілім  (материалдық  негіз  бен  дүниенің  алғашқы 
бастамасы); таным туралы ілім. Ол өзіне түрлі бес рухани жағдайды қосады:  
1)  ақыл-ойдың  енжар  жағдайы,  ол  кезде  бір  объектіден  басқаға  мәжбүрлі 
қашуы;  
2) ақыл-ойдың бәсеңденген жағдайы (мысалы түсте);  
3) ақыл-ойдың қатысты тыныштықтағы, тұрақтанған жағдайы;  
4) ақыл-ойдың бір объектіге – нақты зерттеу мен ойлау пәніне жинақталуы;  
5) ақыл-ойдың әртүрлі қызметінің тоқтатылуы.  
Соңғы рухани жағдайдың екі элементі йогаға жол ашады.  
Йоганың соңғы көрнекті өкілдері болып XIX ғасырда Свами Вивекананда 
және XX ғасырда Йогананда болды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


32 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет