238
Монизм – (гр. monos – біреу, жалғыз)
философиялық бағыт, идеалистік
ұғымдарда – рух, материалистік
ұғымдарда – материя.
Монотеизм – (гр. monos біреу және
theos – құдай ) тек бір ғана Құдай бар
екендігіне негізделген сенім; осы
доктринаға негізделген сенімнің діни
жүйелері.
Мифология – (гр. mytos ― аңыз
және Iogos ― ілім) қоғамдық
сананың түрі, дүниені түсінудің бұл
архаикалық түрі біздің ертедегі
адамдар өмірінде маңызды рөл
атқарды.
Ноосфера – (гр. Νόος – сана және
σφαῖρα – орта, шар) биосфераның
жаңа жағдайға көшкен деңгейі;
адамның саналы түрде жүргізген іс-
әрекеттерінен
туындайтын
жер
сферасындағы барлық өзгерістер мен
олардың дамуын анықтайтын басты
фактор;
ғаламдағы
адамзаттың
мекендейтін аясы.
Натурфилософия
–
табиғат
философиясы,
философияның
алғашқы түрінің ойлау тақырыбы
космос болды. Түсініктің мазмұны
философия түрінің тарихи даму
барысынан өзгеріп отырды.
Номинализм ― (лат.nomen – есім,
атау) ол философиялық ағым. Жалпы
идеялар, бос сөз, жеке заттарға адам
тарапынан берілетін атаулар ғана;
шын өмір сүретін тек жеке заттар, ал
адам болса – сол жеке заттар мен
құбылыстарды ғана танып-біледі.
Достарыңызбен бөлісу: