Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет22/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   199
«И цзин» – «Өзгерістер кітабы» – бүкіл Қытай мәдениетінің қалыптасуына 
зор  әсер  еткен,  маңызын  әлі  күнге  дейін  жоймаған  шығарма.  Кейбір 
зерттеушілер  оны  қасиетті  кітап  деп  атап,  Ведалармен,  Інжіл,  Құранмен  бір 
деңгейге қояды. 
Ғалымдардың  пікірінше,  «И  цзин»  ежелден  келе  жатқан  бал  ашу 
практикасымен  байланысты  пайда  болып,  даму  барысында  философиялық 
пайымдаудың  негізіне  айналған.  Философиялық  ескерткіштердің  арасындағы 
ең көнесі болмаса да, бұл кітап Қытай философиясының бастауы болды деуге 
болады, бірақ оның түсінуге қиын мәтіндерінің мазмұны әлі күнге дейін толық 
ашылған  жоқ.  «И  цзин»  64  гексаграммалардан  тұрады,  олардың  жүйесі  үнемі 
өзгеріп  отыратын  дүниенің  64  күйі  мен  құрылымынан  тұратын,  Көк  –  Жер  – 
Адам қатынасын білдіретін ілімді құрайды деп түсіндіріледі. Шығармада Қытай 
философиясының  негізгі  категориялары  қалыптасқан,  олар  арқылы  адамның 
өзін  қоршаған  ортаға  деген  қатынасы,  кеңістік,  уақыт,  табиғи  құбылыстар, 
әлеуметтік өзгерістертуралы түсініктері бейнеленіп, Қытай қоғамының дәстүрлі 
көзқарастарының теориялық негізі қаланған деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет