Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Демокрит бойынша табиғатты сақтау циклы



Pdf көрінісі
бет39/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Демокрит бойынша табиғатты сақтау циклы  
 
Заттардың пайда болуы 
 
 
 
                  Атомдар мен бостық               Заттар мен дүниелер 
 
 
 
Заттардың жойылуы 
 
Демокриттің  натурфилософиялық  көзқарастары  көне 
грек  медицинасының  аса  белгілі  өкілі  Гиппократтың 
(б.д.д.  460  –  337  жж.)  дүниетанымының  қалыптасуына 
ықпалын тигізді. Гиппократтың туындыларын зерттеушілер 
оның  тарихи  маңызын  келесі  еңбектерінен  көреді: 
біріншіден, медицинаның өзіндік әдісі «науқастың төсегінде 
бақылау»  негізін  салды  және,  екіншіден,  адамның 
физиологиясы  мен  патологиясына  түсінуге  бастама  болған 
адамдардың  дене  бітімі  мен  темпераменттің  негізгі  түрлері 
туралы ілімнің авторы болып табылатындығы.    
Демокриттің барлығының негізінде үнемі қозғалыстағы атом жатыр деген 
идеясының, сонымен бірге адамның табиғаты  туралы ілім негізінде Гиппократ 
адамдардың  дене  бітімі  мен  темпераменттің  негізінде  адамдардың  түрлерін 
сипаттап берді: 1) сангвиник (денеде қанның басым болуы); 2) холерик (денеде 
сары  өттің  басым  болуы);  3)  флегматик  (денеде  шырыштың  басым  болуы);  4) 
меланхолик (денеде қара өттің басым болуы).     
Осылайша,  Гиппократ  медицинаға  адамның  сыртқы  ортада  қалыптасуы 
туралы,  адамдардың  психикалық  құрылымының  материалдық  пайда  болуы 
туралы, адам табиғатының бірлігі туралы ілімді әкелді.  
Көптеген  жылдар  бойы  Гиппократ  медицинаны  философиядан  ажыратты 
деп  саналды.  Дұрысырақ  айтсақ,  ол  философияны  медицина  көмекшісіне 
айналдырды,  философиялық  және  медициналық-гигиеналық  түсініктерді 
жинақтады.  
Гиппократ клиникалық медицинаның негізін салушы болып табылады. Ол 
ағзаны  мүшелердің  күрделі  жүйесі  ретінде  қарастырды.  Ағза  мен  қоршаған 
орта  арасындағы  жағдаймен,  сонымен  бірге,  емдеудің  нәтижесі  ағзаның 
қорғаныш  күштерінен  («табиғат  емдейді,  ал  дәрігер  бақылайды»)  тікелей 
тәуелділікті  бекітті.  Емдеудің  адамгершілік  негіздерін  оқып  білуде 
Гиппократтың маңызды еңбегі болып «Гиппократтың анты» табылады.   
Гиппократ  мистиканы,  діншілдікті,  қоршаған  ортаны  ғылымға  қарсы 
қабылдауды  жеңді,  осылайша,  медицинаның  ғылым  және  өнер  ретінде  әрі 
қарай дамуы үшін мүмкіндік ашты.  


54 
 
Демокриттің атомистік ілімдарін әрі қарай жағастырған 
ежелгі  грек  философы  Эпикур  (шамамен  б.д.д.  342-271/270 
жж.) болды. Эпикурдың еңбектері сақталмаған, бізге тек үш 
хаты  мен  шығармаларының  кейбір  фрагменттері  ғана 
жеткен.  Эпикурдың  ілімінше,  атомдар  –  дуниенің  алғашқы 
бастамасы.  Оларға  Демокрит  атаған  қасиеттерден  басқа 
көлем,  салмақ  сияқты  мәнді  қасиеттер  тән.  Салмақтың 
арқасында  атомдар  «құлайды»  және  жолдан  ауытқиды. 
Осындай «өздігінен ауытқитын атомдар» қозғалыстың себебі 
және  қайнар  көзі.  Солардың  арқасында  атомдар  өзара  байланысқа  түсіп, 
жекелеген денелер пайда болады. Космоста сансыз көп жекелеген әлемдер бар. 
Осы  әлемдердің  арасындағы  бос  кеңістікте  мәңгі  өлмейтін  бақытты  құдайлар 
өмір сүреді. Олар әлем және адамдар жағдайын ойламайды. Өмірге келіп және 
одан  кететіндер  тек  тіршілік  иелері  мен  жаны  ғана.  Жан  жіңішке,  жеңіл, 
домалақ және тынымсыз атомдардан тұрады. 
Эпикур  жолын  ұстап,  оның  ілімін  ары  қарай  дамытқан 
ежелгі  Рим  философы  және  ақыны  Лукреций  Кар  болды. 
Негізгі еңбегі «заттардың табиғаты туралы» Лукреций Эпи 
кур  сияқты  атомдардың  қозғалыс  барысында  ауытқуы 
материалдық денелерді қалыптастырады, ал олардың пайда 
болуы  және  өзгеріп  дамуы  қатал  себептілік  заңына 
бағынады  дейді.  Бұл  заңдылық  адам  тағдырына 
бейтараптылықпен  қарап,  олардың  қайғы  қасіретін 
көбейтеді. Осыған қарамастан, адамдар тағдырға мойын бірге 
ұсынбаулары,  керісінше,  қолдарынан  келгенше  тағдырдың 
тәлкегінен тәуелсіз болуға ұмтылулары керек. 
Лукреций  әлемдегі  заттардың  бәрі  себептілік  заңына  бағынады  десе  де 
оларда  себептілік  заңынан  басқа  жасырын  күштері  бар  екенін  мойындайды. 
Бірақ ол құдайға байланысты емес, себебі, құдай жердегі өмірге араласпайды. 
Қорыта  айтқанда,  атомистік  ілім  табиғат  құбылыстарын  табиғи 
себептермен  байланыстырып  адамдарды  табиғаттың  дүлей  күштерінен 
қорықпауға, тіршілік те құмарыңнан шығып, қуанышты өмір сүруге шақырды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет